Жұма, 11 Желтоқсан 2015

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 38-218-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы PDF Печать Email

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№ 38-218-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №44/375-V «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3452 тіркелген шешіміне сәйкес Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-218-V «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2944 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 27642552 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2838800 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 56318 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 31523 мың теңге;
трансферттер түсімі – 24715911 мың теңге;
2) шығындар – 27725137 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 326878 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 377571 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы – - 409463 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру– 409463 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 377571 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 50042 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 81934 мың тенге.».
Көрсетілген шешімнің 1,2 және 3 қосымшалары осы шешімнің 1,2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім www.maktaral.gov.kz. ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                     Э. Темірбаева

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев

 


Отанға қызмет ету - парыз PDF Печать Email

9 желтоқсан - Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасы мен «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының  үлкен мәжіліс залында  «Отанға қызмет ету - парыз» тақырыбында форум  өткізілді.  Осы халықаралық күнді атап өтудің мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жүргізу тақырыбына арналды. Форумға Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасының  консультанты С.Серікбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі, тыл ардагері Т.Досаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Асанов, қала, кент ауылдық округіндегі жас мемлекеттік қызметкерлер, бөлімдер, құқық қорғау қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орнының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Асанов жүргізіп отырды. Іс – шараның пленарлық бөлімінде Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет  істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасының консультанты С.Серікбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі тыл ардагері Т.Досаев,

  Подробнее...


Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа PDF Печать Email

9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік  қызмет істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл басқармасы мен  «Жастар  орталығы»  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан»  Жастар   қанатының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа» тақырыбында   жайдарман әзіл-сықақ   ойыны   болып   өтті. Жастардың  бойындағы   өнерге, білімге   деген   шығармашылық   ізденістерін   дамыту, жастардың   танымдық   қызығушылығын   қалыптастыру, жастар   арасында    қазақ    тілінің    дамуына   және   жандануына   үлес   қосу, жастарға сыбайлас жемқорлық түсінігін ұғындыру, талантты жастарға   қолдау   көрсету   мақсатында  қаламыздағы   Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында  өткен   ойынға   қала   мектептері   мен   арнаулы   орта   оқу   орындарынан   10 команда   қатысып,  бүгінгі   таңда   еліміздің   жастары   үшін  үлкен маңызға   ие  болған   жайдарман   ойынын   тамашалауға   көрермендер    көп   жиналды. Намысты   қолдан   бермеуге   тырысқан   әр   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізе  білді.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!