Жұма, 20 Қараша 2015

Ата-жұрт ауылындағы көше атауын өзгерту туралы PDF Печать Email

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық  құрылысы туралы»  Қазақстан  Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының  14-бабы  4)  тармақшасына сәйкес халық  пікірін  ескере  отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 15 шілдесіндегі қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Атажұрт ауылында орналасқан «Жібек жолы» көшесі  атауына  «Серік Жүнісов» көшесі атауы берілсін. 2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан  кейін күнтізбелік он  күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ауыл  округі  әкімі м.у.а: Н.Танабаев.

 


Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті PDF Печать Email

Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлық белең алып, ХХІ-ғасырдың қауіпті дертіне айналып отырғандығы жасырын емес. Ел бұқаралық ақпарат құралдарынан сыбайластықпен қаржы жымқыру, пара алумен ұсталу деген секілді оқиғаларды көзіміз жиі шалып жатады. Сондай-ақ, ресми ақпараттардан бөлек ел арасында да қаңқу әңгімелер аз емес.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың парызы. Бұл індетті жою - қоғамның әрбір мүшесінің белсенді азаматтық көзқарасымен тікелей байланысты десек артық айтпағандығымыз болар.

Осындай мақсатпен жуырда Мақтарал ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті!» атты «дөңгелек үстелі» болып өтті. Аталған іс-шарада еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы заңнамалар бойынша жалпы мағлұмат беру мақсатында баяндамалар жасалып, заңға сәйкес азаматтардың жауапкершілігі, осындай фактілер орын алған жағдайда қандай іс-әрекет жасау қажеттігі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!