Сейсенбі, 03 Қараша 2015

2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы PDF Печать Email

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

2016-2018 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабы 2 тармағына, 75-бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Мақтаарал ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті № 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 16586125 мың теңге;
салық түсімдері – 1626561 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12960 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 14936604 мың теңге;
2) шығындар – 16586776 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -50693 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 50042 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -50042 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0;
2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2016 жылға арналған резерві 24000 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. 2016 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 14936604 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2 тармағына сәйкес 2016 жылға ауылдық жерде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 25 пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлық ақылары мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған, 2016 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламаларының  тізбесі № 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі  № 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. 2016 жылға арналған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларына әкімшілік етушілердің тізбесі №6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
8. Осы шешім www.maktaral.gov.kz ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
10. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                        Э. Темірбаева

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!