Жұма, 30 Қазан 2015

Спорт бізді біріктіреді ! PDF Печать Email

2015 жылдың 29 – қазан күні Атакент кентіндегі № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар мен ардагерлер арасындағы «Спорт бізді біріктіреді» атты аудандық воллейбол турнирі болып өтті. Ардагерлер мен жастар арасында дене шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ардагер ойыншылардың жас ойыншыларға волейбол ойынының қыр – сырын үйрету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткізілген жарысқа Мақтарал ауданы әкімдігіне қарасты қала, кент, ауыл округтерінен 15 команда қатысты. Іс – шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Бейсенбаев ашып, командаларға сәттілік тіледі. Турнир ұжымдық түрде 4 + 2 жүйесімен өткізіліп, команда құрамы төрт жас және екі ардагер ойыншымен жасақталды. Ойын жалпы стандартты ережесіне сай олимпиадалық тәсілмен өткізілді. Алғашқы ойын жұптары жеребе тәсілімен анықталып, әр матч үш кезеңнен өтіп, әр матчке ұйымдастырушылар тарапынан бір төреші тағайындалды.

  Подробнее...


«Қызды қырық үйден тыю» PDF Печать Email

Жуырда  аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Шаңырақ» отбасы клубы «Қызды қырық үйден тыю» атты  тәрбиелік–тағылымдық іс–шарасын өткізу жөнінде бастаманы қолға алып, аталған іс-шара ағымдағы жылдың 12–21 қазан аралығында 1 жоғары және 7 орта арнаулы оқу орындарында ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл іс–шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастарымыз – қыз балаларының бойындағы мінез–құлық, жүріс-тұрыс, үлкендер алдында өз–өзін ұстауы, сөз сөйлеу мәнері секілді қыз балалардың бойында қазақы болмысымызға тән қасиеттердің болуын  талдау–талқылау, имандылыққа баулу, жастардың өркениетті еліміздің даму талабына сай жан–жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету, ғылым–білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Аталмыш шара Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық–техникалық колледжінен бастау алды. Кездесу алдында жастарға тақырып төңірегінде сауалнама парақшалары таратылды. Шараға тек қыз балалар ғана қатысып  қоймай, сондай–ақ, нәзік жандылар жайында  өз ой–пікірлерін білдіруге ниет білдірген ер балалар да қатысты.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!