Сейсенбі, 23 Маусым 2015

«2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-218-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі
Жетісай қаласы, 9 маусым 2015 жыл, №44-263-V

«2015-2017 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
24 желтоқсандағы № 38-218-V шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106-бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-218-V «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2944 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 26059016 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2108008 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12001 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 23929007 мың теңге;
2) шығындар – 26141601 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 303094 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 353787 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -385679 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 385679 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 353787 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 50042 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 81934 мың тенге.».
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                           М. Жайлымшиев

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                   О.Дәндібаев

Шешім Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда №3205 болып енгізілді.

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-218-V шешіміне қосымша
 
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты кіші футболдан жарыс өтті PDF Печать Email

23 маусым  - «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай  «Жемқорлыққа жол жоқ»  ұранымен Мақтарал ауданының  мемлекеттік қызметшілері арасында  2015 жылғы 20 маусым  күні Атакент кентіндегі Алпамыс Батыр   стадионында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысты аудан әкімінің орынбасары  Ә.Әбжанов ашып, қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады. Аталған шара Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылып өткізілді.           Іс-шараның мақсаты ауданда дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту, ҚР Президенттің «ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту 2011 – 2015 жылдарғы арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №1113 жарлығын жүзеге асыру, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру, ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлерді облыстық жарыстарға іріктеуге бағытталды.       

  Подробнее...

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!