Сәрсенбі, 10 Маусым 2015

Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы Бейбітшілік көшесін Сейіт Құлыншақұлы көшесі және Жданов ауылын Абылай Әлімбетов ауылы деп атауларын өзгерту туралы PDF Печать Email

2015 жылы 8 маусым күні Мақтарал ауданы Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында округтің Абай ауылындағы Бейбітшілік көшесіне сол көше тұрғындарының өтініш-тілегіне байланысты  Ұлы Отан соғысы ардагері, кеңестік кезеңде басшылық жұмыстарды атқарған, бірнеше орден, медальдармен марапатталған Сейіт Құлыншақұлының есімін беру туралы мәселесі  қаралып, тұрғындар тарапынан толық қолдау тапты.  
2015 жылы 5 маусым күні «Сырдария» жалпы орта мектебінде Жданов ауылының атауын Ұлы Отан соғысы ардагері және осы өңірдін тумасы, кеңестік кезеңде басшылық жұмыстарды атқарған, бірнеше орден, медальдармен марапатталған Абылай Әлімбетовтың есімін беріп, өзгерту жөнінде ауыл тұрғындарының өтініш-тілегіне  байланысты  мәселе қаралып,  тұрғындар тарапынан толық қолдау тапты.

 

Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!