Сенбі, 06 Маусым 2015

Мақтарал ауданы бойынша 2015 жылғы 04 маусы күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің (2-лек) негізгі көрсеткіштері PDF Печать Email

4 маусым күні өткен ҰБТ-ның 2-ші легіне Мақтарал ауданындағы 28 мектептен 662 үміткер қатысты.
2-ші лек оқушыларының орташа көрсеткіші 73,16 балл. Ең жоғарғы көрсеткіш 117 балды құрап отыр. Бұл көрсеткішті «Жібек жолы» жалпы орта мектебінің оқушысы Ақмаржан Кемел Бахабудинқызы жинады .
№ 10 мектептен 19 оқушы барлық пәннен «5-тік» бағаға лайық балл жинады, оның 11-і «Алтын белгіні» иеленсе, 3 оқушы үздік аттестатқа қажетті балл жинады.
19 мектептен 58 оқушы жекелеген пәндерден «2» алды. 143 оқушының жинаған балдары конкурстық балға жетпей қалды.
Жалпы 1-ші, 2-ші лектердің қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші 77, 24 балл. 62 оқушы «Алтын белгі», 23 оқушы үздік аттестатқа ілікті.
Мақтарал аудандық Білім бөлімі

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!