Сейсенбі, 02 Маусым 2015

Постановка на учет и очередность граждан (на 1.06.2015) PDF Печать Email
Постановка на учет и очередность граждан (на 1.06.2015)
 


Азаматтарды есепке алу және кезекке тұру тізімі (01.06.2015) PDF Печать Email
Азаматтарды есепке алу және кезекке тұру тізімі (01.06.2015)
 


Мектеп оқушылары арасында толағай жарысы өтті PDF Печать Email

Жуырда  1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында  Жетісай  қаласындағы  мектеп  оқушылары  арасында Б.Момышұлы гимназия мектебінің спорт залында «Спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық-топтық жарыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға ұйытқы болған  Мақтарал  аудандық  Жастар орталығының ұжымы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі.                    Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арсында салауатты өмір салтын қалыптастыру және белсенділгін арттыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, жастардың шығармашылық ізденісін интеллектуалдық деңгейін арттыру, спорт түрлерін және жылжымалы ойындарды өскелең ұрпаққа дәріптеу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу.

  Подробнее...


Мақталы өңір кәсіпкерлік мектебімен мақтанады PDF Печать Email

Өткен жұма күнi Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшiншi сессиясы болып өттi. Күн тәртiбiнде аудан әкiмiн тағайындауға келiсiм беру туралы мәселе қаралды. Облыс әкiмi А.Мырзахметов аудан әкiмi лауазымына Жетiсай қаласының әкiмi Жамантай Бейсенбаевтың кандидатурасын ұсынып, өмiрбаянымен таныстырды.

Сессияда аудандық мәслихаттың депутаттары облыс әкiмiнiң ұсынысын бiрауыздан қолдады.

Сессиядан соң аудан активiнiң жиыны өттi. Онда облыс әкiмi А.Мырзахметов сөз сөйлеп, аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аудан әкiмi лауазымына ұсынылған Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевтың кандидатурасын депутаттар толық қолдағанын айтты. Бұған дейiн ауданға басшылық еткен С.Тұрбековтiң ауданның әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға күш салып, өзiндiк қолтаңба қалдырғанын атап көрсеттi.

  Подробнее...


Футболдан «Супер Кубок» жеңімпазы анықталды PDF Печать Email

Мақтарал аудандық мектеп оқушылары арасында 2014 жылдың қараша айында «Жастар есірткіге қарсы» деген ұранмен басталған футболдан «Супер Кубоктің» жеңімпаздары анықталды.
Өткен біріншіліктің  жартылай финалында ойын көрсеткен 6 команда арасынан  суырылып шыққан  М. Ғабдуллин мектебі I-ші орынды иеленсе, Сарыарқа мектебінің футболшылары II-ші орынды қанағат тұтты.  Ал, Жетісай қаласындағы А. Байтұрсынов мектебінің үміткерлері  III-ші орынды қанжығаларына байлады.
Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


1-ші маусым Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы Жеңіс алаңында «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай салтанатты шара өтті PDF Печать Email

Мереке мектеп оқушыларының қатысуымен болған флешмоб пен басталды.
Шара барысында кішкентай бүлдіршіндер асфальтке түрлі борлармен сурет салып, сайысты.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» - демекші, балаларды қуанышқа бөлеу мақсатында демеушілердің есебінен 140 жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған кішкентайларға демеушілер есебінен балмұздақтар мен түрлі сыйлықтар таратылып, аттракциондар тегін қызмет етті.
Мереке соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!