Сейсенбі, 26 Мамыр 2015

Отан үшін кеудесін отқа тосқан, Әр ардагер біз үшін үлгі – дастан! PDF Печать Email

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатымен бірге,  «Жастар орталығы» мекемесінің ұжымы аудандағы онға жуық ардагерлердің үйлерін аралап, мерекелерімен құттықтап, хал-жағдайларын  сұрап шықты.   
Жас ұрпақтың өздерін іздеп келгенін көрген қариялардың жүректері жылып, қуаныш пен мақтаныштан масайраған жүздерінде бір сәт жастық нұры ойнады.   
Жалпы Мақтарал ауданының жастары бұл игі іс-шараны тек мереке қарсаңында ғана емес, тұрақты ұйымдастырып тұрады.

 


Асықата кенті оқу орындары мен мектеп аралық жайдарман финал ойыны өтті PDF Печать Email

 Асықата  кентінің  мәдениет  үйінде  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар  қанатының  ұйымдастыруымен   Жайдарман   сайысы  болып  өтті.  Көңілді  тапқырлар    сайысын «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы М.Бейсенбаев  ашып беріп, жайдарманның  жас  таланттарына  сәттілік  тілеп, ұйымдастырушыларға   алғысын   жеткізді. Ұлы Жеңістің  70 жылдығына орай  «Өткен күн тарих»  тақырыбында Асықата кенті бойынша маусымда  45 команданың ішінен 5 команда іріктеліп алынды.         Сайыс сәлемдесу, бес жаналық, үй тапсырмасы тақырыбында болды.  Жастарымыздың   асыға   күтетін   жайдарман   ойынын   тамашалауға  келген   көрермендердің  де   қарасы   көп  болды. Жеңіске   жетуді   мақсат   еткен   әрбір   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізіп, көрермендер   қошеметіне   бөленді.

  Подробнее...


Атакент, Мырзакент өңірі бойынша оқу орындары мен мектеп аралық жайдарман финал ойыны өтті PDF Печать Email

Атакент   кентінің  мәдениет  үйінде  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар  қанатының  ұйымдастыруымен   Жайдарман   сайысы  болып  өтті.  Көңілді  тапқырлар    сайысын Атакент кентінің әкімі Қ.Алиев   ашып   берді. «Өткен күн тарих»  тақырыбында Атакент, Мырзакент кенті бойынша маусымда  45 команданың ішінен 5 команда іріктеліп алынды.  Сайыс сәлемдесу, бес жаналық, үй тапсырмасы тақырыбында болды.
Жастарымыздың   асыға   күтетін   жайдарман   ойынын   тамашалауға  келген   көрермендердің  де   қарасы   көп  болды. Жеңіске   жетуді   мақсат   еткен   әрбір   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізіп, көрермендер   қошеметіне   бөленді.

  Подробнее...


Жетісай өңірі бойынша мектеп аралық финал ойындары өтті. PDF Печать Email

Бүгінде  «Жайдарман» ойыны  талантты  жастардың  басын  қосатын  және  жастардың  жақсы  көріп, сүйсіне  ойнайтын   сайысына  айналды. Сахна  мәдениеті  мен  шеберлік, сөйлеу  мәнері, ой  ұшқырлығы  сияқты  қасиеттерді  жастардың  бойына  сіңіру, өнерге  деген  шығармашылық  ізденістерін  дамыту  мақсатында   «Жастар орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұйымдастыруымен  Ұлы Жеңістің  70 жылдығына орай  Жетісай өңірі  бойынша мектеп  аралық  «Жайдарман» финал  ойындары  болып  өтті.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен «Өткен күн тарих»  тақырыбындағы  сайыс  - сәлемдесу, бес  жаналық, үй тапсырмасы сынды шарттардан тұрды. Сайысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  П.Есенбеков ашып берді. Әзілқойлар  мен  тапқырлардың  сайысын  «Жастар орталығы» КММ  директоры  М.Нұрымбетов, аудан әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы А.Бахтиярова,  «Жас  Отан» жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы  М.Бейсенбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбаева, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтарал аудандық филиалы директоры С.Кенжебаев  бағалап  отырды.    

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!