Дүйсенбі, 25 Мамыр 2015

Мақтарал аудан әкімі түлектерді құттықтады PDF Печать Email

           Бүгін Мақтарал ауданының барлық  мектептерінде  «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы болып өтті. Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы мен Мырзакент кентіндегі Абылайхан атындағы жалпы орта мектептерінде өткен кезекті іс-шараларға аудан әкімі Серік Тұрбеков қатысты. Аудан басшысы оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды атаулы оқиғамен құттықтап, түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас буынға ақ жол тіледі.
 Биыл ауданымызда 4476 түлек  11 сыныпты бітірді.Олардың 109 «Алтын белгіге» , 44 –і үздік аттестатқа үміткер.
Аудан бойынша 3917 бала қазақ , 252 –сі орыс, 221-і тәжік,  95-сі өзбек тілдерінде білім алған. Биылғы жылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 2635 бала  қатыспақ.
Ал, 9 сынып бойынша жалпы саны 551 бала бітірсе, олардың 413-і үздік аттестатқа үміткерлер.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!