Сенбі, 02 Мамыр 2015

Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
Жетісай қаласы, 31 наурыз 2015 жыл, №42-252-V

 

Мақтаарал ауданы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу
нормаларын, коммуналдық
қалдықтарды жинау, әкету,
көму және кәдеге жарату
тарифтерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының  15) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бекітілсін:
1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                           Е.Ералиев

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                   О.Дәндібаев

 

Шешім Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде №3157 болып енгізілді.

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№42-252-V шешіміне 1 қосымша

Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу
және жинақталу нормалары


Коммуналдық қалдықтар жинақталатын
объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,95
1,061

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,0

3

Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,0

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,3992

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,275

6

Емханалар

1 адам

0,275

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану орындары

1 тағам

0,0001

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автомат залдары

1 орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м²

0,2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м²

0,2

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

1,23

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,974

16

Вокзалдар, атовокзалдар, ауежайлар

Жалпы алаңы 1 м²

0,5

17

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,909

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

0,107

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,2

20

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,2

21

Кіржуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м²

0,06

22

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м²

0,06

23

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м²

0,23

24

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,0019

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№42-252-V шешіміне 2 қосымша

Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету,
көму және кәдеге жарату тарифтері

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

1.1

Жайлы үйлер

1 адам

102

1.2

Жайлы емес үйлер

1 адам

115

1.3

Заңды тұлғалардан

1 текше метр

1654

2

Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жаратау тарифтері

2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

175

1 тонна

875

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

228

1 тонна

1140

 


Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
Жетісай қаласы, 31 наурыз 2015 жыл, №42-258-V

Мақтаарал ауданының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеу және тұру
үшін келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарына
2015 жылы көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін
бюджеттік кредит беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 тіркелген және аудан әкімінің мәлiмдемесiне сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                           Е.Ералиев

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                   О.Дәндібаев

Шешім Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде №3156 болып енгізілді.

 


«Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі №30-171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
Жетісай қаласы, 31 наурыз 2015 жыл, №42-254-V

 

«Мақтаарал аудандық мәслихатының
регламентін бекіту туралы»
Мақтаарал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 сәуірдегі №30-171-V
шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №2-26-3/613 хатына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі №30-171-V «Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2679 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдедегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мақтаарал аудандық мәслихатының регламентінде:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                            Е.Ералиев

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                   О.Дәндібаев

 

Шешім Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде №3155 болып енгізілді.

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!