Сәрсенбі, 22 Сәуір 2015

Қаламызда «Жас келсе іске !» атты акциясы болып өтті. PDF Печать Email

«Қартқа құрмет - балаға міндет» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса, жазып қойған хатпен тең дегендей, өмірлері өнегеге, көкіректері шежіреге толы қарттарымыз қашанда тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы. Жалпы қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қоғамымызда қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Үлкенге құрмет көрсету, сыйлау сынды құндылықтарды жастардың бойына сіңіру, патриоттық тәрбие беру мақсатында аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жас келсе іске» акциясы болып өтті. Көмекке мұқтаж жалғызбасты аналарымызға көмек көрсету акциясына жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері мен жастар комитеті төрағалары, әлеуметтік қызметкерлер және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Ұлдар жағы қолдарына күректерін алып, бау – бақшасын абаттандырып, қыздар жағы үй жұмыстарын істеп, ауласын тазалады.

  Подробнее...


Бір тал кессең - он тал ек! PDF Печать Email

2015 жылдың 18 сәуірі бүкіл еліміз бойынша ағаш егу күні болып жариялануына байланысты аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарын тарта отырып, ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында студент жастар қала көшелеріне, әсіресе Л.Тоқбергенов атындағы көше бойына ағаш көшеттерін отырғызып, қаламызды жасыл желекке айналдыруда өз үлестерін қосуға ат салысты. Игі шараға «Сырдария» университетінің, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық, Жетісай медициналық, «Жанықұл» колледждерінің 100-ге жуық тәрбиеленушілері белсенді қатысты.

 


Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептерінің оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі Конкурс өткізу туралы хабарлайды PDF Печать Email

Орта білім беру ұйымдарында 
білімалушылардытамақтандыруды
ұйымдастырубойыншакөрсетілетін
қызметтердіберушілердітаңдау
қағидаларына
2-қосымша          

Конкурс туралы хабарландыру

«Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, Жұмыс телефоны (факс): 8(72534) 6-52-61, ұялы телефон: 8 (702) 761-04-57, электрондық поштасы:http://maktaral.gov.kz/
Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептерінің оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі Конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Қызмет:Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептерінің оқушыларын ұлттық бірыңғай тістілеу кезінде екі мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру: оқушылар саны 2200, бөлінген қаржы – 3 500 000 теңге.
Қызметті көрсету мерзімі 2015 жылдың 01 - 10маусым аралығында.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық
әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2015жылдың12мамыр күні дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжайбойынша: индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинеттенсағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін және/немесе «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің http://maktaral.gov.kz/интернет-ресурсынан алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді
әлеуетті өнім берушілер «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинет жібереді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі - 2015 жылдың 12мамыр күні сағат 11:00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2014 жылы 12мамыр күні сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша:Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинетте
ашылады (Мақтарал ауданының білім бөлімінің ғимараты).
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады: 8(725-34) 6-52-61, ұялы телефон: 8 (702) 761-04-57.

Конкурстық құжаттама
 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!