Жұма, 03 Сәуір 2015

Ұлттық ойындарымыз ұлықталды PDF Печать Email
Жуырда  Мақтаарал  ауданы ішкі саясат бөлімі  және  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  ұйытқы  болуымен    «Ұлттық   спорт – салауатты   өмір  бастауы»  атты   ұлттық   ойындарымыз – аударыспақ  пен  қошқар   көтеруден  жарыс  өткізілді. Жастар   арасында   ұлттық   спорттың   беделін   арттыру, осы   ұлттық   ойындар   арқылы   жастарды   ұстамдылыққа, байсалдылыққа   тәрбиелеуге, салауатты   өмір  салтын   насихаттауға, ұлттық   ойындарымызды  қайта   жандандыруға   бағытталған   сайыс  «Жастар  саябағы»  аумағында  өтті. Жарысты   басқару   мен   өткізуді   ұйымдастырушылар  бекіткен   төрешілер   басқарды. Ептілікті, икемділік  пен  күштілікті   қажет   ететін   аударыспақ  ойынын  аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов ашып берді. Жарыста   жастарымыз    ерекше  белсенділік  танытты. Солардың   ішінде  50 – 60кг.
  Подробнее...


Субсидия алушылар тізімі PDF Печать Email
Субсидия алушылар тізімі
 


Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің жобасы

Мақтаарал ауданының ауылдық елді
мекендеріне жұмыс істеу және тұру
үшін келген денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарына
2015 жылы көтерме жәрдемақы және
тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит
беру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 7-бабының 5-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына және аудан әкімінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы №769 мәлiмдемесiне сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2. «Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39-237-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3021 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпандағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                          

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                    

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!