Қаңтар 2015

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 38-218-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы PDF Печать Email

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№ 38-218-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106-бабы және 109-бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 21-бабы 4-тармағына және «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 21 қаңтардағы №35/284-V шешіміне сәйкес Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-218-V шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1-3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 28211330 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1608008 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12001 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 26581321 мың теңге;
2) шығындар – 28211981 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 303094 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 353787 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -303745 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 303745 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 353787 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 50042 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 тенге.
Көрсетілген шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім www.maktaral.gov.kz. ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                    Е. Ералиев

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-218-V шешіміне қосымша

 


Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы PDF Печать Email

ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы осы жылы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған Заңға сәйкес Мақтарал аудан әкімдігінің 29 тамыз 2014 жылғы «Мақтарал ауданы әкімдігінің жанынан мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясын құру туралы» қаулысымен комиссия құрылды.
Жариялымға төмендегіше мүліктер:
1)ақша;
2)бағалы қағаздар;
3)заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4)оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Мүлікті жария етуге Мақтарал ауданы әкімдігінің жанынан мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының мекен жайы: Жетісай қаласы. М.Әуезов көшесі №20 үй. 6-18-52.

Мақтарал ауданы әкімдігінің жанынан мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы
 


Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына PDF Печать Email

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген қағидаға сәйкес, тиісті субсидияларды төлеу мақсатында ауданда құрылған ведомствоаралық комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес, жергілікті ауылдық округтерінде АШТӨ-нің өтінімдері мен тиісті құжаттарын қабылдау басталғанын және ағымдағы жылдың 13 ақпанына дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.
Ескертпе: 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574  қаулысымен бекітілген қағида қоса жарияланады.
2) Жергілікті ауылдық округтерінде АШТӨ-нен өтінімдер мен тиісті құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылған жағдайда қосымша хабарлама жарияланады.   

 

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.

 


К сведению сельхозтоваро производителей Махтааральского района PDF Печать Email

Согласно правилам, установленным Постанавлением  Правительства РК № 574 от  29 мая 2014 года «Об утверждении правил стоимости субсидирования (не включая органических) убодрений» также утвержденного председателем ведомственной комиссии рабочего порядка, сообщаем о начале принятия заявок и документов от СХТП местных сельских округах для субсидирования минеральных удобрений. Приём документов продлится до 13.02.2015 года.
Примечание: 1) Постановление Правительства РК № 574 от 29 мая 2014 года прилагается.
2) В случае продления срока принятий заявок и документов СХТП местных сельских округах, сообщим дополнительно.

 

  Отдел сельского хозяйства и земельных отношений.

 


Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары PDF Печать Email

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                                                                К. Мәсімов

 


Об утверждении Правил субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических) PDF Печать Email

В соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических).
2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

 

    Премьер-Министр
Республики Казахстан                                                                К. Масимов

 


Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары PDF Печать Email

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы « 29 » мамырдағы
№ 574 қаулысымен
бекiтiлген

 

Тыңайтқыштардың құнын
(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Қандай да бір аудан тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оны өзге аудандар арасында облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемінің шегінде осы субсидиялау бағытына қайта бөле алады.
3. АШТӨ-нің субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
ВАК-тың құрамына:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) мәслихатының;
3) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының;
4) тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы облыстар, Астана және Алматы қалалары кәсіпкерлерінің өңірлік палатасы филиалының (бар болса);
5) аграрлық бейіндегі  қоғамдық және ғылыми ұйымдардың (бар болса) өкілдері кіреді.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
4. Бөлiм жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi орналастырады.
5. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.
6. Облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырады.
7. Облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер (бұдан әрi – тыңайтқыштар өндiрушi) өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден (бұдан әрі – шетелдік тыңайтқыш өндірушілер) сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді. Облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiнің жобасын уәкілетті органға келісуге ұсынған кезде белгіленген субсидия нормасын негіздейтін құжаттар (өтінімдерде көрсетілген алқапқа ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептер, өтінім берілген тиісті тыңайтқыштар түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттар) қоса беріледі.

 

2. Субсидиялар төлеу шарттары

8. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар:
1) ағымдағы жылы тыңайтқыш өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;
2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыштар берушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;
3) тыңайтқыштарды өткен жылғы 4-тоқсанда тыңайтқыштар өндiрушiден және (немесе) берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.
9. Мыналар:
1) өндiрушi – «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тыңайтқыш өндiрушiлердiң тiзбесiн облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкiлеттi орган бередi;
2) тыңайтқыштар берушi – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын өткізуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушi тыңайтқыш сатушылар болып табылады.
10. Тыңайтқыштар құнына қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.
11. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың                                 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мына мөлшерде беріледі:
1) отандық өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатылған тыңайтқыш құнының 50 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде өндірушіге төленеді;
2) шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде АШТӨ-ге төленеді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тыңайтқыштар түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістің тыңайтқыштарына арналған субсидия мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес келуі тиіс.
12. АШТӨ бөлім белгiлеген мерзiмде бөлімге субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм береді.
Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ тыңайтқыш сатушы берген шот-фактураның, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.

 

Өтінімді қабылдаған күні АШТӨ өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат береді.
Игерілмеген қаражат қалыптасқан және (немесе) қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде қосымша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.
13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар құнын АШТӨ мен тыңайтқыш сатушы арасындағы сатып алу-сату шартында белгіленген мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.
14. Субсидиялар осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған  құжаттарда көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған, өтінім тиісті түрде ресімделмеген не оны ұсыну мерзімдері бұзылған жағдайларда берілмейді.

 

3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

15. Бөлім өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады.
16. Бөлім ұсынған құжаттарды ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға                         2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштардың көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi.
Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда, бөлім АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.
17. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.
18. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады.
19. АШТӨ өтiнiм берiлген тыңайтқыштар көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы тыңайтқыштар көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгiзiлген басқа АШТӨ арасында қайта бөледi.

 

4. Субсидиялар төлеу тәртібі

20. Бөлім тізім ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) арзандатылған тыңайтқыштар алу үшін;
2) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшін;
3) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшін АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.
21. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алу үшiн:
1) басқарма арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны өндiрушiге ұсынады.
Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қосымша өтінімдер қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде басқарма өндiрушiге арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң қосымша жиынтық тiзiлiмiн ұсынады;
2) өндiрушi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде басқармаға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ бөлiнiсiнде тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiмдi;
сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, жүкқұжаттардың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
өндiрушi мен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады, ол үш данада жасалады: бiрiншiсi – өндiрушi үшiн, екiншiсi – АШТӨ үшiн, үшiншiсi – басқарма үшiн;
3) өндiрушi құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқарма:
ұсынылған құжаттарды тексередi, өндірушіге тиесілі субсидия көлемін айқындайды;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi актiнi жасайды, бекiтедi және өндiрушiге жібереді;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн өндiрушiге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
22. Мыналардан:
1) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден;
2) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерiнің негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
23. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарын қоса бере отырып,  төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
Бұл ретте тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банктік шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың                                   20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.
24. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

______________________

 


Правила субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических) PDF Печать Email

                                                     Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан     
от « 29 » мая 2014 года
№ 574

Правила
субсидирования
стоимости удобрений
(за исключением органических)

 

  1. Общие положения

1. Настоящие Правила субсидирования стоимости удобрений                            (за исключением органических) (далее – Правила) определяют порядок выплаты субсидий за счет и в пределах средств, предусмотренных в местном бюджете на соответствующий финансовый год (далее – субсидии),                            по удешевлению отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям (далее – СХТП) стоимости удобрений (за исключением органических) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года                            «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий».
2. Акимы областей, в случае неполного освоения каким-либо районом выделенных средств на удешевление стоимости удобрений (за исключением органических), могут перераспределить их между другими районами на данное направление субсидирования в пределах утвержденного объема субсидирования по области.
3. Для определения списка СХТП на получение субсидий в каждом районе (городе областного значения, городах Астана и Алматы) решением акима района (города областного значения, городов Астана и Алматы) создается межведомственная комиссия (далее – МВК).
В состав МВК включаются представители:
1) акимата района (города областного значения, городов Астана и Алматы), в том числе отделов или управлений сельского хозяйства и земельных отношений района (города областного значения, городов Астана и Алматы);
2) маслихата района (города областного значения, городов Астана и Алматы);
3) территориальной инспекции уполномоченного органа в области развития агропромышленного комплекса;
4) филиала региональной палаты предпринимателей областей, городов Астана и Алматы в районах соответствующей области, городов областного значения, городов Астана и Алматы (при наличии);
5) научных и общественных организаций аграрного профиля (при наличии).
Рабочим органом МВК являются отдел сельского хозяйства района, а по городам Астана и Алматы и городу областного значения – управление или отдел сельского хозяйства акимата города (далее – отдел).
4. Отдел устанавливает дату начала и окончания приема заявок для получения субсидий с учетом сложившихся погодно-климатических условий года, размещает на интернет-ресурсе местного исполнительного органа района (города областного значения, городов Астана и Алматы) и в официальных печатных изданиях объявление о начале и окончании приема заявок, порядок работы МВК и другие необходимые сведения.
5. Объемы субсидий по районам (в зависимости от прогнозной структуры посевных площадей приоритетных культур) устанавливаются решением местного исполнительного органа области и городов Астана и Алматы.
6. Управление сельского хозяйства области (городов Астана и Алматы) (далее – управление) размещает на интернет-ресурсе местного исполнительного органа области (городов Астана и Алматы) индивидуальный помесячный план финансирования области по субсидированию стоимости удобрений (за исключением органических) в течение трех рабочих дней после его утверждения.
7. Решением местного исполнительного органа области (городов Астана и Алматы) по согласованию с уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса (далее – уполномоченный орган) устанавливаются виды субсидируемых удобрений и нормы субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, реализованных отечественными производителями (далее – производитель удобрений), на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, приобретенных у поставщика удобрений и (или) иностранных производителей удобрений (далее – иностранные производители удобрений). При представлении на согласование уполномоченному органу проекта решения местного исполнительного органа области (городов Астана и Алматы) прилагаются документы, обосновывающие установленную норму субсидии (расчеты по объемам подлежащих субсидированию видов удобрений с учетом научно-обоснованных норм внесения на указанную в заявках площадь, документы, подтверждающие сложившиеся рыночные цены на соответствующие виды заявленных удобрений).

 

2. Условия выплаты субсидий

8. Субсидии на удешевление стоимости удобрений (за исключением органических) предназначаются для:
1) частичного удешевления стоимости удобрений, реализованных производителями удобрений в текущем году;
2) частичного возмещения затрат СХТП, которые приобрели удобрения у поставщика  удобрений и (или) непосредственно у иностранных производителей удобрений в текущем году;
3) частичного возмещения затрат СХТП, которые приобрели удобрения в 4 квартале предыдущего года у производителя и (или) у поставщика удобрений, и (или) у иностранных производителей удобрений.
9. Продавцами удобрений являются:
1) производитель – физическое или юридическое лицо, осуществляющее производство удобрений в Республике Казахстан, имеющее сертификат о происхождении товара формы «CT-KZ».  Перечень производителей удобрений представляется по запросу местного исполнительного органа области (городов Астана и Алматы) уполномоченным органом в области индустрии и новых технологий.
2) поставщик удобрений – физическое и (или) юридическое лицо, осуществляющее реализацию удобрений иностранного производства;
3) иностранный производитель удобрений.
10. В стоимость удобрений входят налог на добавленную стоимость, стоимость упаковки, маркировки, транспортные расходы до пункта назначения (отпуска) в соответствующем регионе республики.
11. Бюджетные субсидии предоставляются в следующих размерах в соответствии с нормами субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) приобретенных удобрений:
1) при приобретении удобрений отечественного производства субсидии выплачиваются производителю в размере до 50 % включительно от стоимости реализованных удобрений;
2) при приобретении удобрений иностранного производства субсидии выплачиваются СХТП в размере до 30 % включительно от стоимости приобретенных удобрений.
При этом при установлении норм субсидий на виды удобрений, предусмотренных  пунктом 7 настоящих Правил, разница между размерами субсидий на удобрения отечественного и иностранного производства должна пропорционально соответствовать разнице, установленной настоящим пунктом                             Правил.
12. СХТП в сроки, установленные отделом, представляют в отдел заявку для включения в список СХТП на получение субсидий по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
При этом СХТП, которые приобрели удобрения у производителя и (или) у поставщика в 4 квартале предыдущего года и у поставщика в текущем году, к заявке прилагают оригиналы счета-фактуры, товарно-транспортной накладной, выданных продавцом удобрений.
СХТП в день приема заявки выдается расписка в произвольной форме о принятии заявки.
В случае образования неосвоенных средств и (или) выделения дополнительных средств, отдел осуществляет дополнительный прием заявок в установленный местными исполнительными органами срок.
13. СХТП, оплачивающие стоимость удобрений в сроки, установленные в договоре купли-продажи между СХТП и продавцом удобрений, которые получают субсидии в соответствии с подпунктами 2) и 3) пункта 8 настоящих Правил, также включаются в список получателей бюджетных субсидий.
14. Субсидии не предоставляются в случаях недостоверности сведений, указанных в документах, определенных пунктом 12 настоящих Правил, оформления ненадлежащим образом заявки либо нарушения сроков  ее представления.

 

3. Порядок работы МВК

15. Отдел в течение десяти рабочих дней с даты окончания приема заявок осуществляет их обработку и представляет на рассмотрение МВК.
16. МВК в течение восьми рабочих дней рассматривает представленные отделом документы и формирует список СХТП по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, с указанием причитающейся суммы субсидии и направляет его на утверждение акиму района (города областного значения), а по городам Астане и Алматы – акиму города. При этом объемы подлежащих субсидированию удобрений устанавливаются пропорционально заявкам СХТП с учетом выделенных бюджетных средств и размера посевных площадей каждого СХТП.
В случае отказа от включения в данный список СХТП, отдел не позднее трех рабочих дней с момента составления списка выдает СХТП письменное уведомление с указанием причины отказа.
17. Аким района (города областного значения, городов Астана и Алматы) в течение двух рабочих дней утверждает список СХТП.
18. Отдел в течение трех рабочих дней после утверждения списка СХТП акимом района (города областного значения, городов Астана и Алматы) размещает на интернет-ресурсе местного исполнительного органа района (города областного значения, городов Астана и Алматы) и в официальных печатных изданиях список СХТП с указанием причитающейся суммы субсидии и представляет его в управление.
19. В случае отказа СХТП от приобретения или возмещения заявленного объема удобрений, МВК перераспределяет данный объем удобрений между остальными СХТП, включенными в список СХТП.

 

4. Порядок выплаты субсидий

20. Управление составляет сводный реестр СХТП в течение пяти рабочих дней после представления списка отделом по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам:
1) для получения удешевленных удобрений;
2) для возмещения затрат за приобретенные удобрения у поставщика и (или) у иностранных производителей удобрений в текущем году;
3) для возмещения затрат за приобретенные удобрения у производителя и (или) у поставщика и (или) у иностранных производителей удобрений                          в 4 квартале предыдущего года.
21. Для получения субсидий за реализованные удобрения по удешевленной стоимости:
1) управление представляет производителю сводный реестр СХТП для получения удешевленных удобрений в течение двух рабочих дней после его составления.
В случае дополнительного приема заявок в соответствии с                           пунктом 12 настоящих Правил, управление представляет производителю дополнительный сводный реестр СХТП для получения удешевленных удобрений в установленный местными исполнительными органами срок.
2) производитель ежемесячно в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным, представляет в управление:
реестр по объемам фактической реализации удобрений в разрезе СХТП по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам;
копии первичных платежных документов, накладных и счетов-фактур на реализованные удобрения;
договор купли-продажи удобрений между производителем и СХТП, который составляется в трех экземплярах: первый – для производителя, второй – для СХТП, третий – для управления;
3) управление в течение трех рабочих дней с момента представления производителем документов:
проверяет представленные документы, определяет объемы причитающихся производителю субсидий;
составляет, утверждает и направляет производителю акт по объемам фактической реализации удобрений по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам;
формирует ведомость для выплаты субсидий производителю за частичное удешевление стоимости удобрений по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам.
22. Для получения субсидий за приобретенные удобрения:
1) у поставщика и (или) у иностранных производителей удобрений в текущем году;
2) у производителя и (или) поставщика и (или) иностранных производителей удобрений в 4 квартале предыдущего года управление на основании сводных реестров СХТП в течение трех рабочих дней после их составления формирует ведомость для выплаты субсидий СХТП по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам.
23. Перечисление причитающихся субсидий на банковские счета СХТП и производителей осуществляется управлением в соответствии с индивидуальным планом финансирования по платежам до 30-го числа соответствующего месяца путем представления в территориальное подразделение казначейства реестра счетов к оплате с приложением счетов к оплате в двух экземплярах.
При этом перечисление причитающихся субсидий на банковские счета СХТП и производителей в декабре месяце осуществляется управлением                       до 20 декабря соответствующего года.
24. Управление в срок до 5 июля и 25 декабря соответствующего года представляет в уполномоченный орган сводную информацию об использовании субсидий.

__________________________________

 


Мырзакент әкімінің кубогі PDF Печать Email

Бүгінде «Жайдарман» ойындарына жастардың қызығушылығы артып, үлкен жобаға айналып отыр. Мырзакент кенті әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыны өз жалғасын тауып, Мырзакент кентіндегі №120 жалпы орта мектепте өтті. Мырзакент кенті әкімшілігінің қолдауымен, Мақтарал аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы»КММ – сі ұйымдастырған сайысқа әкімшілікке қарасты мектептерден 5 команда қатысты. Құрамына аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Бейсенбаев, «Жастар орталығы» КММ директоры Мұрат Нұрымбетов, Мырзакент әкімі аппаратының маманы Мухтар Қалекеев, Сырдария КВН құрамасынан  Үсенов Нұрсұлтан қазылар алқасы жастардың талабын, өнерін бағалады. Сәлемдесу, бес жаңалық шарттары бойынша сынға түскен Жайдарман жастары ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен сайысты қызықты өткізіп, көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен Мырзакент кенті әкімінің жүлдесі үшін бас жүлде Мырзакент жастары тобы иеленді.

  Подробнее...


Аймақтық «Жайдарман» сайысы өтті PDF Печать Email
«Жайдарман» - қазіргі  кезде  көптің  ықыласына  бөленіп  жүрген  ерекше  жобалардың  бірі. Әзілқойлар  мен  тапқырлардың  сайысы – жастарды  мәдениеттілікке , интеллектуалды  деңгейін  көтеру  және  өмірлік  дұрыс  бағыт – бағдар  беру  мен  қоғам  дамуына  үлес  қосуға  баулиды.  Жастардың   сүйсіне  ойнайтын, жақсы  көріп  тамашалайтын  сайысы  жуырда «Жаңа ауыл» ауылдық округі әкімі жүлдесі үшін мектеп арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Жайдарман КТК ойыны болып өтті.    «Жастар орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен өткен  аймақтық  «Жайдарман»  ойынына  Жаңа ауыл ауылдық округі әкіміне қарасты мектептер қатысты.         Сайысты  әділ  бағалаушы  қазылардың  қатарында  аудандық  «Жас Отан» Жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы  М.Бейсенбаев,
  Подробнее...


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңғысы >>

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!