Бейсенбі, 29 Қаңтар 2015

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 38-218-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы PDF Печать Email

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№ 38-218-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106-бабы және 109-бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 21-бабы 4-тармағына және «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 21 қаңтардағы №35/284-V шешіміне сәйкес Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-218-V шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1-3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 28211330 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1608008 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12001 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 26581321 мың теңге;
2) шығындар – 28211981 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 303094 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 353787 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -303745 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 303745 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 353787 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 50042 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 тенге.
Көрсетілген шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім www.maktaral.gov.kz. ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                    Е. Ералиев

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-218-V шешіміне қосымша

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!