Сәрсенбі, 28 Қаңтар 2015

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы PDF Печать Email

ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы осы жылы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған Заңға сәйкес Мақтарал аудан әкімдігінің 29 тамыз 2014 жылғы «Мақтарал ауданы әкімдігінің жанынан мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясын құру туралы» қаулысымен комиссия құрылды.
Жариялымға төмендегіше мүліктер:
1)ақша;
2)бағалы қағаздар;
3)заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4)оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Мүлікті жария етуге Мақтарал ауданы әкімдігінің жанынан мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының мекен жайы: Жетісай қаласы. М.Әуезов көшесі №20 үй. 6-18-52.

Мақтарал ауданы әкімдігінің жанынан мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы
 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!