Жексенбі, 25 Қаңтар 2015

2015 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы PDF Печать Email

жоба

 2015 жылға халықтың нысаналы                                           
топтарын анықтау туралы                                                                                                                                                           

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақтарал аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:                                                
1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.

2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Мақтарал ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:  
1) елу жастан асқан тұлғалар;
2) 29 жасқа дейінгі жұмыс атқармаған жастар;
3) жұмыссыз әйелдер.          

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.

4.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                                                                                          

 

         Аудан әкімі                                                       С.Тұрбеков

 


Мақтарал ауданының әкімі С.Тұрбековтың «Ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы міндеттер мен бағыттары туралы» аудан тұрғындары алдындағы есеп беру баяндамасы PDF Печать Email

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңнің міндеттері туралы есеп беріп отыруы елімізде дәстүрге айналды.
Сіздермен бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты - ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен проблемалық мәселелер туралы келелі әңгіме қозғау, өздеріңізбен ашық пікірлесу, тұрмыс-тіршілігіміздің алға басуына ықпал ететін ұсыныс-кеңестеріңізді білу болып табылады.
Өткен жыл еліміз үшін табысты жыл болды деп сеніммен айта аламыз. Елбасымыз 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», ал 11 қарашада «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауларын жолдады. Жолдауда Елбасы Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды. Бұл Жолдау ел дамуына даңғыл жол ашқан, аса құнды құжат болып табылады.
«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігіміз бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек» - деп атап өтті Елбасы.
Уақыт озғанымен, тіршілік тоқтамайды. Тағы бір серпінді жыл тарих қойнауына енді. Аудан халқы үшін бүгін бітуі тиіс жұмысты, тұрғындардың күнделікті сұранысын, қажеттіліктерін ертеңгі күнге қалдыруға болмайды. Бұл, әрине, белгілі жәйт. Дегенмен, мезгілді барынша ұтымды пайдаланып, қажетімізге қарай уақытты да өзімізге жұмыс жасатуға ұмтылып жатырмыз. Нәтижесі де жоқ емес.
Жалпы ішкі өнім
Соңғы жылдары ауданда жалпы ішкі өнім көлемі жылдан-жылға артуда.  Ол, 2010 жылы – 55,9 млрд. теңгені, 2011 жылы – 74,9 млрд. теңгені, 2012 жылы – 95,2 млрд. теңгені, 2013 жылы - 100,1 млрд. теңгені құраса, 2014 жылы – 108,9 млрд. теңгеге жетті.
2013 жылмен салыстырғанда нақты көлемі индексі 102,4%  құрады.
Өнімнің 56,1 млрд теңгесін (51,5%) аудандағы 29,6 мың кәсіпкер өндіріп, нәтижесінде  бюджетке 667,7 млн теңгенің төлемдері төленді. Кәсіпкерлік нысандарында 33422 адам жұмыспен қамтылып отыр.  
Үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасы аясында 2014 жылы жалпы құны 2,4 млрд. теңге тұратын 3 жоба, атап айтқанда   «Арсенал Сад» СТК-сі, «Мырзакент» ЖШС-гі, «Хаят Р.У.Ж» ЖШС-гі іске қосылды. Ал, 2015 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,1 млрд. теңгені құрайтын жаңа 6 жобаны яғни, синтетикалық талшықтан көрпе, жастық және үй жиһаздарын өндіретін  «КазИнновацияЛидер» ЖШС-гі, мақта шикізатын өңдейтін зауыты «Береке ММА» ЖШС-гі, нан және тәтті тағамдар өндіретін ЖК «Г.Нышанованың» цехы, ЖК «У.Раджаповтың» полиэтилен өнімдері өндірісі, «Прогресс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауытының жобасы, «Sh.S.O»Самұрық» ЖШС-нің аяқ-киім өндіретін цех жобаларын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды Индустриялды Картаға еңгізу үшін Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне ұсынылды.
Өткен жылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында  жалпы 1,6 млрд теңгені құрайтын 740 жоба қаржыландырылған (2013 жылы 752 жоба).  Оның ішінде: «Максимум» АИО» ЖШС арқылы жалпы сомасы 36,0 млн теңгені құрайтын 3 жоба, «Ырыс» ШНҰ» ЖШС арқылы 355,5 млн теңгені құрайтын 295 жоба,  Ауылдық несие серіктестіктері арқылы 18 млн теңгені құрайтын 27 жоба, «АШҚҚ» АҚ арқылы 493,5 млн теңгені құрайтын 150 жоба, «ҚазАгроҚаржы» АҚ (лизинг) арқылы 309,6 млн теңге құрайтын 130 жоба, «АНК» АҚ арқылы 414,3 млн теңгені құрайтын 135 жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңға «Ырыс» ШНҰ» ЖШС арқылы алынған несиенің 205,3 млн теңгесі (57,7%) қайтарылып, 131,6 млн теңгесі өндірілмей келеді.
Индустриалдық  аймаққа 27,8 га жер бөлініп, онда 12 кәсіпорынды орналастыру жоспарланған. Бүгінде өз кәсібін жүзеге асырушы кәсіпкерлерден түскен 5 ұсыныс тиісті құрылымдармен сарапталып, 5 жоба ӨҮК мақұлданған. Қазір 1 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, ал, 2 жобаның жерге орналастыру құжаттары рәсімделуде.
Индустриалды аймақта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында мердігер «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, ауданға кіреберістегі Азаттық ауылынан сауда логистикалық орталығының құрылысына 9 га жер телімі резервке алынған. Бүгінгі таңға, сауда логистикалық орталығының аумағында заманауи көтерме-бөлшек сауда орталығының құрылысы жоспарланып, өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында нысанның келісу схемалары, сызбалары мен жер телімін таңдау актілері әзірленіп, ЖСҚ жасақталуда.    
Ауылшаруашылығы
Ауданның экономикасының негізін ауылшаруашылығы құрайды. Сондықтан бұл саланың мәселелері біздің басты назарымызда. Өткен жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 58,7 млрд теңге болды, оның ішінде: мал шаруашылығы 12,9 млрд. тенге, өсімдік шаруашылығы 45,1 млрд. тенге, ауылшаруашылығы саласына көрсетілген қызмет 609,7 млн. тенгені құрады. Жалпы өнім көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4,0 млрд теңгеге артты.
Шаруалар жерді, ағын суды тиімді пайдаланып, агротехникалық талаптарды негізінен уақтылы және сапалы атқара отырып 733,4 мың тонна бақша, 95,7 мың тонна көкөніс, 37,9 мың тонна жүгері, 11,1 мың тонна күріш, 0,9 мың тонна күнбағыс, 8,1 мың тонна жеміс-жидек және жүзім және басқа да дақылдар өндірді. Негізгі дақылымыз мақта шиті 86,0 мың гектарға себіліп, 214 мың тонна мақта өндіріліп, өнімнің 45,5 пайызы комбайндармен жиналды.   
Бұл көрсеткіштерге дихандардың қажырлы еңбегі мен мемлекеттің тұрақты қолдауының арқасында қол жеткізілді. Ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне 2014 жылы егіншілік саласы бойынша барлығы 2 млрд. 851 млн. 235,0 мың теңге субсидия берілді. Оның ішінде: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2 млрд. 578 млн. 042,5 мың теңге, ағын су беру жөніндегі қызметтердің құнын төмендету мақсатында 57 млн. 322,7 мың теңге, 9 тұқым шаруашылығына 51 млн. 055,8 мың теңге, жеміс-жидек және жүзім дақылдарын күтіп баптауға 47 млн. 369,0 мың теңге, мақта зиянкестеріне қарсы өңдеуге арналған биоагенттердің құнын арзандатуға 83 млн. 860,2 мың теңге және ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің құнын арзандатуға 33 млн. 584,8 мың теңге төленді.
Ауданға арзандатылған 17,3 мың тонна жанармай, 18,1 мың тонна аммиакті селитра, 1,2 мың тонна суперфосфат, 1,2 мың тонна аммофос, 169,3 тонна хлорлы калий, 2,9 мың тонна фосфорит ұны, 221,0 тонна суперфосфат, 150,0 тонна карбамид, 500,0 литр МЭРС тыңайтқышы бөлінді.
Жылыжайлар көлемі 73,2 гектарға жетті. 1237 гектар жерде тамшылатып суару әдісі ендірілді, 164 дана ауылшаруашылығы техникасы, құрал-жабдық пен түрлі агрегат алынды.
Егістік алқаптарына  вегетациялық маусымда жылдың өніміне алынған ағын су көлемі 962,45 млн текше метрді құрайды, оның ішінде 251,54 млн текше метрі (26,1%) машина каналы арқылы жеткізілді. 
Шаруаларды ағын сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін «Тәуелсіздікке 20 жыл» каналы модернизациядан өтуде. 9 шаруашылықаралық канал мен 3 ауылдық округте ішкі ағын су жүйелерін бетонмен қаптау жұмыстары жалғасуда.
Былтыр 270 тік дренажды ұңғыма қалпына келтіріліп, пайдалануға берілген, енді олар дақылдардың өнімділігінің артуына қызмет ететін болады.
ОҚО әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы мақтаның егістік алқабын әртараптандырудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысы шықты.   Өткен жылы қаулыға сәйкес 178,7 гектарға жеміс-жидек ағаштары, 66,5 гектарға жүзім егілді.   «Арсенал Сад» СТК-сі өзі өндірген 250 тонна алманың 3 сортын қоймада сақтауда.   
Ауданда мал шаруашылығын дамыту мәселесі де назарымызда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 78619 бас ірі қара мал (оның ішінде: 39481 бас сиыр), 191062 бас қой-ешкі, 12017 бас жылқы, 1164 бас түйе, 900 бас шошқа, 102267 бас құс есепте тұр.
Өткен жылы 14,3 мың тонна ет, 86,2 мың тонна сүт, 12 млн 435 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 348,9 тонна жүн қырқылды.  
Ағымдағы мал қыстату науқанына 229,1 мың тонна мал азығы дайындалды.
Ауданда 9 шаруа қожалығы мал тұқымын асылдандырумен  айналысуда. Олардың біреуі қаракөл, ал 8-і қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын өсіретіндер. Аталған қожалықтарда 26580 бас мал бар (оның ішінде аналығы 17943 бас).
Өткен жылы ауданда 18343 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылды. Олардың 3126 басы етті, 15217 басы сүтті бағыттағы ірі қара.
Салаға 2014 жылы мемлекет тарапынан 38,7 млн. теңгеге қолдау жасалынды. Атап айтсақ, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша 30,3 млн теңге, «Мал шаруашылығының өнімділігін және өнімнің сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша 1,2 млн теңге, «Ірі қара мал әлеуетін арттыру» бағдарламасы шеңберінде («Сыбаға» бағдарламасы)  бойынша 7,2 млн теңге берілді.  
Сонымен қатар, малдардың аса қауіпті аурулармен ауыруының алдын алу мақсатында Республикадан құтыру ауруына қарсы 37920 мөлшер, аусыл ауруына қарсы 735876 мөлшер, сібір жарасы ауруына қарсы 513866 мөлшер, туберкулез ауруына қарсы 204600 мөлшер вакцина алынып, егілді.
Аудан бойынша бүгінгі таңда барлығы 291 (2014 ж 181) бірлік шағын мал бордақылау алаңы жұмыс істейді, оның ішінде 10 басқа дейінгі 144, 15 басқа дейінгі 147 алаң бар.
Бюджет
Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі жоспардағы 26 млрд. 833,8 млн. теңгенің орнына 26 млрд. 808,1  млн. теңгеге орындалып, 99,9 % пайызды құрады.
Өткен жылы жергілікті салық бойынша жоспардағы 1 млрд. 673,1 млн. теңгенің орнына 1 млрд. 722,4 млн. теңге көлемінде салық пен міндетті төлемдер жиналды. Жоспар 103 пайызға орындалды. Былтырғы жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 232 млн. теңге артық салық төлемдері төленді. 
Құрылыс
Аталған мерзімде негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 11,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 786,8 млн. теңгеге артып отыр. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың 34,3 пайызы  республикалық бюджет, 38,0 пайызы жергілікті бюджет, 27,3 пайызы кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты. 
Ауданда тұрғын үй құрылысы үшін 2014 жылы 289 жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі 16,3 мың шаршы метр 141 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда берілген учаске саны 60-қа артып отыр.
Өткен жылы ауданымызда республикалық бюджет есебінен құны 934,4 млн теңгені құрайтын 600 орындық 2 мектеп, облыстық бюджет есебінен құны 853,8 млн теңгені құрайтын 500 орындық 2 мектеп, құны 318,5 млн теңгені құрайтын 140 тәрбиеленушіге арналған 1 бала бақша  пайдалануға тапсырылды. Ал, жергілікті бюджет есебінен құны 161,4 млн теңгені құрайтын 100 орындық 1 мектеп, жалпы құны 47,4 млн теңге болатын ірі қара малды қолдан ұрықтандыратын 16 бекет пайдалануға берілді. Ералиев ауылдық округі Жаңадәуір ауылында жеке кәсіпкер өз есебінен құны 4,0 млн теңгелік бастауыш мектеп ғимаратының құрылысын жүргізді. 
Қазіргі таңда 2015 жылға өтпелі 1100 орындық 4 мектеп, 280 орындық 1 балабақша, 3 қабатты тұрғын үй, Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта құру құрылысы жүргізілуде.
Үстіміздегі жылы 2400 орындық 10 мектеп құрылысы мен Мырзакент кентіндегі стадионды қайта құру жұмыстары басталатын болады.   
Жол, көлік, байланыс
Көлік, байланыс салаларында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудандағы 3 жолаушылар тасымалдау автокөлік кәсіпорны мен 500 –ден астам жеке тұлғалар жолаушыларға  аудан ішіндегі бағыттар және қалааралық бағыттар бойынша  қызметін көрсетуде.
Ауданының көлік жолдарының жалпы ұзындығы 2070,2 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 108 шақырымы республикалық, 419,1 шақырымы облыстық, 161,5 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 1381,9 шақырымды құрайды.
2014 жылы барлық санаттағы автомобиль жолдарында 796,7 млн теңгенің жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ:
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жол жамылғысын жаңартуға 27,3 млн теңге, жол белгілері мен күтіп-ұстау жұмыстарына  16,3 млн теңге жұмсалды.
Қазыбек би ауылдық округі Құрбан ата ауылындағы Жетісай-Атакент тас жолы бағытында 2900 шаршы метр (1933 м х 1,5 м) аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде,  2015 жылы аяқталады. 
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 319,1 млн теңгеге жұмыстар жүргізілді. Оның 79,2 млн теңгесіне 310 дана жол белгілері, 910 м2 аяқжол, 12 дана жасанды жол кедергілерін күтіп ұстауға бөлінді.  Автомобиль жолдарының бойында орналасқан 4 көпір 199,9 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Қарақай және Нұрлыбаев ауылдық округтерінде орналасқан ұзындығы 13,3 шқ құрайтын КХ-96, „Қарақайға кіре беріс„ және КХ-80 автожолдарын орта жөндеуге 243,529 млн теңге қарастырылып, 2014 жылы 40 млн теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысандар 2015 жылға өтпелі.
Ал, 406,7 млн теңгеге аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелерге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтсақ, жергілікті бюджеттен бөлінген 287 млн 410 мың теңгеге жалпы  43 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. „Жұмыспен қамту-2020 жол картасы“ бағдарламасы бойынша 2 көше  30 млн 776 мың теңгеге орта жөндеуден өткізілді. Мақталы және Абай ауылдық округтерінде 2 кіре беріс жолды орта жөндеуге қажетті 70 млн 541 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда. Нысандар 2015 жылға өтпелі.
Облыс бюджет есебінен 21,3 млн теңгеге Жетісай қаласындағы 3 көше орта жөндеуден өтті.
Қызылқұм ауылдық округі Қарасақал ауылы аумағынан автомобиль жолын қайта құру үшін 2,0 млн теңгеге ЖСҚ дайындалып, 240,9 млн теңгеге қаржы бөлдірту үшін Республикалық бюджетке ұсынылды.
2014 жылы  2,1 млрд теңгеге 196 аудан жолдарын, 11 көшеге аяқжол салу үшін сметалық құжаттары рәсімделіп, облыстық салалық басқармаларға  тапсырылған.
Ал, 2015 жылға жергілікті бюджет есебінен елді мекендердің 21,9 шақырымды құрайтын 51 ішкі көшесін 169,8  млн теңгеге ағымдағы жөндеуден, 10,3 шақырымды құрайтын 14 ішкі көше 121,2 млн теңгеге орта жөндеуден өткізілетін болады.
Аудандық телекоммуникация торабы өткен жылы абоненттерге 399,4 млн. теңгенің қызметін көрсетті, телефон нүктелерінің саны 15856-ға жетті. Ауданда ескі телефон станцияларын біртіндеп жаңа сандық станцияларға ауыстыру, телефон байланысының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауыз су, жылу, жарық, көгалдандыру
Аудандағы 1 қала, 3 кент және 20 ауылдық округтегі жалпы 182 елді мекенде ұзындығы 1451,82 шақырым ауыз су құбыры бар. Бұл су құбырларында 225 дана ауыз су ұңғысы, 163 су мұнарасы, 2 су сақтағыш, қолданыстағы санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр.
Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау су беру жүйелерін дамыту жұмыстарына да қомақты қаражаттар қарастырылған.
2014 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтауға жергілікті бюджеттен жалпы 243,7 млн теңге қаржы қарастырылып 7 елді мекеннің ауыз су жүйелері мен нысандардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 180,7 млн теңге, 3 елді мекеннің мембраналық қондырғыларын және су есептегіш құралдарын орнатып, күтіп-ұстауға 42,2 млн теңге бөлінді.
2015 жылға Жетісай топтық су өткізгішіне қосылған 8 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құруының ІІ кезеңіне 1,3 млрд теңге бөлінді. 
Өткен жылы 11 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілді. 2015 жылға 22 елді мекенді газбен жабдықтау желісінің құрылысы 1,8 млрд теңге бөлінді.
Тұрғын үйді жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2013 жылы 51 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны болып тіркеліп, 46,2 млн теңгеге 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді. 2015 жылға 9  көпқабатты тұрғын  үйді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек 2015 жылға Ділдәбеков ауылдық округі Бірлік ауылына қуаттылығы 63 кВа КТП орнату, ұзындығы 2 шақырым 0,4 кВ, ұзындығы 0,3 шақырым 10 кВ электр желілерінің құрылысы 7,2 млн теңге,  Мырзакент кентіне қуаттылығы 250 кВа КТП орнату, ұзындығы 5,12 шақырым 0,4 кВ, ұзындығы 0,24 шақырым 10 кВ электр желілерінің құрылысына 14,3 млн теңге жоспарланған.
Өткен жылы «Жасыл аймақ» іс-шарасы аясында көктем айларында 65,5 мың дана, күз айларында 20,03 мың дана түрлі көшеттер егілді.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Жыл басынан ауданда 575 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 390 адамға кеміді.
18 жасқа дейінгі 41454 балаға жәрдемақы төленді, немесе 3445 балаға артты.
Тұрғын үй көмегі 810 отбасыға көрсетілді, немесе 654 отбасыға кеміді.
Жұмыспен қамту.
Өткен жылы ауданның экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 122,3 мың адамды, жұмыссыздар саны - 5,5 мың адамды, жалпы жұмыссыздық денгейі - 4,5% құрады.
2014 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 10220 жұмыссыздың - 7871-і, немесе 77,0% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 883 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.
Демография
2015 жылдың 1 қаңтарына аудан халқының саны 303,2 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына  299,4 мың адам), оның 28,9 мыңы қала халқы (9,5%), 274,3 мыңы  ауыл халқы (90,5%).
Халықтың табысы.
2015 жылдың 1 қаңтарына аудан халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 36378 теңгені құрап, 2014 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 8,8%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 100,5% құрады.
Білім беру
Ауданда 19262  тәрбиеленушісі бар 263  мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 198 балабақша, 65 шағын орталықтар.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан  6 жасқа дейін) -50.6 %, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша -     76,8 % құрады.
2013-2014 оқу жылында жалпы білім беру мектептерінің саны -126, оның ішінде 2 коррекциялық, 1 дарынды оқушыларға арналаған мектептер. Ондағы оқушылар саны - 67591  адамды құрады.
2014 жылы мектеп бітірушілер саны 4923 (2013ж-5452) болса, 2662-і (2013ж-3025) ҰБТ-ға қатысып, олардың орташа балы 73,64 (2013ж-70,02) болды. «Алтын белгіге» үміткерлер 114 болса, оның 71-і (61,4%) білімдерін дәлелдеді. Үздік аттестат иегері 35, 100 баллдан жоғары жинаған 261 оқушы (2013 ж-201) болды 
Жалпы орта білім беретін 123 мектептің барлығы байланыс, интернет жүйелеріне  қосылған. Аудан мектептері 6423 бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 9,83 оқушыдан келеді. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 20,92-ні, 2013 жылы 15,86-ны құраған.
Сонымен қатар, 78 мектепте мультимедиялық лингафон кабинеттері, 14 мектептің онлайн сабақтар мен семинарларға мүмкіндіктері бар және оларда интерактивті тақталар орнатылған. 
2010-2014 жылдар аралығында 36 жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден республикалық бюджет есебінен 594,2 млн теңгеге 7 білім беру нысаны, жергілікті бюджет есебінен 163,8 млн теңгеге 3 білім беру нысаны, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден 57,0 млн теңгеге 3 білім беру нысаны өтті. 2015 жылға 14 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуді  жоспарлануда.  
Мәдениет, спорт
Ауданда 72 мәдениет нысаны тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 аудандық мәдениет үйі, 17 ауылдық мәдениет үйлері, 12 ауылдық клуб, 38 кiтапхана, 1 мәдени тынығу орталығы, 1 демалыс саябағы (оның 4 филиалы), 1 тілдерді оқыту және дамыту  орталығы  және Қ.Жандарбеков атындағы драма театр. Олар жүйелі түрде мәдени көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруда.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда 764 спорт нысаны, оның ішінде 4 стадион, 49 тир, 108 спортзал және 601 қарапайым спорт алаңы, 2 спорт кешені тұрғындар арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 57,4 мың адамды немесе аудан халқының 19 % құрады.
Қазіргі таңда бокстан 1 олимпиада күміс жүлдегері (М.Ділдәбеков), бокстан 1 Азия чемпионы (Д.Оспанов), 1 Астана Арланс командасының белді мүшесі (Б.Әлімбеков), 1 бокстан әскерилер арасында әлем чемпионы (О.Байниязов), 1 каратэ-до дан әлем кубогінің жеңімпазы (Ю.И.Ли) бар.  
Елбасының жолдауларында айтылған халықты бұқаралық – көпшілік спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, ауданда құрылған «Мақтарал футбол клубы» 2013 жылдың наурыз айынан бері ҚР I -лигасында ойын көрсетуде.
Ал, өткен жылы жасақталған «Жетісай» футбол командасы Қызылорда қаласында  ҚР-ның әуесқой командалары арасындағы ақтық ойынға қатысып, VІ орынға қол жеткізді, ауданның құрама командасы облыс біріншілігінде жүлделі ІІ орынды иемденді.
Сонымен қатар, футболдан мектеп лигасы мен тұрғындар арасындағы аудан біріншілігі тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Өткен жылы Алпамыс батыр ескерткіші, Атакент кентінен өнер және спорт жұлдыздарына арналған аллея  ашылды.
Денсаулық саласы
2014 жылы облыстық бюджет есебінен 1 ауылдық емхана, 4 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 2 медициналық пункттерінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді, 1 фельдшерлік-амбулаториялық пункт 2015 жылға өтпелі. Үстіміздегі жылы 17 фельдшерлік-амбулаториялық пунктін, 2 дәрігерлік амбулаторияның, 3 емхананың құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Сала желісі 134 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 4 – аудандық аурухана, 4 аудандық емхана, 1 қалалық емхана, 5 ауылдық емхана 36 – дәрігерлік амбулатория, 16 – медициналық пункт, 68 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт.
Ішкі саясат
Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында ауданда құрамы 100 адамнан тұратын 24 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, халықпен 100 кездесу өткізіліп, 25 мың адамға Жолдау түсіндірілді.
Аудан тұрғындары арасындағы ынтымақтылықты, татулықты нығайту, діни экстремизімнің алдын алу, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бүгінгі таңда ауданда 60 мешіт, 8 христиандық бағыттағы шіркеулер тұрақты жұмыс жүргізеді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы
Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік саланы кадрлармен қамтамасыз ету және оларды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 300 маманға 129 640 теңгеден көтерме жәрдемақы және 107 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 2 млн. 778 мың теңгеден  бюджеттік кредит берілді.
Қылмыс
Өткен жылы жалпы 1231 қылмыс тіркеліп, оның 718-і (58,3%) ашылды. Ал, орын алған жол апатының саны 103 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37 – ге немесе 62 пайызға кеміген.

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!