Сәрсенбі, 21 Қаңтар 2015

Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау,бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы PDF Печать Email

ЖОБА

Мақтаарал ауданының ауылдық елді
мекендеріне  жұмыс iстеу және тұру
үшiн келген денсаулық сақтау,бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру,мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына  2015  жылы көтерме жәрдемақы
және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн
әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына және аудан әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.  Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, 2015 жылы бір маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2.  Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                    

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                  

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!