Сенбі, 10 Қаңтар 2015

Мақтаарал аудандық мәслихатының 24 ақпан 2014 жылғы №28-150-V «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің жобасы 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
24 ақпан 2014 жылғы №28-150-V
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының        6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Мақтаарал ауданының мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпан №28-150-V «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2573 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай түрде ұсынылады:
Жеңіс күніне орай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған әскери қызметкердің ата-анасына, қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСРО ордендерімен және медальдарімен наградталған адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
9 тармағы мынадай 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға Ұлттық телехабар тарату қызметіне қосылуын қамтамасыз ету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 15 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
9) АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауыруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын Шымкент қаласынан тыс тұратын өтемақы алушылар үшін: ем қабылдау кезінде тиісті жылға бекітілген республикалық бюджетке сәйкес жалақының ең төменгі мөлшері, көлік, тамақ және пәтер жалдау шығындары 22 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».    
2.  Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                           

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                  

 


2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
Жетісай қаласы, 24 желтоқсан 2014 жыл, №38-218-V

 

2015-2017 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2 тармағына, 75-бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2919 тіркелген шешіміне сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 20929562 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1608008 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12001 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 19299553 мың теңге;
2) шығындар – 20930213 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -50693 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 50042 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -50042 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 50042 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 14749043 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві 10000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған, 2015 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. 2015 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте қала, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына сәйкес, 2015 жылға ауылдық жерде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
8. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                            Б.Жұманов

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                   О.Дәндібаев

 

Шешім Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда №2944 болып енгізілді.

Приложение к решению Мактааральского районного маслихата от 24 декабря 2014 года № 38-218-V
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-218-V шешіміне қосымша
 


Мақтарал ауданы әкімдігі бойынша 2015 жылдың 8 қаңтарына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы МӘЛІМЕТ PDF Печать Email


р/с

Бос лауазым атауы

Санаты

Біліктілік талапқа сәйкес қажетті мамандық

Ескертпе

1

Аудан әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы

E-3

Білім, гуманитарлық, құқық (заңтану), журналистика.

 

2

Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің жетекші маманы
(негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына, 2015 жылдың 1 наурызына дейін)

E-5

Құқық (заңтану) мамандығы. 

 

3

Құрылыс бөлімінің бас маманы

E-R-4

Құрылыс, сәулет.

 

4

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр. 

 

5

Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша

Е-G-3

Коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, құқық(заңтану), экономика, менеджер, есеп және аудит, қаржы, техникалық

 

6

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

7

Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

8

Мырзакент кенті әкімі аппаратының бас маман-ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

9

Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

10

Мақтарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

11

Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

12

Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -есепшісі

Е-G-3

Экономика, есеп және аудит, қаржы 

 

13

Жетісай қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің жетекші маманы

Е-G-4

-

 

14

Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті

Е-G-4

Экономика, есеп және аудит, қаржы

 

15

Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-кәсіпкерлікті дамыту бойынша

Е-G-4

Құқық(заңтану), экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджер, техникалық, құрылыс, сәулет, ауылшаруашылық, мелекеттік және жергілікті басқару

 

 

Барлығы

15 бірлік

 

 

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!