Қазан 2014

Мақтарал ауданы Қарақай ауылдық округі бойынша бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі №1 PDF Печать Email

Мақтарал ауданы Қарақай ауылдық округі бойынша бюджеттік субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі №1

1) ағымдағы жылы гербицидтер жеткізушілерден гербицидтер сатып алған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің  атауы АШТӨ басшысының аты-жөні ЖСН/БСН Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ағымдағы шоты Гербицид түрі Сатып алынған гербицидтердің көлемі, литр 1 литр гербицидтердің құны, теңге Өтелуі тиіс сома, теңге
БСК ЖСК
1 "Кетебай" ӨК Бекенов Саду 960240001444 KZKOKZKX KZ619260801149199000 Торнадо 500,0 1600 384000,0
Барлығы           500,0   384000,0

 

 


«Толағай» отбасылық сайысы PDF Печать Email

14-қыркүйек Халықаралық отбасылар күнін мерекелеу аясында, Мақтарал  аудандық  «Жастар орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен, жас отбасылар арасында  «Біз салауатты отбасы» атты спорттық – топтық  Толағай жарысы  болып өтті.   Жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, интеллектуалдық деңгейін арттыру, спорт түрлерін  және  жылжымалы ойындарды  өскелең ұрпаққа дәріптеу  мақсатында өткен бұл іс-шараға аудандық емхана, білім бөлімі және мәдениет бөлімі қызметкерлерінен  құралған 9 команда қатысты. Қаламыздағы  Жеңіс  алаңында  өткен  жарысты   аудан әкімінің орынбасары Ешанқұлова Алтын Күнтуқызы ашып  беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Эстафеталық таяқша, себетке доп салу, шеңберге  доп лақтыру, допты жетелеу, секіртпемен секіру, арқан тартыс, құрбақа  жүру  сынды  7 турдан тұратын  жарысты «Жастар орталығы» мекемесі белгілеген  төрешілер  бақылап  отырды.

  Подробнее...


Ардагерлерді ардақтайық PDF Печать Email

Республикалық «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Нұр Отан» Мақтарал аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ауданымыздағы  әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.   Аталмыш іс-шара жастардың бойына адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру сынды ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жастарды еңбек етуге шақыру мақсатында өткізіліп, оған ауданның жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді жастары, БАҚ өкілдері, қала, кент, ауыл округтердегі әлеуметтік қызметкерлері белсенділік танытты. Акция барысында жастар Жетісай, Атакент өңірлеріндегі ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жалғыз басты 26 қарияның үйлеріне барып, үй жұмыстарына қолдан келгенше көмек көрсетті.  «Қарттарын ардақтаған ел ардақты» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса жазып қойған хатпен тең дегендей, тәлім-тәрбиенің,

  Подробнее...


«Маусымашар – 2014» Жайдарман ойыны өтті PDF Печать Email

Жайдарман ойыны – бүгінгі таңда еліміздің жастары үшін үлкен маңызға ие болған жоба. Жастардың бұл өнерге деген қызығушылығы да басым. Ойналатын әзілдердің сапасы, мағынасы да жоғарылап, жастардың тәрбиесінде де ролі артқан.   Жуырда көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобаны «Қазақстан КВН одағы» Мақтарал ауданы КВН» филиалы мен «Мақтарал жастары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Жастар орталығы» КММ мен «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырып өткізді.  Жастардың бойындағы мәдениеттілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, танымдық қабілеті мен сахна мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің дамуына, жандануына үлес қосу мақсатында өткен ойын Асықата, Атакент, Мырзакент, Жетісай өңірлерінде өтіп, оған жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен мектептерден 45-ке жуық топ қатысты.    Сайыста қатысушылар «Әдебиет маусымын қайталау» тақырыбы аясында әзілдерін ұсынды. Көрермендеріне күлкі сыйлап жүрген Жайдарман жастары бұл жолыда ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен сайысты қызықты өткізе білді.    

  Подробнее...


Туристік көпсайыстан «Алтын күз» жарысы өтті PDF Печать Email

Жуырда аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар   орталығы» КММ және «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық    орталығының» ұйымдастыруымен қала, кент мектептері оқушыларының    арасында  туристік көпсайыстан «Алтын күз» жарысы болып өтті.
Балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық  бағдарлауды, спорттың    туризм  тәсілдерін  және салауатты өмір салтын  насихаттау, жас туристердің    ептіліктері мен дағдыларын шыңдау, қала, кент мектептері  арасынан ең үздік туристік топты анықтау және іс- тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген     туристік көпсайыс екі кезең бойынша өтіп, қала, кент мектептерінен қатысқан 25 команданың ішінен іріктеліп, екінші кезеңге 12 топ жолдама алды. Құрамы төрт оқушыдан жасақталған, жарыстың финалдық кезеңіне өткен командалар орталық «Жастар  саябағы» аумағында кедергілер жолы, түйіндерді байлау, табиғи материалдардан жасалған заттар көрмесі, туристік тұрмыс, туристік әндер орындау сияқты  шарттар  бойынша  сынға  түсті.

  Подробнее...


«Таза қала акциясы» атты сенбілік өтті PDF Печать Email

Өткен  сенбіде  Мақтарал  аудандық «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  мен  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  Жетісай қаласында «Таза қала акциясы»  сенбілігін  ұйымдастырды. Аталмыш  шара таңертең орталық  «Жастар  саябағы»  аумағында  қызу басталып кетті. Оған қаламыздағы жоғары және арнаулы  орта оқу орындарынан 200-дей студенттер қатысты. Белсенді жастар көпшілікпен бітетін ауқымды істен шет қалмай өздеріне   тапсырылған   аймақтарды   зор    жауапкершілік   сезіне   отырып, тиянақты   тазалық жұмыстарын  жүргізді. «Бірлесе  көтерген   жүк   жеңіл»  демекші, осындай   ұйымшылдықтың  арқасында орталық саябақ күл-қоқыстан тазартылды. Бұл Отансүйгіштік іс –шара жастардың табиғатқа, қаламызға  деген   қамқорлығын, сүйіспеншілігін, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына, гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттырды.   Сенбілік соңында тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан оқу орындарының ұжымдары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған  алғыс   хаттармен марапатталды. 

 


Салауатты өмір салтын насихаттаған шара PDF Печать Email

«Денсаулық – зор байлық» деп халық бекер айтпаған. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған теңдессіз сыйлығы. Әйтсе де, денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген. Сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.
«Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген Елбасының өзі жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында еліміздегі денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударып, қолдау көрсетіп келеді.
Халықаралық Денсаулық күніне орай «Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі өтті.Салауатты өмір

  Подробнее...


Жас кәсіпкерлер семинары PDF Печать Email

Жуырда Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық округіндегі «Қаршыға» шаруа қожалығында облыстық «Жастар орталықтары» директорлары, кәсіпкерлік саласы бойынша мамандары және жас кәсіпкерлердің қатысуымен «Жастар кәсіпкерлікке» деген тақырыпта облыстық семинар-кеңес болып өтті.      Елбасының «Қазақстан – 2050» жолдауындағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларын дамытуға басымдық беріп, қойылған жаңа міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуына  қолдау көрсету, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген  жастардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру, мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпараттар

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!