Сәрсенбі, 13 Тамыз 2014

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №26-134-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы PDF Печать Email

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2013 жылғы 23 желтоқсандағы «2014-2016
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№26-134-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңының 21-бабы 4-тармағына және «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 шілдедегі №29/226-V шешіміне сәйкес Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы №26-134-V шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1. Мақтаарал ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1-3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 25235395 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1594447 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13496 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15080 мың теңге;
трансферттер түсімі – 23612372 мың теңге;
2) шығындар – 25271063 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 262115 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 294468 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 32353 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 46199 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 46199 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -343982 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 343982 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 294468 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 31702 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 81216 мың тенге.
Көрсетілген шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім www.maktaral.gov.kz. ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                    Р. Елшібаев

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!