Шілде 2014

Мақтарал ауданы әкімдігі бойынша 2014 жылдың 24 шілдесіне бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы МӘЛІМЕТ PDF Печать Email


р/с

Бос лауазым атауы

Санаты

Біліктілік талапқа сәйкес қажетті мамандық

Ескертпе

1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі басшысының орынбасары

E-R-2

Коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, гидромелиорация, ирригация, жылу, энергетика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары.

 

2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің тұрғын үй секторының бас маманы

E-R-4

Коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет,гидромелиорация, ирригация, жылу,энергетика мамандықтары

 

3

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы

E-R-4

Коммуналдық шаруашылық, құрылыс,сәулет,
гидромелиорация, ирригация, жылу,энергетика мамандықтары.

 

4

Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп бойынша

Е-G-3

Білім, гуманитарлық, құқық (заңтану), экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджер, техникалық,  құрылыс,  сәулет,  ауылшаруашылық,  ветеринария, мәдениет,  әлеуметтік,  мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандықтары

 

5

Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр. 

 

6

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр. 

 

7

Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр. 

 

8

Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр. 

 

9

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр. 

 

10

Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы

Е-G-3

Ауылшаруашылық, құқық (заңтану), жерге орналастыру, кадастр мамандықтары. 

 

11

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

12

Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

13

Мырзакент кенті әкімі аппаратының бас маман-ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

14

Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

15

Мақтарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман -ветеринары

Е-G-3

Ветеринария

 

16

Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман- мәдениет және әлеуметтік сала бойынша

Е-G-3

Білім, құқық(заңтану), әлеуметтік жұмыс, мәдени жұмыс, кітапхана ісі,  әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

17

Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман- мәдениет және әлеуметтік сала бойынша

Е-G-3

Білім, құқық(заңтану), әлеуметтік жұмыс, мәдени жұмыс, кітапхана ісі,  әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

18

Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті

Е-G-4

Экономика, есеп және аудит, қаржы мамандықтары.

 

19

Абай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-заңгері

Е-G-4

Құқық (заңтану)

 

20

Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті

Е-G-4

Экономика, есеп және аудит, қаржы мамандықтары.

 

21

Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті

Е-G-4

Экономика, есеп және аудит, қаржы мамандықтары.

 

22

Мырзакент кенті әкімі аппаратының жетекші маман-кәсіпкерлікті дамыту бойынша

Е-G-4

-

 

23

Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті

Е-G-4

Экономика, есеп және аудит, қаржы мамандықтары.

 

 

Барлығы

23 бірлік

 

 

 


Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы №3-13-V «Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы PDF Печать Email

Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі
Жетісай қаласы, 26 маусым 2014 жыл, №32-187-V

Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2012 жылғы 30
наурыздағы №3-13-V «Мақтарал
ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй  көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін бекіту
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу
туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы №3-13-V «Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй  көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-7-166 тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы «Мақтаарал» газетінде  жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
15 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«15. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту) шешiмiн қабылдайды.». 
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                           Қ.Сәрсекбаев

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                   О.Дәндібаев

Шешім Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 22 шілдеде №2724 болып енгізілді.

 


«Жаңа серпін» жастар марафоны өтті PDF Печать Email
ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» МКМ тапсырысы аясында «Қазақстан – 2030» жас патриоттар одағы» қоғамдық бірлестігінің және Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңа серпін» облыстық жастар марафоны өтті.  Еліміздің индустриялық өрлеуіне сәйкес кәсіпкерлікке бейімділігі жоғары, саламатты, білімді, жан-жақты, толерантты, патриот жас азаматтардың қалыптасуына алғы шарттар жасау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан жастары белсене қатысты. Спорттық іс-шаралар мен жас кәсіпкерлер арасында семинар-тренингтер өткізілді.«Жаңа серпін» жастар марафонының бірінші бағыты бойынша «Спорт бізді біріктіреді» аудандық волейбол, футбол және шахматтан спорттық турнирі өткізілді. Турнирге спорттың әр түрі бойынша ауданымыздың қала, кент, ауылдық округтерінен 24 команда қатысып өзара бақ сынасты.
  Подробнее...


Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептердегі аз қамтамасыз етілген оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру конкурсының қорытындыларын жариялау туралы PDF Печать Email

Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептердегі аз қамтамасыз етілген оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру конкурсының қорытындыларын жариялау туралы

  Подробнее...


Тіс емханасы ашылды PDF Печать Email

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауында Мәңгілік елдің бүгінгі және ертенгі ұрпағы денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар болуы тиіс деп айрықша атап көрсетті. Өйткені, күшті мемлекетті денсаулығы мықты азаматтар ғана құра алады. Сондықтан да жаңа заманауи емдеу мекемелерін көптеп ашып, оларды соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету басты міндеттің бірі болып отыр. Бұл орайда, жеке меншіктегі емдеу орындарының да алар орны ерекше.
Жақында Асықата кентіндегі «Бақнұр» атты жеке меншіктегі тіс емханасы ұжымы (бас дәрігері Құрманбек Мырзақұлов) екі қабатты жаңағимаратқа кірді. Мұнда емделушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ауырған тісті жұлатын, емдейтін жаңа технологиялық жабдықтары бар. Емханада 2 тіс дәрігері, 3 тіс технигі халыққа қызмет көрсетеді.

  Подробнее...


Басейннің тұсауы кесілді PDF Печать Email

Сәрсенбі күні Жетісай қаласында аудан тұрғындарының көптен күткен бассейннің ашылу салтанаты болып, тұсауы кесілді. Қалаға кіре беріс жерден орын алған «Акварай» ЖШС «Лауия» жазғы демалыс орнының құрылысы қыста басталған болатын. Бұл демалыс орны заманауи үлгіде барлық талаптарға сай. Ересектерге арналған үлкен хауыздың жанынан кішкентай балаларға да жағдай жасалған. Балаларға арналған бассейннің көлемі 5х10 ш/м болса, ересектердікі 30х10 ш/м. Суының сыйымдылығы 730 тонна. Бассейннің суы көпшіліктің ойлап жүргеніндейжанындағы каналдан емес, ауданымыз бойынша суы тұщы деп саналатын Достық ауыл округіндегі Абай ауылынан тасып толтырылады екен. Су әр жарты сағат сайын фильтмен тазартылып тұрады. Бассейнге түспес алдын қабылдайтын дущы да заманауи үлгіде дайындалыпты. Сондай-ақ, суға түсуге келген көпшіліктің демалып, тамақтануына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Түрлі сусындар мен ас мәзірі тәбетіңді ашады. Әрі ауданымыздың 30-дам астам жұмыссыздары жұмыспен қамтылуда.

  Подробнее...


Жастар салауатты өмір салтын қолдайды PDF Печать Email

Халықаралық есірткіні қолдану мен оның заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп аудан жастары арасында спорттың футбол түрінен «Жастар - салауатты өмір үшін» атты жарысын өткізді.                  Жастар арасында дене шынықтыру, сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту, есірткінің алдын алу және зиянды жақтарын жастарға ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған футбол ойыны Қазыбек би ауыл округіне қарасты М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің алаңында өтіп, оған 14 команда қатысты.  Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы, «Жастар орталығы» директорының орынбасары Мұхтар Бейсенбаев, осы жарыстың өткізілуіне жағдай жасаған мектеп ұжымына алғысын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.      

  Подробнее...


Ауданда І Ұлттық Дельфийлік ойындар өтті PDF Печать Email

Жуырда аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мақтарал» мәдениет үйінде Аудандық І Ұлттық Дельфийлік ойындарын өткізді
Бұл ойын әлемдегі ең ерекше, барлық мәдениет, ұлттық және халықаралық жанрды қамтитын жарыс болып табылады.
Дарынды жастарды қолдау, жас буынның патриоттық санасын және өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген жарысқа ауыл клубтары  мен оқу орындарынан келген 30-дан астам өнерпаздар қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар ұлттық аспаптар домбыра тарту, поэзия, халық биі, эстрадалық ән салу  жанрлары бойынша сайысқа түсті.       
Әр номинация бойынша ауданымызға танымал өнер қайраткерлері енген қазылар алқасы құрылып, сайысты әділ бағалап отырды.       

  Подробнее...


Конкурс туралы хабарландыру PDF Печать Email

Орта білім беру ұйымдарында 
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушілерді таңдау
қағидаларына 2-қосымша

Конкурс туралы хабарландыру

«Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, Жұмыс телефоны (факс): 8(72534) 6-52-61, ұялы телефон: 8 (775) 824-32-18, электрондық поштасы:www.maktaral.gov.kz    
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
         Қызмет:Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептердегі аз қамтамасыз етілген оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру: 1 лот- қаржысы 22248000 теңге, оқушы саны 1545, бағасы 150 теңге;  2 лот- қаржысы 20534400 теңге, оқушы саны 1426, бағасы 150 теңге.
     Қызметті көрсету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйек 31 желтоқсан аралығында.
     Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық
әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
     Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2014 жылғы 21шілде күнін қоса алғанда мына мекенжайбойынша: индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинет сағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін және/немесе «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің www.maktaral.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
     Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді
әлеуетті өнім берушілер «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинетке тапсырады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2014 жылдың 20 шілде сағат 11:00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2014 жылы 22 шілде күні сағат 11:00-де мына мекенжай бойыншаиндекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинеттеашылады.
     Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады: 8(72534) 6-52-61, ұялы телефон: 8 (775) 824-32-18.

 

Мақтарал ауданының білім бөлімі

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!