Сейсенбі, 22 Шілде 2014

Тіс емханасы ашылды PDF Печать Email

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауында Мәңгілік елдің бүгінгі және ертенгі ұрпағы денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар болуы тиіс деп айрықша атап көрсетті. Өйткені, күшті мемлекетті денсаулығы мықты азаматтар ғана құра алады. Сондықтан да жаңа заманауи емдеу мекемелерін көптеп ашып, оларды соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету басты міндеттің бірі болып отыр. Бұл орайда, жеке меншіктегі емдеу орындарының да алар орны ерекше.
Жақында Асықата кентіндегі «Бақнұр» атты жеке меншіктегі тіс емханасы ұжымы (бас дәрігері Құрманбек Мырзақұлов) екі қабатты жаңағимаратқа кірді. Мұнда емделушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ауырған тісті жұлатын, емдейтін жаңа технологиялық жабдықтары бар. Емханада 2 тіс дәрігері, 3 тіс технигі халыққа қызмет көрсетеді.

  Подробнее...


Басейннің тұсауы кесілді PDF Печать Email

Сәрсенбі күні Жетісай қаласында аудан тұрғындарының көптен күткен бассейннің ашылу салтанаты болып, тұсауы кесілді. Қалаға кіре беріс жерден орын алған «Акварай» ЖШС «Лауия» жазғы демалыс орнының құрылысы қыста басталған болатын. Бұл демалыс орны заманауи үлгіде барлық талаптарға сай. Ересектерге арналған үлкен хауыздың жанынан кішкентай балаларға да жағдай жасалған. Балаларға арналған бассейннің көлемі 5х10 ш/м болса, ересектердікі 30х10 ш/м. Суының сыйымдылығы 730 тонна. Бассейннің суы көпшіліктің ойлап жүргеніндейжанындағы каналдан емес, ауданымыз бойынша суы тұщы деп саналатын Достық ауыл округіндегі Абай ауылынан тасып толтырылады екен. Су әр жарты сағат сайын фильтмен тазартылып тұрады. Бассейнге түспес алдын қабылдайтын дущы да заманауи үлгіде дайындалыпты. Сондай-ақ, суға түсуге келген көпшіліктің демалып, тамақтануына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Түрлі сусындар мен ас мәзірі тәбетіңді ашады. Әрі ауданымыздың 30-дам астам жұмыссыздары жұмыспен қамтылуда.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!