Сәрсенбі, 09 Шілде 2014

Жастар салауатты өмір салтын қолдайды PDF Печать Email

Халықаралық есірткіні қолдану мен оның заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп аудан жастары арасында спорттың футбол түрінен «Жастар - салауатты өмір үшін» атты жарысын өткізді.                  Жастар арасында дене шынықтыру, сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту, есірткінің алдын алу және зиянды жақтарын жастарға ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған футбол ойыны Қазыбек би ауыл округіне қарасты М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің алаңында өтіп, оған 14 команда қатысты.  Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы, «Жастар орталығы» директорының орынбасары Мұхтар Бейсенбаев, осы жарыстың өткізілуіне жағдай жасаған мектеп ұжымына алғысын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.      

  Подробнее...


Ауданда І Ұлттық Дельфийлік ойындар өтті PDF Печать Email

Жуырда аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мақтарал» мәдениет үйінде Аудандық І Ұлттық Дельфийлік ойындарын өткізді
Бұл ойын әлемдегі ең ерекше, барлық мәдениет, ұлттық және халықаралық жанрды қамтитын жарыс болып табылады.
Дарынды жастарды қолдау, жас буынның патриоттық санасын және өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген жарысқа ауыл клубтары  мен оқу орындарынан келген 30-дан астам өнерпаздар қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар ұлттық аспаптар домбыра тарту, поэзия, халық биі, эстрадалық ән салу  жанрлары бойынша сайысқа түсті.       
Әр номинация бойынша ауданымызға танымал өнер қайраткерлері енген қазылар алқасы құрылып, сайысты әділ бағалап отырды.       

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!