Білім саласы PDF Печать E-mail

Жалпы мағлұматтар

Мақтарал ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдары, «Білім туралы» заңы, Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 „Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру“ т.б нормативтік құқықтық актілерінің шеңберінде жұмыс жүргізді.

2015 жылдың қыркүйек айында ауданда 122 жалпы, негізгі орта мектеп, 1 дарын мектебі жұмыс істеп тұрды. Оның 117-сы орта, 5-і негізгі. Одан бөлек 2 саз мектебі, 2 спорт мектебі, 1 оқу-өндірістік комбинаты және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді. 2015-2016 оқу жылының басында білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны 67369 оқушы білім алуда.

2015-2016 оқу жылында білім беру ұйымдарында (жалпы, орта, негізгі) барлығы - 8295 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 7698-сі жоғары, 597-і орта арнаулы білімділер. Жоғары санаттысы-731, І санаттысы-2997, ІІ санаттысы-2858, санатсызы-1709 мұғалім.

Аудандық білім бөлімінде штаттық бірлік бойынша білім бөлімі басшысының орынбасары - 1, оқу тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі - 1, әлеуметтік құқық секторының меңгерушісі - 1, 5 бас маман, 1 жетекші маман, 1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 43 әдістемелік кабинет әдіскерлері қызмет атқарады.

Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық жағдайы

Мақтарал ауданында 159 білім бөліміне қарасты білім мекемелері бар, олар: 122 мектеп, 33 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме (балабақша), 4 мектептен тыс мекеме, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негіздегі 202 балабақша жұмыс істейді.

Мақтарал ауданында мемлекеттік 117 орта, 5 негізгі, барлығы 122 мектеп, жұмыс істейді. 89 мектеп типтік үлгідегі ғимараттарда, қалған 33 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Аудан бойынша 118 мектеп жеке қазандықпен, ал 4 мектеп пешпен жылытылады. Жалпы аудандағы 91 мектеп қатты отынмен (көмір), 29 мектеп табиғи газбен, электр қуатымен Пушкин ЖОМ, сұйық отынмен (солярка) «Мырзашөл» ЖОМ-нің жылыту жүйелері жұмыс жасайды.

Аудандағы мемлекеттік 33 балабақшаның 21 типтік үлгідегі, 12 ыңғайластырылған үлгідегі ғимараттарда жайғасқан. 13 балабақша қатты отынмен (көмір), 20 балабақша табиғи газбен жылытылады. Аудандағы 33 балабақшаның жылыту жүйелері жеке қазандықпен жұмыс істейді.

Мектептен тыс мекемелер бар (екі саз мектебі, бір оқу өндірістік комбинаты, бір шығармашылық орталық). Оқу өндірістік комбинаты электр қуатымен, екі саз мектебі, шығармашылық орталық табиғи газбен жылытылады. Жылыту жүйелері жеке қазандықпен жұмыс істейді.

Жеңімпаз «Бердалиев Берик Кудайбергенович» жеке кәсіпкер жоспарланған 12471 тонна қатты отынды 2015 жылдың 1 тамызға дейін толық 100% мекемелерге тасмалданып бітті. Ал электр қуатымен жылытылатын Пушкин жалпы орта мектебі және табиғи газбен жылытылатын 29 мектептердің күзгі-қысқы маусымдарға дайындығы толық қамтамасыз етілген. «Мырзашөл» ЖОМ сұйық отынмен (солярка) жылытылады. 2015-2016 жылға жоспарланған 47,619 тонна сұйық отынды (солярка) жеңіспаз «Ақжан-Агро» ЖШС мекемесі 100% сұйық отынды мекемеге тасмалдады.

Ауданда үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Мақтарал ауданында бір мектеп ғимараты апатты деп танылған (М.Тоқжігітов атындағы ЖОМ).

Қазіргі таңда ол мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2016 жылдың мамыр айында аяқталуы жопарланған.

Мектептің атауы

Мекен-жайы

Ғимаратты салу жылы

Ғимараттың типі

ТЖМ-нің қажетті жұмыстар бойынша ұсынысы

1

Тоқжігітов ЖОМ

Мақтаарал с/о, с.Есентаева

1962

ыңғайласт.

ТЖМ қорытындысы №52, 16.05.2013

Білім саласындағы өзгерістер

Аудан бойынша мектептер 100 пайыз компьютерлендірілген. Мектептерде барлығы 6423 компьютер бар, оның ішінде 5696-сы ауыл мектептерінде. Бір компьютерге аудан бойынша 10,4 оқушыдан келеді. 14 мектеп онлайн сабақтар мен семинарларға қатысуға мүмкіндігі бар, олардың әр қайсысында 5 интерактивті тақтадан орнатылған.

78 мектепте мультимедиялық лингафон кабинеттері бар және бір-бірден интерактивті тақта орнатылған.

122 мектептің барлығы телефондандырылып, 122 мектеп (100%) кең жолақты интернет желісіне қосылған.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан құрылған «Ұлттық білім беру деректер базасы» атты ішкі жүйесінің жұмысын жүргізу мақсатында Білім бөлімінің 27.09.2012ж. мерзіміндегі №09-131 бұйрығына сәйкес «Ұлттық білім беру деректер базасы» атты ішкі жүйендегі әкімшілік есеп беру нысандары бойынша деректер қоры қалыптастырылды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиевтың 13.12.2013 жылғы №4-05-4/3653 хатына сәйкес Мақтарал ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ұлттық білім беру деректер қорындағы 346 білім беру ұйымдарының 316-на БҰ паспортына ЭЦҚ арқылы қол қойылды. Оның ішінде 122 мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы, 65 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар, 34 мемлекеттік балабақшалар және 197 жекеменшік серіктестік негізінде құрылған балабақшалар бар. 2013 жылдың 18-20 желтоқсан күндері аралығында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы 122 мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы, 65 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар, 34 мемлекеттік балабақша және 82 жекеменшік серіктестік негізінде құрылған балабақша ЭЦҚ арқылы қол қойды. Мақтарал ауданының білім бөлімі 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының 57 тармағын орындау аясында 10 облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы орта және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарына «Электрондық оқыту жүйесін енгізу» жұмыстары жүргізілуде.

Жоспардың І кезеңіне сәйкес 2012 жылы Мақтарал ауданы Жетісай қаласында орналасқан №3 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде «Электрондық оқыту» жүйесіне қосылды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жоспарына сәйкес облыс бойынша 2012 жылы 68 мектеп, Мақтарал ауданы бойынша 1 мектеп осы жүйеге толықтай еніп, бүгінгі таңда сол жүйемен жұмыс жүргізуде.

Аталған «Электрондық оқыту» жүйесіне 2013-2014 оқу жылында төмендегі 7 мектеп қосылды. Олар: №6 Момышұлы атындағы МГ, №119 ЖОМ, Абылайхан атындағы ЖОМ, «Мырзакент» ЖОМ, №120 ЖОМ, №121 ЖОМ, «Мақтарал» МГ. Жоғарыда аталған мектептер 2013 жылдың маусым айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс жоспарын бекітті және сол жоспардың негізінде тамыз айының 12-17 аралығында оқыту жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

- Білім мекемелерінің типіне қарай вариативті компоненттері бойынша пәндер тізімі;

- Оқушылардың ата-аналары туралы мәлімет (қосымша №2);

- Сабақ жоспарлары;

- Сабақ кестесі және т.б.

2013 жылдың ақпан айынан бастап төмендегідей кіші жүйелерде жұмыс істеуде:

  1. «Оқу орнын басқару (SMS)» кіші жүйесі;
  2. «Оқытуды басқару (LMS)» кіші жүйесі;
  3. «Білім ұйымдарының порталы (Портал)» кіші жүйесі;
  4. «Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ)» кіші жүйесі.

Мақтарал ауданында қазіргі таңда жалпы 8 мектеп аталған жүйеге қосылған. 2014 жылы «Электрондық оқыту» жүйесіне Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебін және №10 Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебін қосу жоспарлануда.

Мақтарал ауданының білім беру саласы жаңаша оқыту үдерісіне ден қойды. Қазіргі кезде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың және кәсіби дағдыларын дамытудың түбегейлі жаңа жүйесі құрылды.Оқыту технологиясының көкжиегі саналатын Кембридждік оқыту үдерістері заман талабы. Міне, осы бағытта заманымен үндескен Мақтаралдың алғашқы қарлығаштары қанат қақты. 2013 оқу жылында 4 мектеп директоры өтсе, 2014 жылы 28 мектеп директоры оқу тәжірибесінен өтті. 2013 оқу жылдарында І, ІІ, ІІІ деңгейлер бойынша 304 мұғалім курстан өтті.2014 оқу жылында І,ІІ,ІІІ деңгейлер бойынша 243 мұғалім, 2015 оқу жылында І,ІІ,ІІІ деңгейлер бойынша 297 мұғалім өтті. 2015 жылы 30 мектеп директоры өтті.

Білім саласына келген тың өзгерстер – мұғалім үшін ұтымды, балалар үшін тиімді екенін 2014 жылдың қаңтар айынан бері Асық ата төрінде орналасқан №112 жалпы орта мектебінде, «Қайнар», «Жеңіс» мектеп гимназияларындағы және №121 жалпы орта мектебінде өткен аудандық семинарлар дәлелдей түсті. Семинар тақырыптары жаңа оқыту технологиясындағы өзекті мәселелер төңірегінде болды. Семинарлардың мақсаты: Қазақстандық білім беру жағдайында Кембридж оқыту технологиясы негізінде үш деңгейлі бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін іс - жүзіне асыру барысындағы өзекті мәселелерді талқылау, оның шешу жолдарын табу, тиімді әдіс- тәсілдерді ұсыну, мектептердегі жалпы осы деңгей бағытындағы оқыту жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, мектептердегі мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құру жұмыстарына бағыт –бағдар беру болатын. Күтілетін нәтиже-мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің жүйесіне енуіне ықпал ету.Көздеген мақсаттары мен күтілетін нәтижелері Елбасымыздың Жолдауымен үндесіп жатқан бұл семинарларға келген мұғалімдерге берер үлгісі мен жаңа оқыту технологиясына деген құлшынысын арттыруға ықпалы мол болды. Атап айтсақ Пажарес көздеген ұстанымға берік мұғалімдерден жиналған №112 жалпы орта мектебінің ұжымы семинардың ұйымдастыру сәтінен бастап-ақ келген қонақтардың сын тұрғысынан ойлануына түрткі болды. Тіркеу барысындағы Эдворд де Боненің «Ақылдың алты қалпағы» жүйесі бойынша мұғалімдердің кездейсоқ топқа бөлінуі семинардың сәтті өтіп, көздеген мақсатына жетуіне зор септігін тигізді.

Өткізілген семинарлардың негізгі кезеңіндегі коучингтер мен жаңа технология бойынша өткізілген сабақтардағы байқағаным мектеп мұғалімдерінің осы технологияға бейімделіп, төселе бастағаны болса, оқушылардан байқағаным ой еркіндігінің қалыптасқаны. Демек, бұл Кембридж оқыту технологиясы тек балалар үшін, олардың еркін ойлана алуына мүмкіндік тудыра отырып, шығармашылыққа жетелеуге бағытталған іс-әрекетер жиынтығы деп айта аламыз. Бұл семинардағы әрбір іс-әркекеттер осы тұжырымдарды айқындай түсті. Елбасы жолдауына үн қосу, оқушы үнін тыңдау, балаларға өмір бойы қажеттілігіне жарата алатын білім беру, әріптестердің кәсіби дамуына ықпал ету жолындағы бұл үдеріс-мектеп жетістігі, ауданымыздың мақтанышы. Қорыта келгенде, «Мұғалімнің біліктілігін арттыру -елдің алдыңғы қатарда дамуын қамтамасыз ететін іргетас. Себебі, мұғалім зияткерлік капиталды қалыптастыратынын ұмытпайық деп өз іс-әрекеттерімізбен үн қосайық.

Ендеше, әлемдегі өзгерістер легінен тыс қалдырмайтын осындай білім беру жолындағы игі іс - шаралар көбейіп, нәтижесінде балаларымыз болашаққа бай біліммен аттансын.

2014 жылдың 18 сәуірінде «PISA-2015» оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтайтын халықаралық апробациялық зерттеуге Мақтарал ауданынан А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің 37 білім алушысы қатысты.

2014-2015 оқу жылындағы білім саласындағы құрылыс
жұмыстары туралы

Мақтарал ауданы бойынша жаңадан салынған білім нысандары туралы

Мақтарал ауданында 2007 жылы 118 мектептің 50-і типтік ғимараттарда орналасқан болса, бүгінгі таңда мектептің саны 122-ге жетіп, типтік мектеп ғимараты 89, ыңғайластырылғаны 33 болып отыр.

Соңғы жеті жылдың көлемінде ауданда 46 білім мекемелерінің құрылысы жүргізілді, оның ішінде 35 мектепке жаңа оқу ғимараты, екі мектептің қосымша ғимараты пайдалануға беріліп, жаңадан бес мектеп, екі балабақша салынып іске қосылса, пайдаланылмай тұрған екі балабақшаның ғимараты қайта жөндеуден өткізіліп балабақша ретінде пайдалануға берілді.

Жаңадан салынып жатқан білім нысандары

Нысан атауы

Сметалық құны /мың теңге/

Қаржы көзі

Мердігер мекеме

Мерзімі

1

Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылынан 200 орындық мектеп құрылысы

421 558

Аудандық бюджет

"Stroi Business Hoking"ЖШС

2015 жыл желтоқсан

2

Бірлік ауылдық округі Табысты ауылындағы 300 оқушыға арналған И.Панфилов атындағы мектеп құрылысы

501 996

Облыстық және аудандық бюджет

«Маржан» ӨК

2015-2016

3

Достық ауылдық округі, Бескетік ауылындағы 300 оқушыға арналған Ғабдулин атындағы мектеп құрылысы

501 319

Облыстық және аудандық бюджет

«Жилотделстрой»

2015-2016

4

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Мырзатөбе ауылындағы 200 оқушыға арналған М.Өтемісұлы атындағы мектеп құрылысы

387 154

Облыстық және аудандық бюджет

«Бекназ и К» ЖШС

2015-2016

5

Ж.Ералиев ауылдық ауылдық округі, Әлімбетов ауылындағы 200 оқушыға арналған «Сырдария» мектеп құрылыс

388 573

Облыстық және аудандық бюджет

«Перизат-2030» ЖШС

2015-2016

6

Мақтарал ауданы Атакент кенті Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми институты аумағындағы М.Әуезов көшесі бойынан 300 орындық мектеп құрылыс

500 921

Облыстық және аудандық бюджет

«Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС

2015-2016

7

Мақтарал а/о, Есентаев елді мекеніндегі 300 оқушыға арналған мектеп құрылысы

478 207

Республикалық бюджет

«Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС

2015-2016

8

Мырзакент кентінен 280 орындық балабақша құрылысы

585 202

Республикалық және облыстық бюджет

«Талап строй сервис» ЖШС

2015-2016

Мақтарал ауданында 2007 жылы 118 мектептің 50-і типтік ғимараттарда орналасқан болса, бүгінгі таңда мектептің саны 122-ге жетіп, типтік мектеп ғимараты 89, ыңғайластырылғаны 33 болып отыр.

Соңғы жеті жылдың көлемінде ауданда 46 білім мекемелерінің құрылысы жүргізілді, оның ішінде 35 мектепке жаңа оқу ғимараты, екі мектептің қосымша ғимараты пайдалануға беріліп, жаңадан бес мектеп, екі балабақша салынып іске қосылса, пайдаланылмай тұрған екі балабақшаның ғимараты қайта жөндеуден өткізіліп балабақша ретінде пайдалануға берілді.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы

Күрделі жөндеу жұмыстары өтпелі М.Ғабдуллин, №5 А.Байтұрсынов, «Қайнар» жалпы орта мектептеріне 2014-2015 жылдарға 308 млн. 571 мың 781,5 теңге қаралып жұмыстар жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі келісім-шартқа сәйкес 25.08.2015 жыл.

Жұмыс жобасының атауы

Жобалық қуаттылығы

Жалпы құны /мың теңге/

Конкурстық құны /мың теңге/

Мердігер мекеме

Жұмыстың мерзімі

1

М.Габдуллин ЖОМ

700

115716,1

108642,6

«Строй-сервис и Б» ЖШС

2014-2015

2

«Қайнар» ЖОМ

1176

108847,9

102411,6

«Тұлпар-Аманбай Ата-М» ЖШС

2014-2015

3

№5 А.Байтұрсынов ЖОМ

624

103697,9

97517,4

«Шымкент құрылыс» ЖШС

2014-2015

2500

328261,9

308571,6

Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен 14 білім мекемелерінің 2016 жылға күрделі жөндеу жұмыстары үшін қаржы қарастыруға сұраныс берілді.

Мектеп атауы

Ғимарат жылы

Ғимарат типі

ЖСҚ дайындауға қаралған қаржы /мың теңге/

1

Горький МГ

1956

типтік

2500

2

№17 Сәтбаев ЖОМ

1990

типтік

2500

3

Сүлейменов ЖОМ

1982

типтік

2500

4

"Сарыарқа" ЖОМ

1976

типтік

2500

5

Чехов ЖОМ

1963

типтік

2500

6

Айни ЖОМ

1986

типтік

2500

7

Әуезов ЖОМ

1985

типтік

2500

8

Оңдасынов ЖОМ

1978

типтік

2500

9

Амангелді ЖОМ

1987

типтік

2500

10

Әубәкіров ЖОМ

1975

ыңғайлас

2500

11

Бигелдинов ЖОМ

1974

ыңғайлас

2500

12

Жамбыл ЖОМ

1973

типтік

2500

13

№90 Абай ЖОМ

1974

типтік

2500

14

№91 Алтынсарин ЖОМ

1974

типтік

2500

ОңОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы №86 хаттамасының 14-тармағына және 2014 жылғы 7 шілдедегі №91 хаттамасының 10-тармағына сәйкес 2009-2013 жылы құрылысы жүргізілген әлеуметтік нысандарда («Мақтарал» ЖОМ, Ғ.Мүсірепов ЖОМ, М.Мәметова ЖОМ) анықталған кемшіліктер мен ақауларды қалпына келтіру тапсырылған. Осы 3 білім нысанына жобалық-сметалық есептері дайындалып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елді мекен атауы

Бюджеттік мекеменің атауы

Жалпы құны /қажетті қаржы/

Жобалау іздестіру құны /+ҚҚС/

Жұмыс құны

Құжаттарының дайындығы

2015 жылға:

13973,72

273,98

13699,74

1

Атакент кенті, Төреқұлов көшесі, 27

"Мақтарал" ЖОМ

5291,55

103,75

5187,8

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Мұстафа" ЖШС

2

Достық а/о, Достық ауылы, Әбдешов көшесі, 42а

Г.Мүсірепов ЖОМ

3210,04

62,94

3147,1

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Мұстафа" ЖШС

3

Қарақай а/о, Қарақай ауылы

М.Мәметова ЖОМ

5472,13

107,29

5364,84

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Мұстафа" ЖШС

Мақтарал ауданындағы білім нысандарының жылыту қазандықтарын табиғи

газға ауыстырудың 2015 жылға арналған жоспары бекітілген болатын,бүгінгі

таңда Байзақов, Амангелді, Молдағұлова, Жангелдин атындағы жалпы орта

мектептернің жобалық-сметалық есептері дайындалып, қажетті қаржыны

қарастыру үшін аудан әкімдігіне сұраныс берілді.

Елді мекен атауы

Бюджеттік мекеменің атауы

Орындалу мерзімі

Қажетті қаржы

Құжаттарының дайындығы

2015 жылға:

34489,2

1

Қазыбек би а/о, Жамбыл ауылы

Байзақов ЖОМ

2015

11891,53

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Сәулетші" ӨК

2

Қазыбек би а/о, А.Оспанов ауылы

Амангелді ЖОМ

2015

11448,07

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Сәулетші" ӨК

3

Қарақай а/о, Кетебай ауылы

Молдағұлова ЖОМ

2015

4291,2

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Кулбаев" ЖК

4

Жылы су а/о, Баққоныс ауылы

Жангелдин ЖОМ

2015

6858,4

дефектілік акт, жобалық-сметалық есеп, "Сәулетші" ӨК

Ал 2016 жылға 14 білім нысанының жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыру

жоспарланып отыр.

Елді мекен атауы

Бюджеттік мекеменің атауы

Орындалу мерзімі

2016 жылға:

1

Қарақай а/о, Қарақай ауылы

Мәметова ЖОМ

2016

2

Қарақай а/о, Қарақай ауылы

"Сәби" б/б (қосымша ғим)

2016

3

Қарақай а/о, Сәтбаев ауылы

Құдайбердиев ЖОМ

2016

4

Қарақай а/о, Сәтбаев ауылы

"Сәби" б/б (негізгі ғим)

2016

5

Қарақай а/о, Қараөзек ауылы

"Қараөзек" ЖОМ

2016

6

Атамекен а/о, Атамекен ауылы

"Жібек жолы" ЖОМ

2016

7

Атамекен а/о, Мақташы ауылы

"Мақташы" ЖОМ

2016

8

Ынтымақ а/о, Береке ауылы

"Еңбек" ЖОМ

2016

9

Жылы су а/о, Мырзашоқы ауылы

Жансүгіров ЖОМ

2016

10

Мырзакент кенті, Қожанов, 15

Абылайхан ЖОМ

2016

11

Мырзакент кенті, Тайғанов, 46

"Мырзакент" ЖОМ

2016

12

Мырзакент кенті

Пушкин ЖОМ

2016

13

Мырзакент кенті, Жеңіс, н/з

№120 ЖОМ

2016

14

Жаңа жол а/о, Ақжол ауылы

"Жаңа жол" ЖОМ

2016

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуді іске асыру туралы мәлімет

2014-2015 оқу жылында мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы балалардың 100%-ы қамтамасыз етілді.

Аудандағы 3-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі 989 бала бар. Бірқатар дыбыстарды айта алмаумен байланысты фонетикалық-фонематикалық ауытқушылық бар 72 бала «Майра» (12 бала), «Гүлдер» (12 бала), «Бүлдіршін» (12 бала), «Наурыз» (12 бала), «Нұр-Асықата» (12 бала), «Арай» (12 бала) балабақшаларында инклюзивтік білім берумен қамтылып, үлесі 7,3% құрады.

Біліктілікті арттырудан өткен педагогикалық қызметкерлердің үлесі мектепке дейінгі ұйымдарда 18,5% құрап отыр.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жоғары және бірінші біліктілік санаты бар педагог қызметкерлердің үлесі 6% құрайды.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту» және «Сөйлейтін қалам «Зерек» технологиясын ауданымыздағы мектепке дейінгі мекемелерде пайдалану жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, тілдің үштұғырлылығын дамыту туралы қойған міндеттерін орындау мақсатында 2015 жылдың ақпан айының 19 күні білім бөлімінің №203-ж/қ бұйрығының негізінде «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасы «Көптілділікке баулу-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бойынша әдістемелік-эксперимент сипатындағы балабақша болып жұмысын бастады. 2015 жылдың сәуір айының 24 күні №533-ж/қ санды бұйрығының негізінде «Көптілділікке баулу-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» тақырыбында «Наурыз», «Нұр-Асықата», «Күншуақ», «Ақберен», «Бүлдіршін», «Шолпан» балабақшалары әдістемелік-эксперимент сипатындағы балабақшалар болып толықты.

2015 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша бюджеттен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны негізіндегі 32 балабақшада 3385, «мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі 202 балабақшада 17750, мектеп жанындағы 65 мектепке дейінгі шағын орталықта 2490 және арнаулы (коррекциялық) балабақшада 50, барлығы 23675 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 3-6 жас бойынша балаларды қамту 80,7% құрап отыр (1-6 жас бойынша балаларды қамту 60,5%).

Мазмұны

Нысан саны

Топ саны

Бала саны

Педагог қызметкерлер

Кіші қызметкерлер

Тамыз 2015 жыл

300

1016

23675

2462

3257

Арнаулы (коррекциялық) балабақша (МКМ)

1

3

50

13

18

Балабақшалар (МКҚК)

32

164

3385

453

573

«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негізіндегі балабақшалар (ЖШС)

202

727

17750

1679

2549

Мектеп жанындағы шағын орталықтар

65

122

2490

317

117

Электронды оқыту

Аудан бойынша мектептер 100 пайыз компьютерлендірілген. Мектептерде барлығы 6423 компьютер бар, оның ішінде 5696-сы ауылдық мектептерде. Бір компьютерге аудан бойынша 10,4 оқушыдан келеді. 78 мектепте мультимедиялық лингафон кабинеттері, 14 мектептің онлайн сабақтар мен семинарларға қатысуға мүмкіндігі бар және оларда интерактивті тақталар орнатылған. Олар «Қайнар», №4 Абай ЖОМ, «Жеңіс» МГ, №3 Гагарин ЖОМ, А.Байтұрсынов ЖОМ, «Мақтарал» ЖОМ, Б.Момышұлы ат. МГ, №10 Сәтбаев ЖОМ, №1 М.Горький ЖОМ, Комарова ЖОМ, «Тұран» МГ, «Мырзакент» ЖОМ, Ш.Уалиханов ЖОМ, Абылайхан ЖОМ. Бұл мектептердің әр қайсысында 5 интерактивті тақтадан. Интерактивті сабақты өткізу немесе қатысу үшін «Elluminate Live» программалық қамсыздандыру қажет етеді. «Elluminate Live» бағдарламаны пайдалану үшін мектептер ЖШС «Interactiv Kazakhstanмен» 1 жылға келісім шарт түзді.

Бұл келісім шартты жүзеге асыру үшін 2013-2014 оқу жылына арналған білім бөлімінің «Ақпараттандыру туралы» жоспарына сәйкес аталған 14 мектептен басқа тағы 20 мектепке 70 мың теңгеден (барлығы 1 400 000) аудару қажеттілігі туындауда.

78 мектепте интерактивті тақта орнатылған. 121 мектептің барлығы телефондандырылып, 121 мектеп (100%) кең жолақты интернет желісіне қосылған. Ақпараттық технологиялар бойынша пәні мұғалімдері білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы базасында өткен «Flash - анимация», «Intel», «Компьютерлік графика», «BorlandPascal 7.0 бағдарламалау тілі» тақырыптарында мақсатты даярлау курстарынан өтті.

2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын негізгі бағыттарының бірі «Білім мекемелеріне электрондық оқыту жүйесін енгізу» іс-шараларының І кезеңі бойынша №3 Гагарин атындағы жалпы орта мектебі «Электрондық оқыту жүйесіне» қосылу жұмыстары жүргізілуде. «ҰАО» АҚ тарапынан жіберілген техникалық құралдарды қабылдау, «ҰАО» АҚ-на мектепте оқитын оқушылардың, оның ата-аналарының деректемелері және мектеп қызметкерлерінің «Электрондық оқыту жүйесі» бойынша мектепте арнайы курс жоспарланып өткізілді.

Оқулықтармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 79-тармағын орындау мақсатында 2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушыларын жергілікті бюджет есебінен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес жыл сайын кезең-кезеңімен (2011 жылы 4,6,11 сыныптар, 2012 жылы 1,7,8 сыныптар, 2013 жылы 2,9 сыныптар, 2014 жылы 3,5,10 сыныптар, 2015 жылы 1,4,11 сыныптар) сатып алу жолымен 100% тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз жоспарлаған.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі №160 және 14 мамырдағы №217, 2010 жылғы 5 сәуірдегі №152, 6 сәуірдегі №160 және 1 маусымдағы №268, 2011 жылғы 20 ақпандағы №68, 2012 жылғы 20 қаңтардағы №12, 2013 жылғы 22 сәуірдегі №146, 2014 жылғы 28 сәуірдегі №127 және 10 желтоқсандағы №515 бұйрықтарымен бекітілген 2010-2015 жылдары баспадан шыққан білім беру ұйымдарының кітапхана қорындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді оқушылар мен тәрбиеленушілердің пайдалануын қамтамасыз етілуде.

2015-2016 оқу жылына 4,5,6,11 сыныптарға 100 пайыз, 3-сыныптарға ағылшын тілі пәні және 7-сыныптарға информатика пәні 100 пайыз оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды жоспарланған. Ол 336 млн 516 мың 550 теңгені құрайды.

Аудандағы мектеп оқушыларын 2015 жылға түзілген міндеттемеде 4,5,6,11- сыныптардың оқушыларын 100 пайыз, 3-сыныптарға ағылшын тілі және 7-сыныптарға информатика пәні оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен экономикалық негіздемесі бойынша 121 млн. 959 мың теңге қаржы (оның ішінде: оқулықтарды сатып алу-115 млн. 937 мың тенге; оларды мектептерге дейін жеткізу үшін-5 млн 350 мың теңге) бөлінді. Бөлінген қаржыға Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 21-бабына сәйкес 4,5,6-сыныптарға қайта өңделген, 3-сыныптарға ағылшын тілі және 7-сыныптарға алғаш рет басылған информатика оқулықтарын сатып алу үшін аудан мектептерінің сұраныстары бойынша «Атамұра», «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Жазушы», «Білім», «Кембридж» баспалармен келісім-шарттар түзілді. Бұл қаржыға сатып алынған оқулықтар мен оқу-әдістемеліктер қазіргі таңда ауданымызға 100 пайыз келіп, 10 тамызға дейін мектептерге таратылды.

Мектеп оқушыларын 2015 жылға түзілген міндеттемеде 4,5,6,11- сыныптардың оқушыларын 100 пайыз, 3-сыныптарға ағылшын тілі және 7-сыныптарға информатика пәні оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 146 млн 643 мың теңге және жергілікті бюджеттен 65 млн. теңге, оларды мектепке дейін жеткізу үшін-2 млн 500 мың теңге қосымша қаржы бөлінді (жалпы 214 млн 143 мың теңге).

Бөлінген қаржыға Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 21-бабына сәйкес 11-ші сыныптарының оқулықтарын сатып алу үшін аудан мектептерінің сұраныстары бойынша «Атамұра» (87881 дана 60 млн 139 мың 890 теңге), «Арман ПВ» (15214 дана 15 млн 343 мың 020 теңге), «Кембридж» (11114 дана 17 млн 060 мың 988 теңге), «Мектеп» (60318 дана 49 млн 305 мың 300 теңге), «Келешек-2030» (12292 дана 10 млн 466 мың 340 теңге), «Білім» (15069 дана 10 млн 519 мың 980 теңге), «Жазушы» (4026 дана 3 млн 021мың 300 теңге), «Алматыкітап» (25290 дана 16 млн 110 мың450 теңге), «Бөбек» (47801 дана 23 млн 202 мың 932 теңге) баспалармен келісім-шарттар ағымдағы жылдың 21 шілде айында түзілді. (жалпы 433627 дана 327 млн 580 мың теңге).

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайы

Мақтарал ауданы бойынша жаңартылған білім беру бойынша эксперимент жүргізіліп жатқан мектептер жоқ. Бірақ 10-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік сыныптар ұйымдастырылған. Атап айтқанда 10 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта 167 сынып комплектісінде 3148 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 111 сынып комплектісінде 1924 оқушы, 11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытта 184 сынып комплектісінде 3163 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 111 сынып комплектісінде 1827 оқушы топтастырылған, жалпы аудан бойынша 10-11сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытта
351 сынып комплектісінде 6311 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытта
222 сынып комплектісінде 3751 оқушы топтастырылып, білім алуда.

Педагогтардың біліктілігін арттыру

Білім саласы қызметкерлеріне қойылатын талаптар жыл санап күрделеніп отырғаны белгілі. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Өркениет көшіне ілесе білу үшін, әсіресе, ағарту саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер артылып отыр. 2014 жылы ОҚО білім басқармасының хаты негізінде Алматы қаласында ҚР ББЖБ және ҒПҚБАРИ –ның базасында ІІ деңгейдегі жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттырудың 3 айлық курсына 12 мұғалім жіберілді.

ОҚО білім басқармасының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қаласындағы филиалында педагог кадрлардың І және ІІІ деңгейі бойынша курс өтуіне байланысты 20 мұғалім курсқа жіберілді.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2014 жылдың қаңтар айының 27-29 күндері Шымкент қаласындағы №65 МГ-ның базасында «Оқытудың интерактивті және инклюзивті болуы білім сапасын арттыру кепілі» тақырыбында облыстық семинарға мұғалімдер қатысып қайтты.

ОҚО білім басқармасының хаттарына сәйкес мектеп директорлары Астана қаласына 4 мектеп директоры және Алматы қаласына 4 мектеп директорлары 3 айлық курсқа жіберілді. №112 ЖОМ-ның базасында «Кембридж оқыту технологиясы негізінде Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары» тақырыбында аудандық семинар өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 24.07.2014 жылы жіберілген №1-11-476 санды хаты бойынша Мақтарал ауданы көлемінде РISА халықаралық зерттеу бойынша қазақ тілі мен әдебиеті 50 мұғалім, орыс тілі мен әдебиеті 50 мұғалім, математика 25 мұғалім, информатика 2 мұғалім, физика 33 мұғалім, химия-биология 50 мұғалім, география 40 мұғалім.20.10-01.11.2014 жыл аралығында курстық даярлықтан 250 ұстаз өтті.

Педагогтарды аттестаттау

2014-2015 оқу жылы жылы жоғары санатқа өтуге өтініш білдірген педагог қызметкерлер –290, жоғары санатты растауға өтініш білдірген педагог қызметкерлер – 109 І санатқа өтуге өтініш білдірген педагог қызметкерлер – 334, І санатты растауға өтініш білдірген педагог қызметкерлер – 293.

Аттестаттаудан өтуге өтініш білдірген педагог қызметкерлердің құжаттары, материалдары Мақтарал ауданының білім бөлімінің аттестаттау комиссиясының отырысында қаралып, жоғары санат алуға және растауға лайықты деп табылған педагог қызметкерлердің тізімі, аттестаттау комиссиясының шешімі, тиісті құжаттары облыстық білім басқармасына жіберілді. Облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясының шешімімен жоғары санат берілген педагог қызметкерлер саны – 105, жоғары санаты расталған педагог қызметкерлер саны- 109, Мақтарал ауданының білім бөлімінің аттестаттау комиссиясының 06.06.2014 жылғы № 1 бекіту, №2 өту шешімімен І санат берілген педагог қызметкерлер саны – 334, ал І санаты расталған педагог қызметкерлер саны – 293 болды.

Психологиялық қызмет

Білім бөлімінің сенім телефондарының қызметі туралы хабарламалар аудандық «Мақтарал» және «Өркен» газеттерінде жарияланды. Сенім телефондарына түскен ақпараттарға талдау жасалынып, балалардың құқықтарын қорғау департаментіне жіберіледі. Білім мекемелеріндегі педагог-психологтар оқушылардың психологиялық ахуалын анықтау және коррекциялау мақсатында білім бөлімінің бұйрығына сәйкес сәуір-мамыр және қыркүйек-қазан айларында мониторинг жүргізді. Мониторингті сапалы атқару мақсатында мамыр және қазан айларында «Диагностикалық жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері», «Түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыру» тақырыбында педагог-психологтардың аудандық семинар практикумдары өткізілді.

2014 жылдың наурыз айында мектептердің педагог-психологтарымен «Оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындау әдістері» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өткізілді. 2014 жылдың ақпанның 24 мен наурыздың 01 аралығында барлық мектептерде психологиялық апталықтар өткізілді. 2014 жылдың сәуір айында Асықата өңірі мектептерінің педагог-психологтарымен «Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. «Сенің көңіл күйің қандай», «Кикілжің дегеніміз не?» тақырыбында ата-аналарға және оқушыларға арналған психологиялық сабақтар мен тренингтер өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында оқушылардың беймазалық жай-күйін төмендету мақсатында педагог-психологтар психологиялық сабақтарын жүргізуде. Педагог-психологтар бітірушілерді сенімді іс-әрекетіне үйрету, танымдық қабілеттерінің деңгейін көтеру бойынша баяндамалар оқылып, жаттығулар көрсетілді.

Жұмыс барысында тәжірибелі мамандар тарапынан сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне, аутоагрессияға бейім балаларды дер кезінде анықтау және күйзелістің алдын алу бойынша кеңестер берілді және әдістемелік көмек көрсетілді.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Мақтарал ауданы бойынша 122 мектептің 75-сінде асхана, 47-інде буфет

жұмыс істейді. Осыған қарамастан бөлімге қарасты мектептерде

ыңғайластырылған буфеттерде 50325 бала ыстық тамақпен қамтылуда.

Ыстық тамақпен 2863 бала қамтылған, оның ішінде аз қамтамасыз етілген

отбасынан шыққан 2435 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Спорттық іс шаралар

Мақтарал ауданы бойынша 2015-2016 оқу жылда жалпы саны 560 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақ берді. Білімдері бойынша жоғары білімді мұғалім 502 болса, арнаулы орта білімді мұғалім саны 58, санаттары бойынша жоғарғы санат-15, І-санат 147, ІІ санатты мұғалімдер 230 ал тұрақты санаттылар саны 184 мұғалім. Күндізгі бөлімде оқығандар саны- 251 ол 44,8 пайыз болса, сырттай оқығандары- 309 ол 55,1 пайызды құрайды.

Аудандағы мектептерде қазіргі таңда 93 жалпы орта мектепте 100 спорт зал жұмыс істейді ол 76,2 пайызды құрайды. Алайда меткептердің біразының спорт залдарының тозығы жеткен, едендері жарамайды. А.Байтұрсынов, «Сарыарқа» ЖОМ, спорт залдары апаттық жағдайда, күрделі жөндеуді талап етеді (А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ –де күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр).

Сонымен қоса 122 жалпы орта мектепте 520 спорт алаңдары олар төмендегіше футбол алаңы–76, кіші футбол алаңы 81, баскетбол алаңы-122, волейбол алаңы-144, қол добы алаңы-19 және 72- гимнастикалық қалашық, тағы басқа алаңдар саны 6. Спорт алаңдарының көпшілігі сын көтемейтін дәрежеде, сызықтары сызылмаған, сырланбаған, техникалық талаптары сақталмаған.

Білім беру ұйымдарында - 1273 спорттық үйірмелер 12 түрінен жұмыс істеуде олар футбол, волейбол, баскетбол, күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, бокс, жеңіл атлетика, қол добы, үстел теннисі, таэквондо үйірмелеріне 26863 оқушы қамтылған аудан оқушыларына шаққанда 40,2 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай «Есірткісіз-болашаққа» ұранмен мектеп оқушылары арасында спартакиада өткізілді.Қазіргі таңда Ұлы жеңістің 70 жылдығы және Ел тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай мектеп мұғалімдері арасында спорттың 7 түрінен, сонымен қатар туризмнен жарыстар ұйымдастырылуда. Мектеп оқушылары арасында футболдан Мақтарал ауданы мектеп оқушыларының лига ойындары өткізілуде. Бөлімнің жоспарына сәйкес даталы және демалыс күндері түрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізілуде.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлық, есірткі құмарлық пен бала еңбегінің алдын алу мәселелері

2015-2016 оқу жылында Б.Момышұлы атындағы гимназия мектебінде Мақтарал ауданының әкімдігі, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!» тақырыбында бірлескен жиналысы өткізілді.

Аталған жиналысқа Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері, барлығы 138 адам қатысты. Осы жиналыста Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары А.К.Ешанқұлова «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!» республикалық шығармашылық конкурсы туралы айтып, аталған конкурс 2013 жылдың қараша айында ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті тарапынан Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз!» ұйымдастырылды.Жуырда осы конкурстың қорытындысы шығарылып, Б.Момышұлы ат. гимназия мектебінің 10“Ә”сынып оқушысы Бекпатша Айжанның «Есірткі - ел қауіпсіздігіне, әлем қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбындағы шығармасы назарға ілініп, ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры А.Выборовтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Үйірме жұмыстары

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу және жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында мәдени-спорттық секцияларға, үйірмелерге тарту, профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. 2015-2016 оқу жылының басындағы есеп бойынша, қазіргі таңда қосымша білім беру ұйымдары мен түрлі үйірмелерге тартылғандардың жалпы саны 48812 оқушыны, яғни 72,3 пайызды құрады.

Жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында мектептерде түрлі 647 спорттық секция ұйымдастырылған, оларда 26 482 мектеп оқушысы қамтылған. Мектептердегі жалпы саны 1184 сыныптан тыс түрлі үйірмелерге 17 760 оқушы қамтылған.

Бейнебақылау камералары

2013 жылы 29 мектепте бейнебақылау камералары орнатылған.

2014 жылы бюджеттен 15 млн. тенге қаржы қарастырылып, тағы 45 мектепке бейнебақылау камераларын орнатылды. Бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету 60,7 %-ды (74 мектеп) құрады.

«Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі»

Барлық білім мекемелерінде «Сенім телефондары» мен «Сенім

жәшіктері» жұмыс істеуде. Мектеп басшыларына арнайы комиссия құру,

комиссия мүшелерімен біргелікте аптасына кемінде 1 рет сол«Сенім

жәшіктерін» тексеру, арнайы хаттама толтырып, қажетті шаралар қабылдау

туралы тапсырмалар берілді. Бұл іс-шара да қылмыс пен құқық

бұзушылықтың алдын алуға өз септігін тигізуде. Алынған мәліметтерге

және бірқатар мектепке жүргізілген зерделеу жұмыстары кезінде «Сенім

телефоны» мен «Сенім жәшіктеріне» хабарламалар түсіп жатқандығын,

дегенмен, ол хабарламалар ұсыныс-пікірлер, құттықтаулар түрінде болып

отырғандығын көрсетуде. Бұл жағдай «Сенім телефоны» мен «Сенім

жәшігінің» қызметі туралы оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру

жұмыстары тиісті деңгейде немесе мүлдем жүргізілмегендігін көрсетеді,

сол себепті алдағы уақытта бұл бағытта тиісті әдістемелік көмек берілетін

болады.

Іс-шаралар

"Қазақ КТК (КВН) лигасы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласы Қ. Жандарбеков атындағы драма театрында 2014 жылдың 28 қыркүйек күні түркі тілдес мемлекеттер арасында Мақтарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен КТК (КВН) ойындары болып өтті. Аталмыш іс -шараға Алматы облысы, Жамбыл облысы, Оңүстік Қазақстан облыстарының командаларымен қатар көршілес Қырғыстан Республикасының командалары қатысты. "Қазақ КТК (КВН) лигасы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Әзімхан Ахмет ойын барысын жүргізіп отырды. Білім бөлімінің арнайы тіккен кубогін Республикалық медециналық колледжі "Система" құрама командасы жеңіп алды. Ойынның толық нұсқасын Республикалық СТВ каналының операторлары бейнеге алды.

2015 жылдың 29 қыркүйек күні №121 ЖОМ мектеп директорлары бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлескен ауқымды форум өткізілді. Форумға ардагер ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері қатысты. Форум аясында мұғалімдерге аудандық кәсіподақ комитетімен білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды. Мектеп оқушылары аудандық форумда концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

2015 жылдың 3 қараша күні №3 Ю.Гагарин атындағы ЖОМ-де сағат 10:00-де қала мен қалашықта орналасқан мектептердің оқушылары арасында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша аудандық байқауы өткізілді.

2015 жылдың 27 қараша күні А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ-нің базасында 9-11 арасында оқушылардың қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыру, лингвистикалық ғылымды дамыту, олимпиада резервтерін дайындау мақсатында филология, математика, пәндерінен аудандық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қала, қалашықтардан 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жоғарыда аты аталған олимпиаданың облыстық кезеңінен ауданымыздың Горький гимназия мектебінің 11 сынып оқушысы Шекбай Жанерке 3 орын, Б.Момышұлы атындағы гимназия мектебінің 10 сынып оқушысы Батурин Игорь 2 орын, № 3 Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абас Сүндет 3 орынды иеленді.

2015 жылғы 19 қараша күні 2-11 сыныптар арасында «Русский медвежонок – языкознание для всех» халықаралық конкурсы өткізілді. «Русский медвежонок – языкознание для всех» халықаралық конкурсына 74 мектептен 712 оқушы қатысты.

Мақтарал ауданы Асықата кенті №121 жалпы орта мектебінің базасында

2015жыл 04 желтоқсан күні « Білім берудің жаңа бағытында жеке

тұлғаның оқу әрекетіндегі мотивацияны арттыру» тақырыбында

облыстық семинар өтті.

Мақтарал ауданының білім бөлімінің 07.12.2015 жылғы № 1420 ж/қ

бұйрығымен қоғамды-гуманитарлық бағыттағы пәндерінен 9-10-11-сынып

оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңі

2015 жылдың 10-11 желтоқсан күндері № 121 жалпы орта мектебінде,

жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер № 120 жалпы орта

мектебінде өтті.

2015 жылы жазғы кезеңінде ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы туралы

Мақтарал ауданында жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру , балалардың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылығы мен қылмыстың алдын алуды, балалардың денсаулығын нығайту, қауіпсіздігі мен шығармашылық дамуына қажетті жағдай жасау мақсатында мектеп оқушыларының демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру бойынша арнайы іс-шаралар түзіліп, білім мекемелерінде жоспарлы жұмыстар жүргілді.

Ауданда 2014-2015 оқу жылында жазғы демалыспен қамтылуы тиіс 1-10 сынып оқушыларының саны - 62270. Жазғы маусымда 122 білім беру мекемелерінде тамақсыз жұмыс істейтін мектеп алды алаңдарын ашып, бастауыш сыныптардан 22700 баланы (81%) ( 1-4 сыныптарда барлығы 27806 оқушы) қамтылды.

Аудан бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасылары мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қала сыртындағы лагерде демалдыру мақсатында 15 млн, білім беру қызметкерлерінің кәсіподағынан 15 млн, және аудан бюджетінен қосымша 19 млн. теңге қаржы қаралып жаңадан іске қосылатын «Толағай» және «Еркежан» қала сыртындағы сауықтыру лагерінде 2450 оқушы демалды.

2015 жылы жазғы маусымда демалыстың барлық түрімен қамтылған бала саны 59020 болып, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс оқушылардың 94 пайызын құрады.

2015 жылы жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің

жазғы демалысы төменгі кестеге сәйкес жоспарланған

Жазғы демалыс түрлері

1

Барлық оқушылар саны

(1 – 10 сыныптар)

62270

2

Жазғы сауықтырумен қамтылғаны

59020

3

Мектеп жанындағы жазғы лагерлерде

22338

4

Экскурсияларда (жыл бойы)

4060

5

Туристік жорықтарда

(жыл бойы)

4200

6

Қызығушылығы бойынша үйірмелерде

3580

7

Спорттық үйірмелерде

5040

8

Оқушылардың жазғы спартакиадасына

16000

9

Туристік слетте

430

10

Қала сыртындағы лагерде

2450

11

„Тау самалы“ оқу-сауықтыру орталығында (жыл бойы)

612

12

Көкшетаудағы„Балдәурен“ сауық- тыру орталығында (жыл бойы)

10

13

Ата-анасымен басқа қалаларда, шетелдерде демалатын оқушылар саны

300

Барлық қамтылуы тиіс оқушылардың

94%

Әдістемелік кабинет қызметі

Бөлімде 43 әдіскер, 1 әдістемелік кабинет меңгерушісі қызмет етеді. Оның жоғары санаттысы – 19 (44%), І санаттысы – 16 (37%), ІІ санаттысы – 7 (16%). Білім бөлімінде қызмет атқарудағы еңбек өтілдері бойынша 1-3 жыл аралығында – 15 әдіскер (34%), 4-10 жыл аралығында 19 әдіскер (44%), 11-30 жас аралығында 9 әдіскер (22%) қызмет етуде.

Баспасөз құралдарына жарияланған материалдардың саны - 1828. Аудан көлемінде жарық көрген әдістемелік көмекші құралдар саны - 26 болды.

2013 жылы мектеп оқушылары арасында өткен байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздарын төмендегіше саралауға болады:

Жетістіктер

2015 оқу жылындағы облыстық және Республикалық конкурстардың жеңімпаздары (мұғалімдер)

,№

Мектебі

Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Алған орны

Конкурс деңгейі

Өткен мерзімі

1

№ 121 ЖОМ

Қосқараева Гүлнар

Қазақ т

Алғыс хат

Жеңістің 70 жылд. Халықаралық

04.03.2015 ж

2

№ 121 ЖОМ

Дарибаева Нургул

Тарих

Құрмет грамота

Облыстық жас ұрпаққа саналы білім бергені үшін

2015 ж

3

Ерубаев ЖОМ

Арзықұлова Жансұлу

Диплом

«Экология және балалар» облыстық байқау

2015 ж

4

Ерубаев ЖОМ

Арзықұлова Жансұлу

І орын

Республикалық «Қоршаған ортаның жас зерттеушілері» сырттай байқау

2015 ж

5

№4 Абай МГ

Баймурзаева Айнур

Бастауыш

І орын

ІҮ Республ.мұғ-р сайысы «ZIAT»Ғылыми

15.04.2015 ж

6

Қайсенов ЖОМ

Ешмұрзаева Р

Қазақ т

Мадақтама

Республикалық ғылыми жоба жұмысы

14.08.2014 ж

7

№21 Гагарин ЖОМ

Сарыпбекова Дариға

Бастауыш

Мадақтама

«Үздік жас қаламгер»конкурс. Респуб.

21.04.2015 ж

8

Горький МГ

Налибаева Айжан

Ағылшын т

Бас жүлде

Облыстық «Тіл шебері» байқауы

27.04. 2015ж

9

Дәрімбаев ЖОМ

Карабалаева Нышангуль

ІІІ орын

Ү Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсы «ZIAT»

2015 ж

10

«Тұран» МГ

Жиренбаева Жұлдыз

Қазақ т

Алғыс хат

Республикалық Абай оқулары

2015 ж

2014- 2015 жылғы жетістіктер (оқушылар)

Мектебі

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Алған орны

Конкурс деңгейі

Өткен мерзімі

1.

Б.Момышұлы МГ

Сайлау Бекасыл

11 сынып

«Дарын» грамотасы

Орыс тілі мен әдебиеті Республ. Пән олимп.

28.03.2015 ж

2.

Б.Момышұлы МГ

7 оқушы 5 обл, 1респ.1 халық.

Диплом

Қашықтық олимпиада

6.03.2015 ж

3.

Ерубаев ЖОМ

Оңалбай Гүлнұр

8 сынып

ІІІ орын

«Экология және балалар» облыстық байқау

2015 ж

4.

Ерубаев ЖОМ

Сапар Нұрбек

І орын

Республикалық «Қоршаған ортаның жас зерттеушілері» сырттай байқау

2015 ж

5.

Ерубаев ЖОМ

Темірхан Ақмарал І орын

Жетекшісі

Тәшімбаева Тәшімбаева

Облыстық кіші ғылым академиясы

2015 ж

6.

«Үлгілі» ЖОМ

Тұранова Жадыра

11 сынып

І орын

ГРАНТ иегері Қ.А. Яссауий РЕСПУБЛ.

2015 ж

7.

«Үлгілі» ЖОМ

Махметжан Әсел

10 сынып

Сертификат

Құқық пән олимпиада ОБЛ

2015 ж

8.

Әбдалиев ЖОМ

Әбілһақ Бекзат

Жетекшісі

Карамырзаева Рабиға

Қазіргі заманның өзекті мәселелері Респуб.

ЗИАТ 2015 ж

9.

Әбдалиев ЖОМ

Ибадулла Гулдана

Жетекшісі

Нуридинова Феруза

Қазіргі заманның өзекті мәселелері Респуб.

ЗИАТ 2015 ж

10.

Әбдалиев ЖОМ

Оразбай Ажар ІІІ орын

3 сынып

ІІІ орын

«Зерек» ғылыми жұмыс «ZIAT» Республ.

10.04.2015 ж

11.

Әбдалиев ЖОМ

Серікбай Бибінұр ІІ орын

Жетекшісі

Алтаева Назира

«Зерек» ғылыми жұмыс «ZIAT» Республ.

10.04.2015 ж

12.

Әбдалиев ЖОМ

Абдулла Сұлухан ІІ орын

Жетекшісі

Тулепова Кулдан

«Зерек» ғылыми жұмыс «ZIAT» Республ.

10.04.2015 ж

13.

Әбдалиев ЖОМ

Садық Диана ІІІ орын

Жетекшісі

Ахаева Райхан

«Зерек» ғылыми жұмыс «ZIAT» Республ.

10.04.2015 ж

14.

Әбдалиев ЖОМ

Абдурахманова Назым ІІ орын

Жетекшісі

Тлеспаева Күлжан

«Зерек» ғылыми жұмыс «ZIAT» Республ.

10.04.2015 ж

15.

Құдайбердиев ЖОМ

Жәми Аружан 3 грамота

11 сынып

І орын

ГРАНТ иегері Қ.А. Яссауий РЕСПУБЛ.

2015 ж

16.

№17 Қастеев ЖОМ

Сарымсақов Д, Култас Ақерке

5-9 сынып

Үздік нәтиже

Қашықтық олимпиада

2015 жыл

17.

№ 90 Абай ЖОМ

7 оқушы ІІ орын-2, ІІІ орын-5

ІІ, ІІІ орын

Облыстық«Алтын ұрпақ -2015»

2015 ж

18.

№ 90 Абай ЖОМ

Бактыбаева Айдана

8 сынып

ІІ орын

Халықаралық «Бридж булдок» интеллектуалды конкурс

2014 ж

19.

№ 121 ЖОМ

Шадиярхан Батыр

11 сынып

Бас жүлде

Грант иегері Әл Фараби ұлттық унив.Матем-физика ж/е механика бағыты бойынша ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

04.04.2015 ж

20.

№ 121 ЖОМ

Алтынбекова Айгерім

Қазақ т

ІІІ орын

Жеңістің 70 жылд. Халықаралық

04.03.2015 ж

21.

Қайсенов ЖОМ

Аман Айсана

Мадақтама

Республикалық ғылыми жоба жұмысы

14.08.2014 ж

22.

Дәрімбаев ЖОМ

Жунис Арайлым

Жетекшісі

Кудайбергенова Ултай

ІІІ орын «Ер есімі ел есінде» интернет олимп

05.05.2015 ж

23.

Дәрімбаев ЖОМ

Утегенова Балжан

Жетекшісі

Кудайбергенова Ултай

«Ер есімі ел есінде» интернет олимп

05.05.2015 ж

24.

Дәрімбаев ЖОМ

Тулен Елнур

Жетекшісі

Кудайбергенова Ултай

ІІІ орын «Ер есімі ел есінде» интернет олимп

05.05.2015 ж

25.

Дәрімбаев ЖОМ

Тасыбек Дана

Жетекшісі

Кудайбергенова Ултай

ІІІ орын «Ер есімі ел есінде» интернет олимп

05.05.2015 ж

26.

Титов ЖОМ

Ахтай Гүлназ

10 сынып

Х Халықаралық ғылыми жарыстарының жеңімпазы 2014 жылы Грант иегері

2014 ж

27.

№ 21 Гагарин ЖОМ

Жақып Айкен

11 сынып

ІІІ орын

ІХ Респуб. «Ақ қауырсын» шығарма

24.04.2015 ж

28.

№21 Гагарин ЖОМ

Жақып Айкен

11 сынып

І орын

«Үздік жас қаламгер»конкурс. Респуб.

21.04.2015 ж

29.

№ 21 Гагарин ЖОМ

7 оқушы жетекшісімен

9 сынып

Алғыс хат

Республикалық «Биолог анықтамалығы»

04.03.2015 ж

30.

Тоқжігітов ЖОМ

4 оқушы

І,ІІІ орын

Қашықтық олимпиада Респуб

2015ж

31.

№91 Алтынсарин ЖОМ

Күзбай Ақжүніс

5 сынып

Бас жүлде

Қазақ батырлық эпос жыршылары байқауы Обл

2015 ж

32.

№91 Алтынсарин ЖОМ

Стамқұлов Темірлан

7 сынып

ІІ орын

Қазақ батырлық эпос жыршылары байқауы Обл

2015 ж

33.

№91 Алтынсарин ЖОМ

Шекербек Айдана

7 сынып

ІІІ орын

Облыстық оқуларының жеңімпазы

Б. Момышұлы

14.12.2014 ж

34.

Түркістан ЖОМ

11 оқушы І-3, ІІ-3, ІІІ-5

1-11 сынып

І, ІІ, ІІІ орын

Видеоурок

29.04.2015ж

35.

Торайғыров ЖОМ

Базаралиев Асылбек

6 сынып

ІІ орын

Дистанционная олимпиада. ОБЛ

2015 ж

36.

Торайғыров ЖОМ

Уралхан Бекарыс

8 сынып

ІІ орын

Дистанционная олимпиада. ОБЛ

2015 ж

37.

Торайғыров ЖОМ

Татанова Арайлым

8 сынып

ІІ орын

Дистанционная олимпиада. ОБЛ

2015 ж

Әдіскерлер

әдіскерлердің аты-жөні

Пәні

Алған орны

Конкурс деңгейі

Өткен мерзімі

1

Исаева Разия

Тарих

Алғыс хат

Облыстық «Ясауитану» білім байқауы

2015 ж

Исаева Разия

Тарих

Алғыс хат

Республикалық «Ясауитану» білім байқауы

2015 ж

3

Мырзалиева Нурсулу

Математика

Грамота

«Функционалдық сауаттылық» жоба

2015 ж

Ұлттық бірыңғай тест

(Орта балл бойынша реттелгені)

Өтілген мерзімі

Қатыс-қан мектеп саны

Қатыс-қан оқушы саны

Қатысу %

Қазақ тілі

Орыс тілі

Қазақстан тарихы

Математика

Таңдау пән

Орта балл

2-8.06.2015 ж

112

2657

63,76

17,97

11,82

18,2

12,76

16,42

77,18

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!