Аудан туралы PDF Печать E-mail

1928 жылы қараша айында Мырзашөл аймағындағы шөл даланы игеру мақсатында Мақтарал ауданы құрылды.
Халық санының өсуінен және игерілген жер көлемінің ұлғаюына байланысты Мақтарал ауданынан Киров (Асықата), Ильич (Атакент) аудандары бөлініп шықты.
1997 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бұрынғы Мақтаарал, Асықата, Жетісай аудандары қосылып, іріленген Мақтарал ауданы құрылды.
Мақтарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының ең қиыр оңтүстігінде орналасқан.  Аудан батысы мен оңтүстігі - Өзбекстан Республикасымен, шығысынан – Сарыағаш ауданымен, солтүстігінен Шардара ауданымен шекаралас.     
Аудан аумағының алаңы 176898 га құрайды, оның ішінде суармалы жер 136000 га. 2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың саны 299,3 мың адам. Әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы, облыс орталығы Шымкент қаласынан 231 км. қашықтықта орналасқан. Аудан 24 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады. Олар - 1 қала, 3 кент және 20 ауылдық округтерінен құралады.  
Әрбір шаршышақырымға шаққандағы халықтың тығыздығы 144,7 адам. Аудандағы 176 елді мекенде 60-тан аса ұлт өкілдері өмір сүруде.  
Аумақтың үлкен бөлігі жазық болып келеді, аудан континентальды климат аймағында орналасқан, жазы ыстық, қысы жылы. Қаңтардағы орташа температура -2,-10 градусты құрайды, шілдеде +45 градусқа дейін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250мм.
Аудан жемiс-жидек, жүзiм, бақша өнiмдерiнің ең үлкен өндiрушi және жеткiзушiсі болып табылады.
Негiзгi өнiм түрi мақта, бидай, жемiс-жидек, бақша дақылдары болып келетін ауыл шаруашылық саласының басым бөлiгiн мақта шаруашылығы 65,2 пайызды құрайды.
Аудан аумағы 5 пен 8 баллға дейін жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!