Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі туралы PDF Печать E-mail

  ЖОБА

 

Аудандық мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін
аудару нормативі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының                           140 бабының 2-тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің  2014 жылғы 1 сәуірдегі №83 қаулысына сәйкес аудан  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза табысының бір бөлігін 45 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
  2. «Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгілеген тәртіпте:
  3. осы қаулыны Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялануын және Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет –ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
  4. «Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі» мемлекеттік мекемесі  /Ғ.Полатов/, «Мақтаарал ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі /Б.Сеитов/ ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының тиісті бөлігін қала бюджетіне толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау жүктелсін.

          3.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4.    Осы қаулының орындалуын бақылау аудан  әкімінің орынбасары Ә.Әбжановқа  жүктелсін.

 

                    Аудан  әкімі                                          С.Тұрбеков

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!