2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ
Жетісай қаласы, 12 ақпан 2014 жыл, №165                                                                               

 

 

2014 жылы қоғамдық
жұмыстарды жергілікті бюджет
қаражаты есебінен ұйымдастыру
және оның көлемі туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі     басқару     туралы»     Қазақстан     Республикасының    2001    жылғы
23 қаңтардағы  Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы   Заңының
7    бабының    5)    тармақшасына    сәйкес    Мақтарал    ауданының     әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
         1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
         2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерi көлемінде бекітілсін.
         3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары                        М.Абуовқа жүктелсін.
         4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

 

            Аудан әкімі                                                                     С. Тұрбеков

 

 

Қаулы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2014 жылғы 21 ақпанда №2538 болып енгізілді.

 

 

 

 

Мақтарал ауданы әкімдігінің
12 ақпан 2014 жылғы
№165 қаулысына қосымша

 

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

 

қ/с

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Адам
саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздері

1

Қала, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің

Көркейту, көгаландыру, аймақтарды тазалау

525

180 гектар

Аудандық бюджет

Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату

24

30000 дана

Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмілетке толмағандардың арасында құқықты бұзұды алдын алу
(«Сақшы» және «Тәртіп»)

25

Қала, кенттер және ауылдық округтері аумағында

Аудандық бюджет

2

«Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекмесі

Жұмыссыздардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу, құжаттарды көбейту және тарату

6

3000 дана

Аудандық бюджет

 

Жалпы

 

580

 

 

Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!