Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы PDF Печать E-mail

ЖОБА

 

 

Мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасын
белгілеу туралы

 

«Қазақастан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтарал  ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдауына орай, заңда белгіленген тәртіппен, тиісті мекемелермен жұмыстар жүргізу «Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі:                                            С.Тұрбеков

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!