Кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы PDF Печать E-mail

ЖОБА      

 

 

Қылмыстық-атқару инспекциясы
пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдар және бас бостандығынан
айыру орындарынан бостылған адамдар,
сондай-ақ итернаттық ұйымдарды бітіруші
кәмелетке толмағандар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының 14-3) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Мақтарал ауданы әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтарал ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан бостылған адамдар, сондай-ақ интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. «Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Жұрымбетов) осы қаулының 1-тармағына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, сондай-ақ интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмемелетке толмағандарды жұмысқа орналасуға жолдаманы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі:                                            С.Тұрбеков

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!