Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту PDF Печать E-mail

Халықты жұмыспен қамту

         Аудан бойынша 2015 жылғы қаңтар айында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 468 адамды құрады. Бөлім арқылы жұмысқа 100 жұмыссыз азаматтар орналасты.

 

Әлеуметтік қорғау, жәрдемақымен қамтамасыз ету және төлеу.

2015 жылғы қаңтар айында аудандағы 331 жалғызбасты асыраушысы жоқ қарияға қызметкерлер қажетті әлеуметтік қызметтер түрлерін көрсетті. Оларға 59 әлеуметтік қызметкерлер үздіксіз қызмет көрсетуде. 30 қарттар мен мүгедектерге 2015 жылғы қаңтар айында демеушілер есебінен 6,6 мың теңге көлемінде ақшалай және азық түлік түрінде көмек берілді. 38 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 9,5 мың теңгеге ыстық тамақ беру арқылы демеушілік көрсетілген және 115 қарт азаматтарға 24,928 мың теңге көлемінде ауыз суға жеңілдік жасалған.
2015 жылғы қаңтар айында 6824 балаларына немесе 1753 отбасына 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақысы тағайындалып, төленген.
Ауданымызда 27 Ұлы Отан соғысының ардагері есепте тұр, олардың ішінде 15 соғысқа қатысушы және 12 соғыс мүгедегі бар. Сонымен қатар 10023 мүгедек бар, олардың ішінде ҰОСМ саны 12, І-ІІ топ мүгедегі 4290, ІІІ топ мүгедегі 4125 және 16 жасқа дейінгі 1596 мүгедек балалары бар.
ҰОС ардагерлеріне демеушілер есебінен 30 кВт электр энергиясын тегін пайдалануға 27 адамға 11,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілген.
Жекелеген санаттағы азаматтарды жоспарға және ережеге сәйкес сауықтыру бойынша іс-шаралардың бірі, олардың шипажайларда және демалыс үйлерінде тегін демалып, ем алу мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
2015 жылғы қаңтар айында “Ардагерлер үйінде”- 38 адам, “Мейір” ардагерлер үйінде – 34 адам демалып, денсаулықтарын түзеп қайтты.
Шымкент қаласында орналасқан мүгедектерді оңалту орталығында 6 мүгедек жолдама арқылы ЛФК емін алып қайтты.

 

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!