Қызылқұм БПҰ ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елінің өткені, бүгіні мен ертеңі» тақырыбында алаңға сурет салудан жас суретшілер байқауы өтті Печать
07.10.2015 00:00

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Осыған орай Қызылқұм ауылдық округгі аумағында Қызылқұм БПҰ-ның ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елінің өткені, бүгіні мен ертеңі» тақырыбында алаңға сурет салудан жас суретшілер  байқауы өтті.

Жас суретшілер алғыс хаттармен марапатталып, оларға келешекте еліміздің тізгінін ұстайтын, ел басқаратын, «елдің ертеңі жастар» екені айтылды.
Ұлы жазушы, әрі ғұлама М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген нақылы еліміздің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз. Жас ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, ел ертеңі. Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге танытсын десек, олардың өздерін де жаңа заманға лайықты етіп тәрбиелеуіміз керек. Себебі ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі деген сөз бар. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін.

Қыызылқұм БПҰ төрағасы  Н.Қойлыбеков