Мақтарал ауданы әкімі журналистерді төл мерекесімен құттықтады. Печать
25.06.2015 00:00

24-ші маусым Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев  БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданымызда өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралардан қалмай қоғамға қосып жүрген үлестері, адал еңбектері үшін алғысын білдіре келе,  республикалық және жергілікті қаламгерлерді арнайы алғыс хатпен, сый-сияпаттармен марапаттады.

Шара аясында Мақтарал ауданының тумасы, журналистер одағының мүшесі, белгілі кәсіпкер, «Алпамыс батыр» қоғамдық қорының президенті  Бауыржан Оңғарбаев ауданымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және спорттық, мәдени тыныс-тіршілігін тынбай жазып жүрген 7 журналистке мерекелік медаль табыстады.

Жиын барысында өңір басшысы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі