«Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!» атты мерекелік шеру өтті Печать
09.06.2015 00:00

Ағымдағы жылдың 4 маусым күні  «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Жас Отан»  Жастар  қанатының ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасы рәміздер  күні мерекесіне орай жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері, аудандағы мекеме қызметкерлері, аурухана, емхана, қала, кент, ауыл округтері, білім бөлімінің қызметкерлерінің    қатысуымен  «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым!» атты  мерекелік шеру өтті. Алдымен жастар Абай гүлзарындағы Абай ескерткіші алдында жиналып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков мерекемен құттықтап, оның мән-маңызын түсіндіріп өтті. Осыдан кейін жастар қаланың орталық М.Әуезов көшесімен Көк Туымызды желбіретіп, ұрандатып жүріп өтіп, «Жеңіс» алаңына жиналды. Орталық алаңда мемлекеттік Ту көтеріліп, әнұран шырқалды. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Концерттік бағдарлама қойылып, іс-шараға қатысушылар оны қызыға тамашалады.  

 «Жастар орталығы» КММ