Алғашқы ҰБТ нәтижесі жоғары Печать
03.06.2015 00:00

2 маусым күні өткен алғашқы ҰБТ сынағына Мақтарал ауданы бойынша 24 мектептен 665 түлек қатысты. Мұндағы орташа көрсеткіш 81,31 балл болды. «Алтын белгіге» үміткер 64 оқушының 51-і өз білімдерін ақтады. «Алтын белгіні» иеленген 51- оқушының 35-і Жетісай қаласындағы №6-шы Б. Момышұлы мектеп-гимназиясының түлектері. Аудан бойынша үздік аттестатқа қол жеткізген 20 түлектің 19-ы да аталмыш білім ордасынан шығып отыр.