1-ші маусым Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы Жеңіс алаңында «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай салтанатты шара өтті Печать
02.06.2015 00:00

Мереке мектеп оқушыларының қатысуымен болған флешмоб пен басталды.
Шара барысында кішкентай бүлдіршіндер асфальтке түрлі борлармен сурет салып, сайысты.
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» - демекші, балаларды қуанышқа бөлеу мақсатында демеушілердің есебінен 140 жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған кішкентайларға демеушілер есебінен балмұздақтар мен түрлі сыйлықтар таратылып, аттракциондар тегін қызмет етті.
Мереке соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі