Жетісай өңірі бойынша мектеп аралық финал ойындары өтті. Печать
26.05.2015 18:00

Бүгінде  «Жайдарман» ойыны  талантты  жастардың  басын  қосатын  және  жастардың  жақсы  көріп, сүйсіне  ойнайтын   сайысына  айналды. Сахна  мәдениеті  мен  шеберлік, сөйлеу  мәнері, ой  ұшқырлығы  сияқты  қасиеттерді  жастардың  бойына  сіңіру, өнерге  деген  шығармашылық  ізденістерін  дамыту  мақсатында   «Жастар орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұйымдастыруымен  Ұлы Жеңістің  70 жылдығына орай  Жетісай өңірі  бойынша мектеп  аралық  «Жайдарман» финал  ойындары  болып  өтті.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен «Өткен күн тарих»  тақырыбындағы  сайыс  - сәлемдесу, бес  жаналық, үй тапсырмасы сынды шарттардан тұрды. Сайысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  П.Есенбеков ашып берді. Әзілқойлар  мен  тапқырлардың  сайысын  «Жастар орталығы» КММ  директоры  М.Нұрымбетов, аудан әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы А.Бахтиярова,  «Жас  Отан» жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы  М.Бейсенбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбаева, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтарал аудандық филиалы директоры С.Кенжебаев  бағалап  отырды.          Жетісай өңірінен маусымда 35 команданың ішінен 6 команда іріктеліп алынды.         Сайыс қорытындысында   І – орын А.Байтұрсынов  жалпы  орта  мектебі «Қазақ жастары» жайдарман тобы, ІІ – орын  Б.Момышұлы   мектеп  гимназиясының «Бауыржанның мақтаныштары»  командаларына  берілді. ІІІ – орынды  Тұран  және Шоқан мектептерінен құралған «Айхай - шу» жайдарман тобы   командалары  өзара  бөлісті. Т.Рұсқұлов жалпы орта мектебінің «Біздің жігіттер» командасының капитаны Талипов Нұрсұлтан Маусымның үздік ойыншысы атағына ие болды. Сайыс  жүлдегерлеріне  дипломдар  мен  заттай  сыйлықтар  табысталды.