Жас туристтер сынға түсті Печать
13.05.2015 15:12

Жуырда  Жетісай  қаласындағы  «Жастар»  саябағында  аудандық   Жастар  орталығы  және   Балалар   мен   жасөспірімдер  шығармашылық   орталығының   ұйымдастыруымен   жастар  арасында   туристік   көпсайыстан  «Көктем  найзағайы»  атты   жарысы   болып   өтті. Аудан көлемінде әр өңірлерде өткізіліп, 12 команда іріктеліп алынды. Жарыстың   басты   мақсаты – жастар  арасында  спорттық бағдарлауды,  спорттық  туризм  тәсілдерін   насихаттау, жаяу  жүру  арқылы денсаулықты нығайтуға ықпал ету, жас  туристердің  ептіліктері  мен  дағдыларын  шыңдау, «Ең  үздік туристік топты»  анықтау  және  іс- тәжірибе  алмасу  болатын. «Көктем   найзағайы»  жарысын «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов  пен қала әкімінің орынбасары Б.Базарбаев  ашып  беріп, жас  туристерге   сәттілік   тіледі. Команда   мүшелері түйін байлау, кедергілерден   өту, зембіл  жасау, алғашқы  дәрігерлік  көмек  көрсету,  сұрақ-жауап, жергілікті  жерді  бағдарлау, төтенше   жағдайдағы  құтқару жұмыстары, туристік   әндер  орындау   сияқты   шарттар   бойынша   сайысқа   түсті. Сайыстың   әр   шарты   бойынша   жеңімпаздар   анықталды.  Командалық   ойында  І–орынды   А.Байтұрсынов  атындағы  ЖОМ, ІІ–орынды   Тұран    мектеп гимназиясы   иеленді. ІІІ–орын  М.Горький мектеп гимназиясына бұйырды. Жеңімпаздарға  арнайы    дипломдар  мен   бағалы   заттай   сыйлықтар   табыс  етілді.