Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу Печать

Бүгінде Мақтарал ауданында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 26 жылдығы аясында түрлі іс–шаралар өтуде. Осындай іс -  шараның бірі «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында өтті. Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешіне жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты. Ардагерлерді аудандық Жастар орталығының директоры М.Нұрымбетов мерекекемен құттықтады. Келесі кезекте оқу орындарының студенттері мыңдаған боздақтардың өмірін қиған, мүгедек еткен Ауған соғысы жайлы өз баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, жастар мен ардагерлер сұм соғыс жайлы сұрақ-жауаптарымен пікір алмасты. Өз кезегінде, ардагерлеріміз осы кездесуді ұйымдастырғаны және белсене қатысқаны үшін жастарға алғыстарын айтты.
Кездесу соңында ардагерлеріміз бен жастар естелік суретке түсті.
Мұндай тәрбиелік тағылымы мол, жастарды отансүйгіштікке баулып, Отан қорғауға деген жігер-намысын оятуға бағытталған іс-шаралардың еліміздің болашағын қалыптастырудағы маңызы ерекше.