Кенттерде сенбілік өтті Печать

Тазалық – баршаға ортақ. Сондықтан, бұл игі іс – шараға барша тұрғындар атсалысуы тиіс. Осы ретте, өткен сенбіде Мақтарал аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы» КММ-нің бастамасымен Атакент, Мырзакент, Асықата кенттерінде сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық – денсаулық кепілі екенін жақсы білетін кенттегі арнаулы орта оқу орындары мен мектептерінің жастары, өз қалашықтарының ажарын кіргізіп, тазалығын сақтауға немқұрайлы қарамай, сенбілікке белсене қатысты. Кенттерді көріктендіру мен тазалығын сақтау мақсатында өткізілген бұл шара барысында көшелер мен аула аумақтары, жаяу жүргіншілер жолдарының жиектері қоқыстан тазартылды.