«Таза қала акциясы» атты сенбілік өтті Печать

Өткен  сенбіде  Мақтарал  аудандық «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  мен  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  Жетісай қаласында «Таза қала акциясы»  сенбілігін  ұйымдастырды. Аталмыш  шара таңертең орталық  «Жастар  саябағы»  аумағында  қызу басталып кетті. Оған қаламыздағы жоғары және арнаулы  орта оқу орындарынан 200-дей студенттер қатысты. Белсенді жастар көпшілікпен бітетін ауқымды істен шет қалмай өздеріне   тапсырылған   аймақтарды   зор    жауапкершілік   сезіне   отырып, тиянақты   тазалық жұмыстарын  жүргізді. «Бірлесе  көтерген   жүк   жеңіл»  демекші, осындай   ұйымшылдықтың  арқасында орталық саябақ күл-қоқыстан тазартылды. Бұл Отансүйгіштік іс –шара жастардың табиғатқа, қаламызға  деген   қамқорлығын, сүйіспеншілігін, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына, гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттырды.   Сенбілік соңында тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан оқу орындарының ұжымдары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған  алғыс   хаттармен марапатталды.