Шаруашылық аралық су жүйесі күрделі жөндеуден өткізілуде Печать

Мақтарал ауданында басталған бұл пилоттық жобаның бірінші кезеңінде 13,74 шақырым каналдың 3,4 шақырымы толық бетондалды. Оған мемлекеттен 167 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Шаруашылық аралық К-26 су жүйесін күрделі жөндеумен «Сагдиана» құрылыс фирмасы айнаысуда. Мұнда 90 адам жұмыс істеуде. Бәрі дерлік жергілікті мамандар. Сонымен қатар түрлі жұмыстарды атқаратын 20 техника жұмылдырылған. Биылғы жылы осы жобаның екінші, үшінші кезеңдері бойынша тиісті қаражат бөлінгелі отыр. Келешекте осы су жүйесі бойына әрбір кіші каналдарға қарай электр су сорғыш қондырғылары қойылады. Одан ағынсу әрбір шаруашылықтың алқабына жеке-жеке жеткізіліп берілдеді. Ол жерде гидрант қойылып, су өлшегіш құралдары орнатылады. Осы жоба бойынша құрылыс аяқталған соң ағын су жіберу компьютер арқылы басқарылатын болады.