Салауатты өмір салтын насихаттаған шара PDF Печать E-mail

«Денсаулық – зор байлық» деп халық бекер айтпаған. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған теңдессіз сыйлығы. Әйтсе де, денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген. Сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.
«Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген Елбасының өзі жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында еліміздегі денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударып, қолдау көрсетіп келеді.
Халықаралық Денсаулық күніне орай «Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі өтті.Салауатты өмір

Жалғасы...
 
Жас кәсіпкерлер семинары PDF Печать E-mail

Жуырда Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық округіндегі «Қаршыға» шаруа қожалығында облыстық «Жастар орталықтары» директорлары, кәсіпкерлік саласы бойынша мамандары және жас кәсіпкерлердің қатысуымен «Жастар кәсіпкерлікке» деген тақырыпта облыстық семинар-кеңес болып өтті.      Елбасының «Қазақстан – 2050» жолдауындағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларын дамытуға басымдық беріп, қойылған жаңа міндеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуына  қолдау көрсету, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген  жастардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру, мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпараттар

Жалғасы...
 
«Толағай» отбасылар сайысы өтті PDF Печать E-mail
Жетісай қаласындағы аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимаратында жас отбасылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, белсенділігін арттыру, спорт түрлерін және жылжымалы ойындарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Біз – салауатты отбасы» атты топтық «Толағай» жарысы өтті.                                                                        Жарысқа аудандағы денсаулық сақтау, білім бөлімі және ауыл округ әкімшіліктері қызметкерлерінен құралған 21команда қатысты.Жарысты аудан әкімшілігінің бас маманы Камира Өмірбаева, облыстық  салауатты  өмір салтын қалыптастыру орталығы «ЖҚТБ-нен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева ханымдар сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Қатысушы командалар «Балдәурен», «Ақсұңқар», «Балғын» топтарында бақтарын сынады. Барлық команда белсенділік танытып, эстафеталық таяқша, дартс лақтыру,
Жалғасы...
 
Тіс емханасы ашылды PDF Печать E-mail

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жолдауында Мәңгілік елдің бүгінгі және ертенгі ұрпағы денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар болуы тиіс деп айрықша атап көрсетті. Өйткені, күшті мемлекетті денсаулығы мықты азаматтар ғана құра алады. Сондықтан да жаңа заманауи емдеу мекемелерін көптеп ашып, оларды соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету басты міндеттің бірі болып отыр. Бұл орайда, жеке меншіктегі емдеу орындарының да алар орны ерекше.
Жақында Асықата кентіндегі «Бақнұр» атты жеке меншіктегі тіс емханасы ұжымы (бас дәрігері Құрманбек Мырзақұлов) екі қабатты жаңағимаратқа кірді. Мұнда емделушілер үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ауырған тісті жұлатын, емдейтін жаңа технологиялық жабдықтары бар. Емханада 2 тіс дәрігері, 3 тіс технигі халыққа қызмет көрсетеді.

Жалғасы...
 
Жастар салауатты өмір салтын қолдайды PDF Печать E-mail

Халықаралық есірткіні қолдану мен оның заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп аудан жастары арасында спорттың футбол түрінен «Жастар - салауатты өмір үшін» атты жарысын өткізді.                  Жастар арасында дене шынықтыру, сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту, есірткінің алдын алу және зиянды жақтарын жастарға ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған футбол ойыны Қазыбек би ауыл округіне қарасты М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің алаңында өтіп, оған 14 команда қатысты.  Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы, «Жастар орталығы» директорының орынбасары Мұхтар Бейсенбаев, осы жарыстың өткізілуіне жағдай жасаған мектеп ұжымына алғысын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.      

Жалғасы...
 
Дихандар бас қосты PDF Печать E-mail

Ауыл шаруашылығының егіндік алқаптарын әртараптандыру, тамшылатып суғару әдістерін кеңінен қолданысқа енгізу – өнімділікті арттырып, ағын су тапшылығын тиімді шешу мәселелерінен келіп туындаған қадам.        Мақтарал ауданының шаруалары егістік алқаптарын әртараптандыру мен су тапшылығын шешуге арналған жаңа су насостарын ойлап тауып, іс-тәжірибелерін бөлісу мақсатында облыстық семинар өткізді. Басқосуда өзге аудандардың шаруа қожалық басшылары жаңа әдіс-тәсілдер жайында ойларын білдіріп, пікір алмасты.                                                             Облыстық семинарға қатысушылар алдымен аудандағы Жаңа жол ауылдық округінде орналасқан «Қазмақта – 2010» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастады. 38,64 га егістік жер көлемі бар аталмыш шаруа қожалығы 17,08га жеріне тамшылатып суғару әдісімен бақша дақылдарын егіп отыр. Қожалық мүшесі Талғат Ертуов тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыру барысында жаңа су насостарын ойлап тауыпты. Бұл құрылғының ерекшелігі – егістікті беткейлеп суарудан суды 17 есе үнемдейді, гектарына жұмсалатын шығын да аз – жылына 100 мың теңге. Өнім сапасын арттырады.

Жалғасы...
 
«Жаңа серпін» жастар марафоны өтті PDF Печать E-mail
ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» МКМ тапсырысы аясында «Қазақстан – 2030» жас патриоттар одағы» қоғамдық бірлестігінің және Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңа серпін» облыстық жастар марафоны өтті.  Еліміздің индустриялық өрлеуіне сәйкес кәсіпкерлікке бейімділігі жоғары, саламатты, білімді, жан-жақты, толерантты, патриот жас азаматтардың қалыптасуына алғы шарттар жасау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан жастары белсене қатысты. Спорттық іс-шаралар мен жас кәсіпкерлер арасында семинар-тренингтер өткізілді.«Жаңа серпін» жастар марафонының бірінші бағыты бойынша «Спорт бізді біріктіреді» аудандық волейбол, футбол және шахматтан спорттық турнирі өткізілді. Турнирге спорттың әр түрі бойынша ауданымыздың қала, кент, ауылдық округтерінен 24 команда қатысып өзара бақ сынасты.
Жалғасы...
 
Басейннің тұсауы кесілді PDF Печать E-mail

Сәрсенбі күні Жетісай қаласында аудан тұрғындарының көптен күткен бассейннің ашылу салтанаты болып, тұсауы кесілді. Қалаға кіре беріс жерден орын алған «Акварай» ЖШС «Лауия» жазғы демалыс орнының құрылысы қыста басталған болатын. Бұл демалыс орны заманауи үлгіде барлық талаптарға сай. Ересектерге арналған үлкен хауыздың жанынан кішкентай балаларға да жағдай жасалған. Балаларға арналған бассейннің көлемі 5х10 ш/м болса, ересектердікі 30х10 ш/м. Суының сыйымдылығы 730 тонна. Бассейннің суы көпшіліктің ойлап жүргеніндейжанындағы каналдан емес, ауданымыз бойынша суы тұщы деп саналатын Достық ауыл округіндегі Абай ауылынан тасып толтырылады екен. Су әр жарты сағат сайын фильтмен тазартылып тұрады. Бассейнге түспес алдын қабылдайтын дущы да заманауи үлгіде дайындалыпты. Сондай-ақ, суға түсуге келген көпшіліктің демалып, тамақтануына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Түрлі сусындар мен ас мәзірі тәбетіңді ашады. Әрі ауданымыздың 30-дам астам жұмыссыздары жұмыспен қамтылуда.

Жалғасы...
 
Ауданда І Ұлттық Дельфийлік ойындар өтті PDF Печать E-mail

Жуырда аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мақтарал» мәдениет үйінде Аудандық І Ұлттық Дельфийлік ойындарын өткізді
Бұл ойын әлемдегі ең ерекше, барлық мәдениет, ұлттық және халықаралық жанрды қамтитын жарыс болып табылады.
Дарынды жастарды қолдау, жас буынның патриоттық санасын және өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген жарысқа ауыл клубтары  мен оқу орындарынан келген 30-дан астам өнерпаздар қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар ұлттық аспаптар домбыра тарту, поэзия, халық биі, эстрадалық ән салу  жанрлары бойынша сайысқа түсті.       
Әр номинация бойынша ауданымызға танымал өнер қайраткерлері енген қазылар алқасы құрылып, сайысты әділ бағалап отырды.       

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 17 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!