«Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты ауданаралық жарыс өтті PDF Печать E-mail

Мақтаарал ауданы  Жетісай қаласының 45 жылдығына орай 26-29 қараша аралығында  аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты Асықата кентіндегі №121 жалпы орта мектебінде спорттың бокс түрінен ауданаралық турнир болып өтті. Бұл шараның өтуіне аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы да ұйытқы болды.
Жарысқа Төлеби, Мақтарал, Сарыағаш, Арыс, Түркістан, Шымкент қаласының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2000 – 2001 жылдары  туылған  36кг, 38кг, 40кг, 42кг, 44кг, 46кг, 48кг, 50кг, 52кг, 54кг, 57кг, 60кг, 66кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 

Жалғасы...
 
Болашаққа бастар жол ! PDF Печать E-mail

Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын ел жұртшылығы аса ыждахаттылықпен күтетіндігі ақиқат. Кейінгі кездері, керек десеңіз елімізден тыс шет мемлекеттерде де Елбасы Жолдауын талқылап жататындығын бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп біліп жүрміз. Өйткені, Жолдауда жасампаз жаңалықтар, тың бастамалар, сондай-ақ, жаҺандық мәселелерге деген жан-жақты талдаулар, оларды  шешуге бағытталған жаңаша көзқарас, ұсыныстар кең көлемді баяндалады. Жолдаудың елімізде, тыс жерлерде қызу талқылануы, насихатталуы сондықтан деп есептеймін.
Биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы да кең қолдауға ие болды. Әсіресе, 90 мыңнан астам жастары бар мақталы өңірдің жастарының жер-жерлерде тарихи құжаттың негізгі идеяларын халық арасында түсіндіру, үгіт-насихаттау іс-шараларына белсенді қатысуының өзі сөзімнің айқын дәлелі.

Жалғасы...
 
Ұлы Абайды ұлықтады PDF Печать E-mail

Жастарды кітап оқуға баулуға бағытталған «Кітап – рухани азық, кітапхана – рухани қазық» атты М.Әуезовтың «Абай жолы» романы және «Абай оқулары» байқауын Мақтарал аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы» КММ-сі және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырып өткізді.   Қазақ көркем әдебиеті шығармаларына жастардың қызығушылығын арттыру, кітаптың адам баласына пайдалылығы мен құндылығын, кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатынын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудандағы ауыл округтердегі кітапханалар мен мектептерден түрлі байқауларда озып шыққан 40-қа жуық үміткер қатысып, 19 қатысушы іріктеуден өтті.        Аудандық мәдениет үйінде өткен байқау «Салтанат» би ансамблінің «Шашу» биімен ашылды. 

Жалғасы...
 
Ардагерлерді ардақтайық PDF Печать E-mail

Республикалық «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Нұр Отан» Мақтарал аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ауданымыздағы  әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.   Аталмыш іс-шара жастардың бойына адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру сынды ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жастарды еңбек етуге шақыру мақсатында өткізіліп, оған ауданның жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді жастары, БАҚ өкілдері, қала, кент, ауыл округтердегі әлеуметтік қызметкерлері белсенділік танытты. Акция барысында жастар Жетісай, Атакент өңірлеріндегі ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жалғыз басты 26 қарияның үйлеріне барып, үй жұмыстарына қолдан келгенше көмек көрсетті.  «Қарттарын ардақтаған ел ардақты» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса жазып қойған хатпен тең дегендей, тәлім-тәрбиенің,

Жалғасы...
 
Туристік көпсайыстан «Алтын күз» жарысы өтті PDF Печать E-mail

Жуырда аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар   орталығы» КММ және «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық    орталығының» ұйымдастыруымен қала, кент мектептері оқушыларының    арасында  туристік көпсайыстан «Алтын күз» жарысы болып өтті.
Балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық  бағдарлауды, спорттың    туризм  тәсілдерін  және салауатты өмір салтын  насихаттау, жас туристердің    ептіліктері мен дағдыларын шыңдау, қала, кент мектептері  арасынан ең үздік туристік топты анықтау және іс- тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген     туристік көпсайыс екі кезең бойынша өтіп, қала, кент мектептерінен қатысқан 25 команданың ішінен іріктеліп, екінші кезеңге 12 топ жолдама алды. Құрамы төрт оқушыдан жасақталған, жарыстың финалдық кезеңіне өткен командалар орталық «Жастар  саябағы» аумағында кедергілер жолы, түйіндерді байлау, табиғи материалдардан жасалған заттар көрмесі, туристік тұрмыс, туристік әндер орындау сияқты  шарттар  бойынша  сынға  түсті.

Жалғасы...
 
Кенттерде сенбілік өтті PDF Печать E-mail

Тазалық – баршаға ортақ. Сондықтан, бұл игі іс – шараға барша тұрғындар атсалысуы тиіс. Осы ретте, өткен сенбіде Мақтарал аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы» КММ-нің бастамасымен Атакент, Мырзакент, Асықата кенттерінде сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық – денсаулық кепілі екенін жақсы білетін кенттегі арнаулы орта оқу орындары мен мектептерінің жастары, өз қалашықтарының ажарын кіргізіп, тазалығын сақтауға немқұрайлы қарамай, сенбілікке белсене қатысты. Кенттерді көріктендіру мен тазалығын сақтау мақсатында өткізілген бұл шара барысында көшелер мен аула аумақтары, жаяу жүргіншілер жолдарының жиектері қоқыстан тазартылды.

 
«Толағай» отбасылық сайысы PDF Печать E-mail

14-қыркүйек Халықаралық отбасылар күнін мерекелеу аясында, Мақтарал  аудандық  «Жастар орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен, жас отбасылар арасында  «Біз салауатты отбасы» атты спорттық – топтық  Толағай жарысы  болып өтті.   Жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, интеллектуалдық деңгейін арттыру, спорт түрлерін  және  жылжымалы ойындарды  өскелең ұрпаққа дәріптеу  мақсатында өткен бұл іс-шараға аудандық емхана, білім бөлімі және мәдениет бөлімі қызметкерлерінен  құралған 9 команда қатысты. Қаламыздағы  Жеңіс  алаңында  өткен  жарысты   аудан әкімінің орынбасары Ешанқұлова Алтын Күнтуқызы ашып  беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Эстафеталық таяқша, себетке доп салу, шеңберге  доп лақтыру, допты жетелеу, секіртпемен секіру, арқан тартыс, құрбақа  жүру  сынды  7 турдан тұратын  жарысты «Жастар орталығы» мекемесі белгілеген  төрешілер  бақылап  отырды.

Жалғасы...
 
«Маусымашар – 2014» Жайдарман ойыны өтті PDF Печать E-mail

Жайдарман ойыны – бүгінгі таңда еліміздің жастары үшін үлкен маңызға ие болған жоба. Жастардың бұл өнерге деген қызығушылығы да басым. Ойналатын әзілдердің сапасы, мағынасы да жоғарылап, жастардың тәрбиесінде де ролі артқан.   Жуырда көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобаны «Қазақстан КВН одағы» Мақтарал ауданы КВН» филиалы мен «Мақтарал жастары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Жастар орталығы» КММ мен «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырып өткізді.  Жастардың бойындағы мәдениеттілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, танымдық қабілеті мен сахна мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің дамуына, жандануына үлес қосу мақсатында өткен ойын Асықата, Атакент, Мырзакент, Жетісай өңірлерінде өтіп, оған жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен мектептерден 45-ке жуық топ қатысты.    Сайыста қатысушылар «Әдебиет маусымын қайталау» тақырыбы аясында әзілдерін ұсынды. Көрермендеріне күлкі сыйлап жүрген Жайдарман жастары бұл жолыда ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен сайысты қызықты өткізе білді.    

Жалғасы...
 
«Таза қала акциясы» атты сенбілік өтті PDF Печать E-mail

Өткен  сенбіде  Мақтарал  аудандық «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  мен  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  Жетісай қаласында «Таза қала акциясы»  сенбілігін  ұйымдастырды. Аталмыш  шара таңертең орталық  «Жастар  саябағы»  аумағында  қызу басталып кетті. Оған қаламыздағы жоғары және арнаулы  орта оқу орындарынан 200-дей студенттер қатысты. Белсенді жастар көпшілікпен бітетін ауқымды істен шет қалмай өздеріне   тапсырылған   аймақтарды   зор    жауапкершілік   сезіне   отырып, тиянақты   тазалық жұмыстарын  жүргізді. «Бірлесе  көтерген   жүк   жеңіл»  демекші, осындай   ұйымшылдықтың  арқасында орталық саябақ күл-қоқыстан тазартылды. Бұл Отансүйгіштік іс –шара жастардың табиғатқа, қаламызға  деген   қамқорлығын, сүйіспеншілігін, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына, гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттырды.   Сенбілік соңында тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан оқу орындарының ұжымдары ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған  алғыс   хаттармен марапатталды. 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 28 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!