Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу PDF Печать E-mail

Бүгінде Мақтарал ауданында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 26 жылдығы аясында түрлі іс–шаралар өтуде. Осындай іс -  шараның бірі «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында өтті. Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешіне жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты. Ардагерлерді аудандық Жастар орталығының директоры М.Нұрымбетов мерекекемен құттықтады. Келесі кезекте оқу орындарының студенттері мыңдаған боздақтардың өмірін қиған, мүгедек еткен Ауған соғысы жайлы өз баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, жастар мен ардагерлер сұм соғыс жайлы сұрақ-жауаптарымен пікір алмасты. Өз кезегінде, ардагерлеріміз осы кездесуді ұйымдастырғаны және белсене қатысқаны үшін жастарға алғыстарын айтты.
Кездесу соңында ардагерлеріміз бен жастар естелік суретке түсті.

Жалғасы...
 
Жастар арасында пікірталас сайысы өтті PDF Печать E-mail

Жуырда Мақтарал  ауданы  жастары  арасында  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен   «Жас  Отан»  жастар  қанатының   ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай пікірталас   сайысы  болып   өтті.

Ауданымызда   мемлекттік   жастар   саясатын    жүзеге   асыру, жастардың   тіл  байлығын   және   пікірталас   сайыстарын    дамыту, жастардың   бойында   шешендік    өнерді, көшбасшылық   қасиеттерді   қалыптастыру, өз   ойын   жеткізе    білетін   азаматтар    даярлау, ұйымдастыру   қабілетін   дамыту   мақсатында    өткізілген    сайысқа   ауданымыздағы оқу   орындарынан    төрт    команда   қатысты. Атап айтқанда «Сырдария»  университетінен   «Ақиқат»,  «Жанықұл»  медициналық   колледжінен   «Аманат» , Жетісай медициналық   колледжінен   «Қайраткер» , №14  кәсіптік   колледжінен  
Жалғасы...
 
Аймақтық «Жайдарман» сайысы өтті PDF Печать E-mail
«Жайдарман» - қазіргі  кезде  көптің  ықыласына  бөленіп  жүрген  ерекше  жобалардың  бірі. Әзілқойлар  мен  тапқырлардың  сайысы – жастарды  мәдениеттілікке , интеллектуалды  деңгейін  көтеру  және  өмірлік  дұрыс  бағыт – бағдар  беру  мен  қоғам  дамуына  үлес  қосуға  баулиды.  Жастардың   сүйсіне  ойнайтын, жақсы  көріп  тамашалайтын  сайысы  жуырда «Жаңа ауыл» ауылдық округі әкімі жүлдесі үшін мектеп арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Жайдарман КТК ойыны болып өтті.    «Жастар орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен өткен  аймақтық  «Жайдарман»  ойынына  Жаңа ауыл ауылдық округі әкіміне қарасты мектептер қатысты.         Сайысты  әділ  бағалаушы  қазылардың  қатарында  аудандық  «Жас Отан» Жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы  М.Бейсенбаев,
Жалғасы...
 
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы              11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына  Жолдауын аудан тұрғындарына  насихаттап - түсіндіру мақсатында құрылған үгіт – насихат тобының кездесулер қорытындысы

Аудан

Мектептерде

Елді мекендерде

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарда

Өткізілген мерзімі

Қатысқандар

Мақтарал ауданы

105

105

8

26.12.2014 жылдан 06.01.2015 жылға дейін

28600

 
Елбасының жолдауын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел өтті. PDF Печать E-mail

Жуырда Мақтарал аудандық  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен  «Жас  Отан»  жастар  қанатының   ұйымдастыруымен   Жетісай қаласы  әкімі аппаратының   мәжіліс   залында  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың   «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол»  атты   дәстүрлі жолдауын аудан жастарының арасында    талқылау және түсіндіру мақсатында    дөңгелек үстел    болып   өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол»  атты Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Жолдауын арнады. Елбасының    баршамызға   үлкен  жауапкершілік  жүктейтін, келешекке   бағыт – бағдар   беретін   негізгі   құжатты  жастардың   арасында   кеңінен   насихаттауға   бағытталған   мәжіліске Ішкі саясат бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі,

Жалғасы...
 
Мырзакент әкімінің кубогі PDF Печать E-mail

Бүгінде «Жайдарман» ойындарына жастардың қызығушылығы артып, үлкен жобаға айналып отыр. Мырзакент кенті әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыны өз жалғасын тауып, Мырзакент кентіндегі №120 жалпы орта мектепте өтті. Мырзакент кенті әкімшілігінің қолдауымен, Мақтарал аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы»КММ – сі ұйымдастырған сайысқа әкімшілікке қарасты мектептерден 5 команда қатысты. Құрамына аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Бейсенбаев, «Жастар орталығы» КММ директоры Мұрат Нұрымбетов, Мырзакент әкімі аппаратының маманы Мухтар Қалекеев, Сырдария КВН құрамасынан  Үсенов Нұрсұлтан қазылар алқасы жастардың талабын, өнерін бағалады. Сәлемдесу, бес жаңалық шарттары бойынша сынға түскен Жайдарман жастары ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен сайысты қызықты өткізіп, көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен Мырзакент кенті әкімінің жүлдесі үшін бас жүлде Мырзакент жастары тобы иеленді.

Жалғасы...
 
Қарақай әкімінің кубогі PDF Печать E-mail
Жуырда  Қарақай  ауыл  округі  әкімшілігінің  қолдауымен  аудандық  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар  қанатының   ұйымдастыруымен   «Жүзден  жүйрік, мыңнан   тұлпар»  атты   ауыл   округі   әкімінің   кубогі  үшін  жайдарман   ойыны   болып   өтті. Жастардың   бойындағы   өнерге, білімге   деген   ізденістерін   дамыту, жастар   арасында   қазақ   тілінің   дамуына   және    жандануына   үлес  қосу, талантты   жастарға   қолдау   көрсету   мақсатында  өткен   ойынға   ауыл   округтен   бес   команда    қатысты.         Еліміздің    жастары    үшін   қызықты    жобаға   айналған   жайдарман   ойынын   тамашалауға    көрермендер  де   көп   жиналды. Намысты    қолдан   бермеуге    тырысқан    әр   команда   ұтымды    әзілдерін   айтып, сайысқа   жақсы   дайындықпен   келгендерін   көрсетті. Сайысқа  төрелік  етуші   әділқазылар   қатарында 
Жалғасы...
 
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Жас шебер» байқауы болып өтті PDF Печать E-mail

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастары арасында «Жас шебер» атты аудандық байқауы болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Бүгінде тапшы мамандықтар саналатын аспазшы, автомеханиктер мен  дәнекерлеуші жастардың сайысын «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Мұхтар Бейсенбаев ашып беріп, аталмыш мамандықтардың бүгінгі қоғамдағы тапшылығы, бұл кәсіп иелерінің ел экономикасы мен дамуына қосатын үлестерінің орасан екендігін айта келіп байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалғасы...
 
Мақтарал ауданының жастар күні атап өтілді PDF Печать E-mail

Ауданымызда алғаш рет  қарашаның 20 жұлдызында жастар күні атап өтілді. «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған іс-шара қарашаңырақ өнер ордасы - Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында болып, оған қала, кент, ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жасайтын мамандар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласы қызметкерлері, «Алтын белгіге» үміткер оқушылар, құқық қорғау және әскери органдарының жас қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастары белсенді қатысты.
Мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасымыз тарапынан ел ертеңі – жастарға деген қамқорлық жыл сайын арта түсуде. Көшбасшымыздың жақында ғана Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да бұл айқын көрініс тапты. Осындай тілек-лебіздерімен мақтаралдық жастарды мерекемен құттықтап, аудан әкімінің  орынбасары Ә.Әбжанов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков әр салада өзіндік еңбектерімен еленіп жүрген «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» жастарды салтанатты түрде марапаттады. «Үздік жас мұғалім» Бекжан Асанбеков, «Үздік оқушы» Абду Айдана,

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 52 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!