«Жас Отанның» ІІІ-съезі PDF Печать E-mail

Жуырда Астана қаласында «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III-сьезі өтті. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!» атты Форумға Қазақстанның бүкіл өңірінен 2000-нан астам адам қатысты, олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардың жас депутаттары, кәсіпкерлер, ғалымдар, танымал спортшылар және жастардың іргелі ұйымдарының  көшбасшылары бар. Елбасы сөйлеген сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне, Қазақстанның одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарының бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздың өсе түсудің маңыздылығына назар аударды. Форумға қатысушылар Қазақстан жастарына арнаған Үндеу қабылдады.

Жалғасы...
 
«Жастар – заң бұзушылыққа қарсы !» атты апталық акциясы PDF Печать E-mail

Кәмелетке толмаған жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың, алдын алу мақсатындағы көрнекі үгіт насихат құралдарын (билборд) шығарып, оны жастар көп жиналатын және орталық көшелерге орнату арқылы өтетін
«Жастар – заң бұзушылыққа қарсы !» атты апталық акциясы

Ақпан – наурыз  айлары аралығында Асықата кентінде  «Жастар – заң бұзушылыққа қарсы!» атты акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш іс – шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас Отан» Жастар қанаты, Асықата кентіндегі Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткізілді. Іс-шараға Асықата кентіндегі  ішкі істер басқармасының қызметкерлері, Асықата кентіндегі мектептердегі  «Жас полицейлер отряды», «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Мектеп оқушыларына Жеңіс мектеп гимназиясында  акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Акцияның негізгі мақсаты жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге дүкендерде темекі мен алкоголь өнімдерін сатпауын ескерту, кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 22.00 – ден 6.00 – ге дейін ойын – сауық мекемелерінде болуына жол бермеуін ескерту, көлік жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзбауға шақыру, жастардың түрлі құмар ойындарынан аулақ болуына үндеу, жастарымызды ұсақ қылмыстармен күреске жұмылдыра отырып, тәртіпке,

Жалғасы...
 
Жас аналардың арасында байқау өтті PDF Печать E-mail

Көңілдерге  шуақ  пен  нұр  құйып  көктем  мезгілі  де  келді. Осынау  көктемнің  шуақты  мерекелерінің  бірі Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы.   Бұл  мерекенің  қай  кезде  де  орны  бөлек. Осындай  көркем  мерекенің  қарсаңында  аудандық  «Жастар  орталығы» КММ  мен  «Жас  Отан» Жастар  қанатының  ұйымдастыруымен  жас  аналар  арасында  «Ана – отбасының  алтын  діңгегі»  атты  байқау  болып  өтті. Байқауды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков пен әжелер алқасының төрайымы А.Қоңырбаева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.        Отбасының татулығы мен бірлігін сақтау, халқымыздың  мәдениеті мен тарихына  құрмет  көрсету, ұлттық  салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, имандылық, ізеттілік, іскерлік  сынды  халқымыздың  ізгі  қасиеттерін   жас  аналардың  арасында насихаттауға бағытталған  байқау  Жетісай қаласындағы   мәдениет үйінде өтіп, 24 әкімшілік-аумақтық бірліктен қатысқан үміткерлер ішінен жетеуі іріктеуден өтті.

Жалғасы...
 
«КӘСІПКЕРЛІК – -ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» Мақтарал ауданы кәсіпкерлерінің IV Форумы өтті PDF Печать E-mail
03.03.2015 06:25

Форумға облыстық Кәсіпкерлік, индустриалдық инновациялық және туризм басқармасының бастығы Б. Аширбеков,  облыстан келген қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер  қатысты.
Форум өз жұмысында аудан экономикасын зерделей келе, кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын анықтады: Олар:
- Жүйелі өндірістер ашу;
- Сауда логистикалық орталығында жобаларды іске қосу;
- Индустриалдық аймаққа инвестиция тарту;
- Бос тұрған өндірістік кешендерге инвестиция тарту;
1. Жүйелі өндірісте маңызды 3 бағыт белгіленді:
1) Мақтаны терең өңдеу: Мақтарал ауданында шамамен 75-80 тонна мақта талшығы өндіріледі, оның 0,5 пайызы ғана өзімізде терең өңделеді. Шағын зауыттар, цехтар ашылып мақтадан ватин, медициналық мақта, обтарка,  май, мал азығы /жем өнімдері/ шығарылады. 

Жалғасы...
 
Спорт бізді біріктіреді! PDF Печать E-mail

2015 жылдың  21-ақпан  күні  Жетісай  қаласындағы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Күлбала спорт кешенінде»  және  Ғ.Мұратбаев  атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінде «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  және дене шынықтыру спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігіне қарасты қала, кент, ауылдық округтерден, жоғары және арнаулы оқу орындарының   арасында  «Спорт  бізді  біріктіреді»  атты   аудандық  воллейбол  турнирі  болып  өтті. Аудандық мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру,жастар арасында дене шынықтыру, сауықтыру және салауатты  өмір салтын  насихаттау, жастарды спортқа тарту, спорттың воллейбол түрін өскелең ұрпаққа дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру  мақсатында  өткізілген   жарысқа  Мақтарал  ауданы  әкімдігіне  қарасты  қала, кент, ауыл  округтерінен  14 команда  қатысты.                         

Жалғасы...
 
Ұлттық ойындарымыз ұлықталды PDF Печать E-mail
Жуырда  Мақтаарал  ауданы ішкі саясат бөлімі  және  «Жастар  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  ұйытқы  болуымен    «Ұлттық   спорт – салауатты   өмір  бастауы»  атты   ұлттық   ойындарымыз – аударыспақ  пен  қошқар   көтеруден  жарыс  өткізілді. Жастар   арасында   ұлттық   спорттың   беделін   арттыру, осы   ұлттық   ойындар   арқылы   жастарды   ұстамдылыққа, байсалдылыққа   тәрбиелеуге, салауатты   өмір  салтын   насихаттауға, ұлттық   ойындарымызды  қайта   жандандыруға   бағытталған   сайыс  «Жастар  саябағы»  аумағында  өтті. Жарысты   басқару   мен   өткізуді   ұйымдастырушылар  бекіткен   төрешілер   басқарды. Ептілікті, икемділік  пен  күштілікті   қажет   ететін   аударыспақ  ойынын  аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов ашып берді. Жарыста   жастарымыз    ерекше  белсенділік  танытты. Солардың   ішінде  50 – 60кг.
Жалғасы...
 
«Болашақ бүгіннен басталады!» атты сенбілік өтті PDF Печать E-mail

     Жуырда Мақтарал  аудандық  «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен   «Жас  Отан»  Жастар  қанаты  Ұлыстың  ұлы  күні - Наурыз  мерекесіне   орай  «Болашақ бүгіннен басталады!»  атты   сенбілік  өткізді. Аудан орталығы Жетісай қаласындағы «Жастар  саябағы»  аумағында   ұйымдастырылған  сенбілікті қала  әкімінің   орынбасары   Б.Базарбаев   ашып, жастардың   жалпыға   ортақ   халықтық   істен   қалыс   қалмай, белсенділік танытып, атсалысуға шақырды. Әрбір  оқу  орындарынан   келген студенттер өздеріне тапсырылған   аймақтарды зор жауапкершілікпен сезіне отырып, тиянақты тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік  барысында  тазалық   жұмыстарына  қатысушы   жастардың   көңілдерін   көтеретін   әдемі   әуендер   ойнап   тұрды. Осындай   отансүйгіштік   іс-шараның   ұйымдастырылуы жастардың   табиғатты қорғауға деген   қамқорлығы, туған   қаласына   деген   сүйіспеншілігі   артып, қоршаған   ортаны   қорғауға   деген   ынтасы оянары анық.

Жалғасы...
 
Ардагерлерді ардақтайық PDF Печать E-mail

Биыл Елбасының бастамасымен Ұлы Отан соғысының  70 жылдығы кең көлемде атап өту қызу қолға алынды. Елміздің жер-жерлерінде, әрбір бұрышында мереке қарсаңындағы өтіп жатқан көптеген игі іс-шараларды ел бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, біліп жүрміз. Оңтүстіктің қиыр шетінде орналасқан мақталы өңірде де ардагерлерімізді ардақтаған шаралар қарқынды жүруде.             Осы орайда, аудан жастары да батыр аталарына құрмет көрсетуден тыс қалып жатқан жоқ. Қазіргі таңда ауданымызда көзі тірі ардагерлердің қатары 24. Олардың барлығы 90-ды алқымдаған, көпшілігі төсек тартып қалған жандар. Сондықтан олар қандай да бір құрметке лайықты. Өйткені олар біз үшін жандарын аямай кеудесін оққа тосты.

Жалғасы...
 
Аудандық жартылай финал ойындары өтті PDF Печать E-mail

Жуырда  ауданымызда  жастардың   бойындағы  мәдениеттілікті, рухани  адамгершілікке, өнерге, білімге   деген   шығармашылық   ізденістерін    дамыту, жастар   арасында   қазақ   тілінің   дамуына   және   жандануына    үлес қосу, жастардың  арасындағы    құқық    бұзушылық    пен    қылмыстың    алдын   алу,  сахна  мәдениетіне    тәрбиелеу    және   талантты    жастарға    қолдау    көрсету    мақсатында  жастар   жанашыры  Мақтарал  аудандық   «Жастар   орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас   Отан»   жастар   қанатының  ұйымдастыруымен «Өткен күн тарих» атты аудандық    жартылай   финал    жайдарман   ойындары    болып   өтті. Қ.Жандарбеков    атындағы   драма    театрында    өткен   сайысқа  арнаулы    оқу   орындары    мен    мектептерден    11 команда   қатысты. Қызықты   өткен    ойынды Мақтарал аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов, 

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 42 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!