Әз Наурыз, елге бақ, жерге шуақ бер! PDF Печать E-mail

Құрметті жерлестер !
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Наурыз – жаңашылдық пен жасампаздықтың, жылылық пен мейірім мерекесі. Күн мен түн теңесіп, жер-жаһан жаймашауақ рахат нұрына бөленетін осынау ұлы мерекені мақтаралдықтар жігерленіп, жаңа биіктерге деген ұмтылыс пен құлшыныс үстінде қарсы алып отыр.
Жер дүниені жаңартып, көктемде ерте келетін Наурыз мейрамы жүзден астам ұлт өкілдері мекен еткен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесіне айналды.
Бабалар дәстүрі жаңарып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елімізді ерен еңбекке, баянды болашаққа үлкен сеніммен жетелейді.
Наурыз – дербес Қазақ елінің діні мен тілін, дәстүрі мен тарихын түгендейтін, өткенін еске түсіріп, қол жеткізген жетістігін халыққа паш ететін күн. Наурыз – бірлік мерекесі. Наурыз – жаңаруды айшықтайтын, болашақты болжайтын кезең. Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауы жас мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында нақты бағыт-бағдар беріп, айқын міндеттер жүктеп, баянды болашаққа бастап келеді.

Жалғасы...
 
«Қара жорғаны» 10 мың адам биледі PDF Печать E-mail

Қазан айының 29-шы жұлдызында Гиннестің рекордтар кітабына ең көп адамның қатысуымен биленген би ретінде енген «Қара жорғаны» Мақтарал ауданы орталығы Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында 10 мың адам биледі.
Елімізде бұған дейін тек республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана болған бұндай іс-шара аудандар арасында тұңғыш мәрте біздің ауданда болып отыр.
Оны тамашалауға арнайы сыйлы қонақтар, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары келіп тамашалап, іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
ЕҚЫҰ Саммитіне арналған «Жасасын біздің Елбасы, жасасын қазақ елі, жастарды жалындатқан!» атты мерекелік іс-шараға аудан әкімі С.О.Тұрбеков қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жалынды лебізін білдірді.

Жалғасы...
 
Жауапты науқанға дайынбыз PDF Печать E-mail

Облыс әкімі А.Мырзахметов кеңесте мақта саласын дамыту, терімді үлгілі өткізу мәселесін сөз етті

Қыркүйектің 7-ші жұлдызында «Қазақстан мақтасы» АҚ қарасты мемлекеттік зауытта биылғы жылдың мақтасын қабылдау рәсімі «Ақ керуен-2010» болып, алдағы науқанның тактикасын белгілеу мен жалпы саладағы кезегі келген мәселелерді шешуге арналған тауар өндірушілер мен ұқсатушылар, ауылшаруашылығы мамандары, ғалымдар қатысқан кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов қатысты.
Жиналысты ашқан аудан әкімі Серік Ордабекұлы Тұрбеков өз хабарламасында мынадай мәліметтерді баяндады. Мақтаралдықтар биылғы жоспарға сәйкес 170 мың тонна бағалы шикізат дайындамақшы. Науқанға 190 комбайн қатысады, оның 83-і - «Джон-Дирлер». Қозалықтарды дефолиациялау кең ауқымда жүргізілуде. Қол терім басталып кетті. Ұқсату орындарына шитті мақта тапсырылуда. Баға деңгейі жаман емес. Кіләсіна

Жалғасы...
 
Аудан әкімдігінде жеті мәселеге жете көңіл бөлінбек PDF Печать E-mail

Ауданның елді мекендерін аралап, тұрғындармен кездесіп жағдайды білген аудан әкімі Серік Ордабекұлы Тұрбеков өткен әкімдіктегі аппарат басқосуында негізінен толғандырып, ойландырып отырған, шешуін қажет ететін айрықша жеті мәселені атап көрсетті. Олар: ағын және ауыз су, балабақша, табиғи газ, жол, мектеп және мақтаның биылғы сату бағасы. Аудан әкімі қордаланған мәселелерді тілге тиек етіп қойған жоқ, оны оңды шешудің жолдарын да нұсқап көрсете білді. Мәселен, аудан шаруашылықтарын ағын сумен қамтамасыз етуде тек «Достық» каналына таңылып қалмай, Сырдариядан тартылып жатқан жаңа жүйенің құрылысын ұдайы қадағалап отыру қажеттілігін айтты. Биыл оны пайдалануға беріп, тек суын ғана тұтынбай одан жергілікті бюджетке салық түсіруді де ұйымдастыруымыз керек. Шаруаларға да суды тиімді пайдаланудың нормасын түсіндіріп отыру керек екен. Ауданда мелиорациялық жағдайын жақсартудан өтпеген жерге инвестиция тартуға келісім жасадық.

Жалғасы...
 
Ерте тұрғанның ырысы артық PDF Печать E-mail

Ауданның әкімі Тұрбеков Серік Ордабекұлы өзінің алғашқы жұмысын аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауыл әкімдері, аумақтық басқармалар, құқық қорғау органдарының және де басқа түрлі мекеме-ұйым басшыларымен танысудан бастады. Онда әкім өзіне көрсетілген жоғары сенімді, жүктелген міндеттерді бірлесе отырып шешуге шақырды. Сөйтіп алда тұрған кезек күтпес міндеттерді айтып өтті. Әсіресе қаланың өзінде тазалық нашар дегенді баса көрсетті. Көшелерді шөп басқан, тіпті кейбір жерлерде мал жайылып жүр. Қала өзгелерге үлгі болуы тиіс екендігін тілге тиек еткен аудан әкімі қала әкіміне көшелерді тазарту, тәртіп орнату үшін бір ай мерзім берді. Өз жұмысына салғырт қараған жергілікті әкімдерге түрлі жазалармен бірге айыппұл салынатынын да ескертті.

Жалғасы...
 
Қарттар қазыналылығын көрсетті PDF Печать E-mail

Аудан әкімдігі ұйымдастырған «Халықаралық қарттар күніне» байланысты отырыс «Ақсүмбе» мейрамханасында өтті. Бұл басқосуға қала, кенттер мен ауылдық округтерден 400-ге жуық еңбек ардагерлері қатысты. «Қарты бардың-қазынасы бар» деп атам қазақ бекер айтпаған. Басқосу тілек сөздермен басталды. Алғашқы болып сөз алған соғыс және еңбек ардагері, Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы» Т.Жолдасов ауданға жаңадан келген әкімге көпшілікті қолдау көрсетуге шақыра келіп, ру-руға, жүз-жүзге бөлінбейік деген пікірі сол күнгі отырыстың басты ұранына айналды.

Жалғасы...
 
Атакентте спорттық сауықтыру кешені ашылды PDF Печать E-mail

Салауатты өмір салтын қалыптастыру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені ол-қоғамымыздың басты байлығы адам өмірінің мықты тірегі. Болашағымыз, балаларымыздың сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болып өсуі үшін спортпен айналысудың орны айрықша. Дегенмен, біздің ауданымызда мұндай спорттық сауықтыру кешендері саусақпен санарлықтай.
Ал, жақында атакенттіктер қалашықта осындай мәдени спорттық демалыс орны ашылып, үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Бұл ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Сұлтан Қонарбаев пен Ақмарал Дүйсебаеваның игі бастамасы болатын. Мұнда ерлер мен әйелдер, балалар үшін жаттығу залдары, массаж қабылдау бөлмелері, тир, ойын залдары іске қосылды.

Жалғасы...
 
Халықтың қамын ойлайтын әкім осындай болу керек PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданының әкімі С.Тұрбековтың жұмыс кестесі өте тығыз. Ол әкім болып тағайындалған күннен бастап аудандағы елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, олардың жеке пікірлерін, мұқтаждарын тыңдауда. С.Тұрбеков Ш.Ділдәбеков ауылдық округін аралап жүрген кезде «Сайлау» ауылының тұрғыны, зейнеткер, көпбалалы отбасылардың бірі Әбдірәш Бектаевтың жанұясына арнайы тоқталды. Әкім аулада өсіп тұрған бірнеше түрлі жеміс ағаштар мен көкөністерді көріп, үй егесіне өте риза болды. БАҚ өкілдері осы жанұяның адамдарымен сөйлесіп, отағасының лебізін тыңдадық. -Менің жасым 78-де, ауданды талай азаматтар басқарды. Бірақ, менің үйіме олардың бірде-біреуі ат басын бұрған емес.

Жалғасы...
 
Таныстық қатаң талап қоюдан басталды PDF Печать E-mail

Жаңадан тағайындалған Мақтарал ауданының әкімі С.О.Тұрбеков өзінің алғашқы жұмыс күнін аудандағы мекеме қызметкерлері басшыларымен танысудан бастады. Ол өз сөзінде әр салаға байланысты шешуін жедел күтіп тұрған маңызды мәселелерге тоқталды. Мақталық жерлерді ауыспалы егіске айналдырудың тиімді жолдарын атап көрсетті. Мектептерде білім беру сапасын арттыру, балабақшаларды көптеп ашу, елді мекендерді ағынсумен қамтамасыз етіп аулаларда көкөніс өндіру, жылыжайлар салу, Мақтаралды жасыл аймаққа айналдыру, аурухана жұмыстарын жақсарту, әсіресе, аудан орталығы Жетісай қаласындағы бейберекет құрылыстарды ретке келтіру мәселелері жайлы нақты ұсыныстар айтты. Қаладағы келеңсіз көріністерді реттеу үшін қала әкіміне бір ай мерзім уақыт берді. Сонымен қатар, ауылдық округтердің әкімдеріне өз жұмыстарын ширату жөнінде қатаң ескертті. Тапсырманы орындамаған мекеме басшылары қызмет орнында қалмайтындықтарын естеріне салды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 18 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!