«МЫРЗА ӨЛКЕ - МАҚТААРАЛ» гала-концерті Шымкентті әнмен әлдиледі PDF Печать E-mail

Еліміздің егемендік алғанына 20 жыл толуына орай Шымкент қаласындағы «Шәмші әлемі» гүлзарында «Тәуелсіздік-мерейім» деп аталатын облыстық фестивалінің өтіп жатқаны белгілі. Оның мақсаты – ел арасында мәдени-рухани мәселелерді насихаттау, аудандардың кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін баяндау, ұлттық өнерімізді дамыту. Өткен сенбі күні біздің аудан өнерпаздары өнер мерекесінің шымылдығын «Мырза өлке - Мақтаарал» атты гала концертімен ашты. Сырлы сазды әсем кешті облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев, аудан әкімі С.Тұрбековтер құттықтау сөзбен ашып, жылы лебіздерін білдірді.

Жалғасы...
 
77 жастағы Жәңгір Әбибуллаев тағы да балабақша ашты PDF Печать E-mail

Жуырда еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі құрметіне Жетісай қаласындағы №122 мектепте Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», Еңбек ардагері Жәңгір Әбибуллаев кіші орталық ашты. Бұған дейін №119 жаңа мектепте 60 орынды балабақшаның ашылуына ұйытқы болған ақсақал бұл жолы да үлкен бір игілікті іс жасады. Мектеп ғимаратының екінші қабатына орналасқан балабақша жайын күрделі еуро жөндеуден өткізіп, балалар демалатын, ойнайтын, білім алатын бөлмелерді, асхана, медпункт тағы басқа жайларды заманауи жабдықтармен толық жабдықтады.
Балабақшаның ашылу рәсіміне қатысып лентасын қиған аудан әкімі С.Тұрбеков көпшілікті Жәңгір ақсақалдың ісінен үлгі алуға шақырды.

Жалғасы...
 
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеймек PDF Печать E-mail

Жуырда ауданымызда «Кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктері - өркендеудің негізгі кепілі» атты аудан кәсіпкерлерінің ІІІ форумы болып өтті. Басқосуда аудандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайына талдау жасалып, оны алдағы кезде одан әрі дамытудың негізгі бағыттары айқындалды. Жиынды ашып, сөз сөйлеген аудан әкімі Серік Ордабекұлы Тұрбеков халқы көп әрі тығыз орналасқан мақталы ауданда елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыссыздықты азайту үшін кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту қажет, және орта бизнесті қолдап, дамыту күн тәртібінен түспейді,- деп атап көрсетті.

Жалғасы...
 
Ұлы ерлік ұмытылмайды PDF Печать E-mail

Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер ағалар, жерлестер!

Сіздерді баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 66 жылдығымен аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Батыр ардагерлеріміздің жыл санап қатары сирей түсуде. Өйткені аудандағы ардагерлердің ең жасы 85-тен асып 90-ды басқан қариялар. Сондықтан, соғыс ардагерлері қандай да бір құрметке әбден лайықты деп білеміз. Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауларында әлеуметтік жәрдемақылармен мейлінше барлық санаттағы азаматтардың қамтылуына ерекше көңіл бөліп келеді.
Жалғасы...
 
Артықбай шитті америкалық әдіспен екті PDF Печать E-mail

Аудан әкімі, ғалым-агроном Серік Ордабекұлы Тұрбеков көктемгі шит себу науқанын үлгілі өткізу мақсатында ауыл округтерінде бірнеше семинар-кеңес өткізуге ұйытқы болып, мақта өндірісіне жаңа технологияны ендіруге баса назар аударуда. Жуырда Атамекен ауылдық округіндегі «Қаршыға» шаруа қожалығының шит себуді америкалық әдіс бойынша іске асырған жаңалығына өзге диқандардың көзін жеткізді.
Соңғы жылдары «Еңбек-А», «Жеңіс-А» шаруа қожалықтарымен бірігіп, іріленген бұл ұжым 650 гектардай алқапқа мақта өсіріп келеді. Олар биыл алғаш рет өздерінің меншігіндегі Францияның «Кун» фирмасы шығарған сеялка агрегатымен америкалық әдіс бойынша шит септі. Мұның тиімділігі сонда, біріншіден, қаржы үнемдейсіз. Жүйек бойына 20 см. сайын 4 шиттен тасталады. Бұрынғыдай шитті қайтадан сеуіп, егістікті қайта бұзып шығынға батпайсыз.

Жалғасы...
 
Жеңіс күніне арналады PDF Печать E-mail

Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай Жетісайдағы орталық алаңда мерекелік жиын болып өтті. Оған кешегі қанқұйлы соғысқа қатысып, ерлік пен жанқиярлықтың ерен үлгісін көрсеткен қарт майдангерлермен қатар ел басына күн туғанда тылда еңбек еткен ата-апаларымыз, сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері де қатысып, отырды. Аудан мектептері жоғары сынып оқушылары, шекара әскерінің құрамы, аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлерінен жасақталған жеке топтар сап құрап салтанатты түрде әскери парадтан өтті.
Мұнан соң аудан әкімі С.Тұрбеков жиналғандарды Ұлы Жеңістің 66 жылдық мерекесімен құттықтады, Отан үшін от кешкен майдангерлер мен тыл ардагерлеріне мықты денсаулық, отбасыларына бақыт пен береке тіледі.
Ауданымыздың сайлауды өткізуге белсене қатысқан бір топ азаматтарын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттады.

Жалғасы...
 
Кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктері – Дамудың негізгі кепілі PDF Печать E-mail

 «Кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктері – Дамудың негізгі кепілі» атты Форум Жетісай қаласында мамыр айының 5 –ші жұлұдзында өткен болатын.            
Форумға қатысқандар: облыс және аудан кәсіпкерлері, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н. Әлтаев, «Даму» қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалының директоры С. Ақылбеков және басқа даму институтарының өкілдері қатысты.
Форум Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру негізінде өткізілді.

Жалғасы...
 
Достықтың думанды мерекесі PDF Печать E-mail

1 Мамыр – Қазақ халқының бірлігі күні аудан орталығы Жетісай қаласындағы алаңда үлкен деңгейде аталып өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен іс-шараға аудан әкімі С.Тұрбеков қатысып, жиналғандарды қызу құттықтады. Сондай-ақ, түрлі мәдени орталықтардың өкілдері ақтарма тілектерін айтты.
Мереке барысында аудан әкімі Серік Ордабекұлы мерекеге байланысты өткізілген іс-шара жүлдегерлеріне сыйлықтар тапсырды. Соңы қызықты концертке, биге ұласты.

 
Аудан әкімдігінде келелі мәселелер қаралды PDF Печать E-mail

Өткен сейсенбі күні аудан әкімдігінің кезекті жиыны болып өтті. Оны аудан әкімі С.Тұрбеков ашып, жүргізіп отырды. Бірінші мәселе бойынша – ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуының алғашқы тоқсандағы қорытындысы туралы аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов, ауданда көріктендіру мен тазалықтың барысы туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі М.Абибуллаев, ауданда жұқпалы ауруларды болдырмау және алдын алу туралы аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқарма бастығы Ә.Сүртеков баяндама жасады. Баяндамалар бойынша аудан әкімі С.Тұрбеков ескертулер жасап, жұмысты ширату, жауапкершілікті арттыру, талапты күшейту жөнінде айтып өтті. Әкімият тиісті қаулы қабылдады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 13 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!