Студенттермен кездесу болып өтті PDF Печать E-mail

Үстіміздегі жылдың 6 ақпан күні Жетісай қаласындағы «Жастар» сарайында «Сырдария» университетінің студент жастарымен «Діни экстремизмнің алдын алу және керағар діни ағымдардың іс әрекеттеріне тосқауыл қою» тақырыбына арналған кездесу болып өтті. Кездесуді «Сырдария» университетінің ректоры Мамыраев Серік мырза ашып жүргізіп отырды. Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш сөз сөйлеп, діни экстремизмнің алдын алуға байланысты ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен айтып өтті.

Жалғасы...
 
«АҚ АЛТЫНДЫ» АЙМАҚТЫҢ СИМВОЛЫ «Тәуелсіздік» монументі ашылды PDF Печать E-mail

Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойында ауданымызға кіре берістегі үлкен жолдың бойында «Тәуелсіздік» монументі ашылып, «ақ алтынды» аймақтың ерекше бір символы бой көтерді.
«Мәдениет – театр табалдырығынан басталады» демекші, ауданға ат басын бұрған қонақтар қасиетті де киелі Мырзашөлдің болмысы мен келбетін осындай еңселі ескерткіштері арқылы түйсініп, сезінері сөзсіз. Осынау шөп даланы игеріп, гүлдендірген аға-апаларымыздың ерен ерлігі мен елеулі жеңісіне айрықша құрмет көрсету мақсатында тұрғызылған монумент ауданымыздың табалдырығы, құт босағасы іспеттес.

Жалғасы...
 
Ауданымыз бірінші орынды жеңіп алды PDF Печать E-mail

Биыл көктемнен бастап Шымкент қаласындағы «Шәмші әлемінде» өткен «Тәуелсіздік - мерейім!» фестивалі мәреге жетті. Жақында оның қорытындысы шығарылып, біздің Мақтарал ауданының өнерпаздары жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Салтанатты жиында облыс әкімі А.Мырзахметов бірінші жүлдесіне тігілген су жаңа «Жигули» автокөлігінің кілтін және құжаттарын аудан әкімі С.Тұрбеков пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Тілесовке арнайы тапсырды.
Фестивальде біздің аудан өнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсеткен болатын. Атап айтқанда, біздің өнерлі жастарымыз байқау ережесінде көрсетілген барлық жанрды түгел қамтып, төрт аяғын тең басқан жүйріктігін танытып, діттеген жерден шықты.

Жалғасы...
 
Құрметті аудан тұрғындары ! PDF Печать E-mail

Баршаңызды бәрінен де қымбат ұлы мереке – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Биылғы тарихи мерекелі жыл ел тарихында айшықты алтын әріптермен жазылып қалады.
Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде байтақ еліміз – Қазақстан жер жүзіне жетістіктерімен танымал болды. Ел тарихы аясында ауданымыздың да асқан асулары аз емес.
Атап айтар болсақ, Тәуелсіздік жылдары ішінде Мақтарал ауданы тұрғындары үшін Елбасы тапсырмасымен «Тәуелсіздік» көпірі, мемлекеттік мақта зауыты, Шардара су қоймасынан тартылған насосты канал секілді ірі жобалар қомақты қаржыға салынып, ел игілігіне қызмет етуде.
Айта берсек, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз баршылық. Елбасы Жолдауында айтылған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша денсаулық саласында 21 нысан, білім саласында 18 мектеп құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Жалғасы...
 
Жаңа үйдің кілтін тапсырды PDF Печать E-mail

Республика бойынша халқы көп әрі тығыз орналасқан ауданымызда тұрғын үй мәселесі көпшілікті толғандырып келе жатқан түйткілді жәйттің бірі. 2011 жылы тиісті құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынып, тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатары 160-қа жеткен. Олардың арасында көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және апатты жағдайдағы ескі үйде амалдап тұрып жатқандары да аз емес. Ауданда 1928-1960 жылдары салынған барак үйлер де бар. Карказ, саман және қам қыштан салынған осындай 511 тозығы жеткен пәтерлерде қысылып-қымтырылып 1813 отбасы тұрады.

Жалғасы...
 
Әкім спортшыны қабылдады PDF Печать E-mail

Өткен аптада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай аудан әкімі С.Тұрбеков еліміздің намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген жергілікті спортшыларды қабылдады. Соның бірі – Эльмира Әжібек Бақытқызы. Ол Жетісай қаласындағы М.Горький атындағы гимназия мектебінің 7 сынып оқушысы. Бапкері Ли Иванович екеуі Киев қаласында өткен әлем кубогі жарысына қатысып қайтты.
Балғын спортшы карэта-до шотакан бойынша 2 бағдарламада өнер көрсетті. Екеуінде де күміс медальды жеңіп алды. 30 мемлекеттен келген спортшылар арасында суырылып шығып, финалдық ойынға қатысу, әрине үлкен абырой әрі бақыт.

Жалғасы...
 
Жаңа медпункттер есік ашты PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аудан өңірлерінде құрылысы аяқталған денсаулық сақтау нысандарының салтанатты ашылу рәсімдері өткізілді. Қазірге дейін 7 емдеу орны есігін айқара ашты.
Атап айтқанда, Жаңа жол ауылдық округі Арайлы елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт, Иіржар ауылдық округі «Азамат» елді мекені мен Нұрлыбаев ауылдық округі Мырзатөбе ауылындағы медициналық пункт, Қазыбек би ауылдық округі Құрбан ата елді мекеніндегі медициналық пункт, Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылындағы медициналық пункт, Мәдениет елді мекеніндегі медициналық пункт және Ж.Ералиев ауылдық округі С.Сейфулин атындағы ауылдағы медициналық пункттің лентасы қиылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сырқаттарды қабылдайтын, егу және басқа арнайы бөлмелері бар ғимараттар осы заман талаптарына сай жабдықталған.

Жалғасы...
 
Қырманымыз берекелі PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Мақтарал ауданында 210000 тонна мақта шикізаты дайындалды. Бұл берілген тапсырманың 102 пайызын құрайды. Алынған өнім былтырғы көлемнен 57500 тоннаға өсті. Бұл қолжеткен табыстар Елбасының мақта саласына үлкен көңіл бөлуінің арқасы деп білеміз. Өйткені, осы салада бәсекелестікті дамыту үшін мемлекеттік мақта зауыты құрылып, тұқымдық шит дайындайтын өндіріс іске қосылды. Ерекше атап өтетін жағдай – биыл ағын су тапшылығы ерекше сезілген уақытта Шардара су қоймасынан су сорғыштар арқылы қосымша 30,0 мың гектар мақталық алқап ағын сумен қамтамасыз етілді.

Жалғасы...
 
Ауданның экспорттық потанциалы КӨКӨНІС ЛЕГІ PDF Печать E-mail

Бірер жыл бұрын Мақтаарал сыртқа негізінен мақта талшығын шығаратын. Бері келе бұл экспорттық потенциалды бақша өнімдері толықтыра түсті. Енді міне ассортимент кеңейіп, аудан диқандары көп дақылдылықтың жемісін молынан көре бастады. Республиканың қиыр шығысы, көне Мауреннахрда орналасқан субтропикалық аймақ республиканың үлкен огородына да айнала бастады. Биылдан бастап мақтааралдық диқандар ерте жетілген көкөніс легін де қамтамасыз етуде. Әрине, бұл жағдай аудан базарларындағы көкөніс дақылдарының бағасын күрт түсіруге де ықпал етті.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 14 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!