«АБАЙ ГҮЛЗАРЫ» және СУБҰРҚАҚ PDF Печать E-mail

Көктемнің көркем мерекелерінің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамының қарсаңында, дәлірек айтсақ 30 сәуір күні Жетісай қаласында субұрқақтар (фонтандар) демалыс аллеясының ашылуына арналған іс-шара өтті.
Қаламызда атқарылып жатқан игі істердің ұйытқысы болған аудан әкімі Серік Ордабекұлы Тұрбеков жиналған көпшілік алдында құттықтау сөз сөйледі. Одан соң қала әкімі Жамантай Бейсенбаев фонтанның қосылу нүктесін басты.
Биылғы наурыз-сәуір айлары аралығында Жетісай қаласын көркейту шаралары аясында аудан бюджетінен 20 млн. теңге бөлініп, М.Әуезов пен Абай көшелерінің қиылысынан Абай гүлзары жасалып, жазғы уақытта ауаны салқындататын фонтан орнатылды. Дәл осы аллеяда мрамор тақталарға ауданымыздың Құрметті азаматтарының тізімі жаңаша үлгіде жазылып дайындалды. Сонымен бірге Жетісай қаласының белсенді кәсіпкерлерінің қолдауымен құны 6 млн. теңгені құраған Абай ескерткіші орнатылды. Енді Абай гүлзары қала жұртшылығы мен қонақтардың демалыс орнына айналды.

Жалғасы...
 
Аудан әкімі алғыс айтады PDF Печать E-mail

95820 гектарға шит себілді

Құрметті аудан диқандары!

Сіздерге шынайы алғысымды білдіре отырып, биылғы жылы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан барлық ішкі резервтер мен мүмкіншіліктерді пайдаланып, өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында межелеген 95782 га. мақталықтың орнына 2012 жылдың 30 сәуірінде 95820 га. жерге шит себіліп, меже толығымен орындалғанына рахметімді айтамын.
Бүгінгі таңда 10 сәуірде басталып, қысқа мерзімде егілген мақталық алқаптарының 80 пайызында қоза біртегіс көктеп, түп саны толық алынып отыр.
Ендігі біздің мақсатымыз алынған өскіндерді уақтылы баптап, мол өнім алуға бағытталған агротехникалық шараларды сапалы жүргізу. Мақта зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарын бүгінгі күннен бастап биотәсілге бағыттап, аудандағы биофабрикалар мен биолабораториялар ендірген энтомофагтарды (трихофамма, бракон, алтын көз) кеңінен қолдану қажет.

Жалғасы...
 
9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдық мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУ PDF Печать E-mail

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагер ағалары, жерлестер !
Сіздерді баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіске 67 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
1941-1945 жылдардағы 1418 күн мен түнге созылған соғыс 20 миллион адамның өмірін жалмады. Осы зұлмат соғысқа біздің елімізден 1 миллион 500 мың қазақстандықтар қатысты. Ал біздің ауданымыздан 12 мыңнан астам азамат соғысқа аттанған болса, 3932 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде көзі тірілері – 66 ардагер арамызда жүр. Соғыста жаумен аяусыз күрескен 12 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Екі мыңнан астам тыл ардагерлері де соғыс жылдарында еңбек майданында Жеңістің жақындауы үшін күндіз-түні аянбай еңбек етті.

Жалғасы...
 
Ауданда «Зорлық – зомбылықсыз үй» Республикалық акция өтуде PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасы ІІМ-гі 2012 жылғы 12 – 14 наурыз аралығында «Зорлық – зомбылықсыз үй» Республикалық акция өткізеді. Акцияның мақсаты: халық арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңды іске асыру барысында тұрмыстық зорлық – зомбылық туындаған кезде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жаңа профилактикалық нысандары туралы хабардар ету мен құқықтық түсіндіру, сондай-ақ оларды БАҚ арқылы ақпараттандыру болып табылады. Акция өткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдары атап айтсақ, Мақтарал АІІБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлері, Мақтарал ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, денсаулық сақтау органдары қызметкерлері, білім бөлімі мамандары, әлеуметтік қорғау қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар тартылуда. Мақтарал АІІБ бастығының орынбасарларымен 14.03.2012 жылы сағат 11-30 да «Сырдария» университетінің «Жастар сарайында» «Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын түсіндіру семинары өткізіледі, келемін деушілерге есік ашық.

 
Мәуліт аталып өтті PDF Печать E-mail
Ақпан айының 24–ші жұлдызы, қасиетті жұма күні Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің ұйытқы болуымен Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер үйінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) мәулітіне орай ұйымдастырылған «Ол адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы еді» атты рухани мерекелік кеш өтті. Аталмыш кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Әділхан Әбжанов, аудандық мәслихат депутаты, мекеме басшылары, мектеп директорларымен ауыл имам-молдалары, студент жастар және қала тұрғындары, жалпы 600 ден астам халық қатысты. Мерекелік кеш Алланың Кәләмі қасиетті Құран оқумен басталып, құттықтау сөздермен жалғасын тапты. Алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов жиналған қауымды қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтап бүгінгі
Жалғасы...
 
Жоғары өнім алушылар конкурсы PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданы тұрғындарының экономикалық жағдайы негізінен егістік жерден өндірілген ауыл шаруашылығы өнімнің көлемі мен нарықтағы бағасына байланысты. 2010 жылы ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі 32 млрд. 563 млн. 900 мың теңге болса, 2011 жылы - 44 млрд. 666 млн.
100 мың теңгені құрап, бір жылдың өзінде 12 млрд. 102 млн. 200 мың теңгеге артып отыр. Аудандағы 136,0 мың егістік жердің 70-75 пайызына жыл сайын мақта дақылы егіліп, қалған көлеміне бақша, көкөніс, күріш, мал азықтық дақылдар егілуде. 2011 жылы 101251,9 га. жерге егілген мақта дақылының орташа өнімділігі 21,4 ц/га құрады.
Бүгінгі таңда ауданда ауыл шаруашылық егістіктерін әртараптандыру және жер құнарлылығын көтеру бастапқы мақсат. Ал агротехникалық әдістерге инновациялар енгізіп, жаңа қуатты техникалардың арқасында мақта өнімділігін көтеруге толық мүмкіндік бар. Мысалы, былтырғы жылы 5031 га. мақталық жерден 262 шаруа 30 центнерден жоғары өнім алған. Оның ішінде 9 шаруа гектарынан
50 центнерден жоғары өнімге қол жеткізіп отыр.

Жалғасы...
 
Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен құттықтау PDF Печать E-mail

Құрметті жерлестер !

Сіздердің баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Шуақты көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – асыл аналарымызға арналса, күллі мұсылман халықтарына жаңа жылдың бастауы саналатын «Наурыз» мерекесін де шат көңілмен қарсы аламыз.
Күні мен түні теңескен Наурыз – жаңару мен жасару айы. Наурыз –табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілік бүр жарған көктем мен еңбек тойы. Жаңа жылдың жаршысындай бұл күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп бекер айтпаса керек.
Ата дәстүрінде бұрын араздасқан ағайын дос жаранның өзі қасиетті той үстінде татуласып, бірін-бірі дәмге шақырып өкпе назды ескі жылға еншілетіп, жаңа жылдың табалдырығын жарқын жүз, жақсы тілекпен аттаған. Ал, ел ағалары, ауыл ақсақалдары халықты ауызбірлікке шақырып, ынтымақ аясында өткен еңбектің ырысы мол болатынын еске түсіріп отырған.

Жалғасы...
 
Имамдар соңғы қабылданған дін туралы заңмен танысты PDF Печать E-mail

Үстіміздегі жылдың 26 қаңтар айында аудан әкімшілігінің мәжіліс залында 2011 жылдың 13- қазан күні өзгерістермен толықтырулар енгізіліп қайта қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңға қатысты түсіндіру жұмыстарына арналған үлкен жиын болып өтті. Аудандық және қалалық әкімшілік қызметкерлерімен Іщкі істер, Әділет, Білім басқармаларының аудандық бөлімшелері, өзгеде бөлім қызметкерлерінің қатысуымен өткен бұл жиынға ауданға қарасты барлық мешіттердің имам-молдалары қатысты. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш ашып жүргізіп отырды. Мінберден алғаш болып сөз алған ОҚО Дін істері департаменті директорының міндетін атқарушы Нұрбаев Досымжан еліміздегі және оңтүстік өңірдегі діни ахуалға қысқаша тоқталып,

Жалғасы...
 
Колледж студенттерімен кездесу өтті PDF Печать E-mail
16.02.2012 11:32

Кеше «Ғани Мұратбаев» атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында колледж студенттерімен «Діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Есенбеков, аудан имамының орынбасары А. Нұрматов және ұлттық қәуіпсіздік комитетімен ішкі істер басқармасының аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық БАҚ өкілдеріде қатысты. Кездесуді аталмыш оқу орнының тәрбие ісі бойынша меңгерушісі Н. Жетібаева ашып жүргізіп отырды. Алғаш болып сөзге шыққан аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш, діни экстремизмнің алдын алуға байланысты ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстармен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы кеңінен айтып өтті. Содан соң аудан имамының орынбасары Нұрматов Абдурахман сөз алып,

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 29 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!